Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 1:56
      Қоғам 27.03.2017, 16:10 0 пікір 635 просмотров

      Атырауда «Kids University» ашылды

      Бүгін, 27 наурызда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Балалар Университетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.


      Өз жұмысын бастаған Kids University – Балалар Университеті Атырауда ғана емес, Қазақстан бойынша алғашқы бірегей жоба болып табылады. Kids University алғаш рет Германияда 2002 жылы ашылған және бүгінгі таңда әлем бойынша 150 Балалар Университеті жұмыс жасайды.

      Балалар Университетінің идеясы – жас өрендерді өздерінің барлық ішкі мүмкіндіктерін ашып, оны нәтижелі жүзеге асыруға ұмтылдыру, қазіргі заманға сай креативті, тілдерді меңгерген, түрлі топтарда тіл табыса жұмыс жасау, ақпараттық компьютерлік технологияларды қолдана білу, жаңа дизайндық үлгілер құру дағдыларын қалыптастыру. 

      Балалар Университеті жобасының мақсаты – балалардың, мектеп оқушыларының жалпы білім беретін мектептер бағдарламасының аясынан шығып, халықаралық білім кеңістігіне енуіне жағдай жасау, қарапайым және қызықты тілде жастарды ғылымға баулу.

      Kids University бағдарламасы аясында балаларға нағыз зерттеуші ғалымдар дәріс беріп, өз саласы бойынша кішкентай білімпаздардың «неге?» деген сұрақтарына жауап беретін болады. Балалар Университетінің өзге оқу бағдарламалардан ерекшелігі – бұндағы мақсат балаларды оқыту емес, олардың ғылым мен техникаға қатысты түрлі сауалдарына пәндік салалар бойынша қызықты дәрістер өткізу.

      Ашылу рәсімінде сөз алған университеттің Бірінші проректоры-стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Айгерім Шилібекова Kids University жобасына қатысушыларға сәттілік тілеп, пилоттық жобаның мақсатымен таныстырып өтті.

      Атырау қаласы мектеп оқушыларының көктемгі каникулы кезінде жұмысын бастаған Kids University жобасына 5-11 сынып оқушылары қабылданған. Жобаның алғашқы қатысушылары қатарында Атырау университеті профессор-оқытушыларының балалары бар.

      Балалар Университетінің студенттері-мектеп оқушылары қазіргі каникулдағы бос уақытында өздерін шынайы университеттік ғылыми ортада сезініп, қаламызға танымал ғалымдардан түрлі пәндерден дәріс алады.

      Балалар Университетінің бірінші құрамына 5-11 сынып аралығындағы 52 оқушы қатысады. Олар 27-31 наурыз аралығында математика, информатика, экология, ағылшын тілі, тарих  пәндерінен қызықты дәрістерге қатысып, көркемсурет студиясында жұмыс жасайды.

      Бір атап өтерлегі, Балалар Университетінің ресми ашылу салтанаты кезінде білім алушыларға арнайы студенттік билеттер табысталды. Сондай-ақ, Балалар университетінің ректоры болып Орынгүл Әбілова мен проректоры болып Асылжан Досмағамбетованың тағайындалғандығын  атап өтеміз. 


      Арай НҰҒЫМАНОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _      ___     _    _      ___     __   __  
      | || | ||   / _ \\  | |  | ||   / _ \\   \ \\/ // 
      | || | ||  / //\ \\ | |/\| ||  / //\ \\   \   //  
      | \\_/ || |  ___  |||  /\  || |  ___  ||  / . \\  
       \____//  |_||  |_|||_// \_|| |_||  |_|| /_//\_\\ 
        `---`   `-`   `-` `-`   `-` `-`   `-`  `-`  --` 
                                                        
      
       
      Наверх