Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 5:59
      Аймақ 27.03.2017, 18:22 0 пікір 694 просмотров

      Армысың - Әз Наурыз!

        Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесін Алаш жұртымен бірге Махамбет ауданына қарасты Ортақшыл ауылының тұрғындары да ерекше тойлап өтті. Мерекеге арнайы дайындалған ауыл тұрғындары мен ауыл жастары мереке қарсаңында Наурыз мерекесіне арналған киіз үйлермен алтыбақан орнатты.


      Ауыл үлкендері бас болып жастарға білген ақпараттарын айтып жатса, ауыл жастары үлкендердің қолдауымен мерекеге дайындықты бастап кетті.
          "Есбол" ауылдық округ әкімішілігі, мәдениет үйі, мектеп ұжымымен қоса ауыл жастары мен мектеп бітіріп кеткен түлектердің де ұйымшылдықпен бірігіп атсалысуының арқасында Қосарал орта мектебінің алдына құрылған қос киіз үйде қазан асылып, мектеп жанында құрылған алтыбақанда тербелген жастардың сыңғырлаған күлкісімен ауыл іші әдемі мамыражай қазақ аулына айналды.
          Мерекелік шараның алғы сөзін ашқан аудан әкімінің орынбасары ауыл тұрғындарын мерекелерімен құттықтады. Ауыл әкімі және мектеп директоры да жиылған көпшілікке ақ тілектерін білдіріп, мерекелік шараны бастап кетті. Алдымен жиылған барша ауыл тұрғындарына "Наурыз көже мен бауырсақ" таратылды. Әжелеріміз ортаға шығып "Бар жамандық пен қасіреттен аулақ болып, алдағы күнді жақсылықпен қарсы алуға Тәу айтып, аластап"  шықты. Мерекеге арнайы дайындалған ауыл жастары мен мектеп оқушылары концерттік номерлерімен өз өнерлерін көрсетті. Бұл мерекеге айрықша дайындықпен келген мектеп ұжымы мен балабақша ұжымы да өз өнерлерін ортаға салды. Ауыл әжелері халық әндерін бірінен соң бірін тамылжыта шырқаса, домбырашылардың күмбірлеген күйлері, мектеп оқушыларының "Қаражорға" биі мен аққудай қалқыған қыздарымыздың билері ортаның сәнін келтіре түсті.
          Наурыз тойының көркін ашатын, жігіттердің намысын қайрайтын, күшті мен мықтыны саралайтын ұлттық ойындар байқауыда  ауыл тұрғындарын бір жігерлендіріп тастады. Бағдарламада - қазақша күрес, қол күресі, асық ату, кір тасын көтеру, кіші аяқ добы, арқан тарту ойындары жүргізілді. Күштерін сынап, жүлделі орындарға ие болған ауыл жастары алдын ала дайындалған заттай және ақшалай сыйлықтар мен марапаттарға ие болды.
          Күн мен түн теңеліп, жуанның жұқарып, жіңішкенің үзілер шағында Ұлы даланы оятып, табиғатты жаңартып, елімізге, әр отбасыға қуанышын, несібесі мен берекесін, ырысы мен бар жақсылығын ала келген Әз-Наурыз құтты болсын!


       Арайлым Нарешова Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік      университетінің медиа-қызмет маманы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  __   __   __    _____     _____    _    _   
       | |/ //  \ \\/ //  /  ___||  |  ___|| | |  | || 
       | ' //    \ ` //  | // __    | ||__   | |/\| || 
       | . \\     | ||   | \\_\ ||  | ||__   |  /\  || 
       |_|\_\\    |_||    \____//   |_____|| |_// \_|| 
       `-` --`    `-`'     `---`    `-----`  `-`   `-` 
                                                       
      
       
      Наверх