Новости Атырау - Мунайлы Астана

    21 октябрь 2017, 1:54
      Қоғам 27.03.2017, 18:43 0 пікір 502 просмотров

      Биылғы ҰБТ бойынша экзаменге берілетін уақыт ұзарды

      ҰБТ-дің 2017 жылы өзгерген жаңа форматы және онда қарастырылған жеңілдіктер жайында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде болған конференцияда толығырақ айтылды.


      «Ұлттық тестілеу орталығының» директоры Рамазан Әлімқұловтың айтуынша, биылғы тестке дайындалу мақсатында шығарылған оқу-әдістемелік құралдар туралы тест орталығының сайтынан тегін танысуға мүмкіндік бар. Ал, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша келетін сұрақтардың 30 пайызы сайтқа алдын-ала жарияланатын болады.   

      ҰБТ-нің жаңа форматындағы оқушылар үшін бес жеңілдік:

      Бірінші жеңілдік – қорытынды аттестаттау. Яғни, барлық бітірушілер өз мектептерінен аттестат алу үшін тест тапсырады. Содан кейін оқушылардың өздері қызығушылық танытса, ЖОО-на, грантқа түсем десе өз қалауымен ҰБТ тапсырады. 

      Екінші жеңілдік- тестілеудегі сұрақтар бойынша. Бұрын ҰБТ-де 125 сұрақ болса, жаңа форматта бес пәннен 120 сұрақ болады. Сонымен қатар, тест тапсырушы кейбір бірнеше жауап нұсқалары бар тесттің барлық дұрыс жауаптарын белгілей алса, 140 балл жинауына мүмкіншілігі бар.  

      Үшінші жеңілдік- колледж бітірушілердің жаңа әдістемесі. Егер колледж бітіргендер ЖОО-на түскен жағдайда өзінің туысқан мамандығын таңдаса, ҰБТ-де 60 сұраққа жауап береді. Бұл жеңілдік талапкер колледжді, «педагогика» мамандығымен тәмамдап, ЖОО-на түсерде педагогика мамандығын таңдаса ғана көрсетіледі. Ал «қазақ тілі» мамандығын бітіріп ЖОО-на заңгер мамандығына түскісі келсе, онда 120 сұраққа жауап беруге тура келеді. 

      Төртінші жеңілдік- былтырдан бастап мектеп бітірген соң ҰБТ тапсыра алмай қалған оқушыларға тамыз айында қайта тапсыруға екінші мүмкіндік берілді. Егер оқушы тамыз айында тапсырған тестіден де құлап қалса, шартты келісім бойынша қаңтар айына дейін оқу ақысын төлеп ЖОО-да оқуын бастай беруіне болады. Кейін, бірінші курсының екінші жарты жылдығында қайтадан үшінші рет ҰБТ тапсыруға мүмкіндік беріледі.

      - Үшінші рет тапсыра алмай қалсақ, қайтеміз деп сұрайтындар бар. Қазір ЖОО кредиттік жүйемен оқытады. Талапкер келесі оқуға түссе немесе басқа жерде оқуын жалғастырған жағдайда төлеген ақшасы кредиттік жүйе бойынша саналады. Яғни, төлеген ақшалары босқа кетпейді. Сондай-ақ, ҰБТ-ге бұрын 3 сағат 30 минут берілсе, биылғы жылы тағы 20 минут артық уақыт берілді. Уақытын одан да ұзартып, жеңілдіктерді көбейте берсек, тестінің мәні кетеді, - дейді «Ұлттық тестілеу орталығының» директоры Рамазан Әлімқұлов.

      Жиын барысында Рамазан Әлімқұлов пен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Абзал Талтенов ҰБТ байқау сынағына дайындалған кітапшаларды батыс өңірі бойынша шығарып тарату туралы екі жақты меморандумға қол қойды. Қазір Атырау университетінің қолдауымен 52 мыңнан астам сынақ кітапшасы басып шығарылған. Олар бірінші кезекте ауылдық елді-мекендерге жеткізілмекші.


      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА   

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                   ___      ______   _    _    _    _   
        ____      / _ \\   /_   _// | || | || | |  | || 
       |    \\   | / \ ||    | ||   | || | || | |/\| || 
       | [] ||   | \_/ ||   _| ||   | \\_/ || |  /\  || 
       |  __//    \___//   /__//     \____//  |_// \_|| 
       |_|`-`     `---`    `--`       `---`   `-`   `-` 
       `-`                                              
      
       
      Наверх