Новости Атырау - Мунайлы Астана

    21 октябрь 2017, 10:46
      Аймақ 29.03.2017, 11:44 0 пікір 289 просмотров

      Дайын құжаттарды үйге жеткізіп беретін болды

      «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Қазпошта» АҚ-мен бірлесіп дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін іске қосты. Бұл туралы корпорацияның  баспасөз қызметі хабарлап отыр. Яғни, енді қазақстандықтардың дайын құжаттарды алуға ХҚКО-ға барудың қажеті болмай қалды. Кез келген көрсетілген орынға курьер жеткізіп беретін болады.


      Мамандардың айтуынша, бұл сервисті пайдалану үшін клиент қызмет алуға қажетті толық құжаттар пакетін ХҚКО инспекторына өткізеді және дайын құжаттарды жеткізіп беру жөніндегі өтінімді толтыру үшін ХҚКО ғимаратында орналасқан «Қазпошта» АҚ қызметкерлеріне жүгінеді. Құжаттарды жеткізіп беру қызметі жеке және заңды тұлғаларға коммерциялық негізде көрсетіледі. Үйге жеткізіп беру бағасы қызмет көрсетілетін аймаққа және соңғы жеткізілім мекенжайына байланысты болмақ. Жеткізілім жайлы ақпаратты берілген трек-нөмірі бойынша post.kz. сайтынан қадағалап отыруға болады. Қызметтің ең төменгі құны – 500 теңге. Қызмет алушы жеткізілім төлемін дайын құжаттарды алғаннан кейін жүргізеді. Ал, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жаңа қызмет  ХҚКО-ға келуге уақыты тапшы жандарға арналған. «Қазіргі уақытта қызметтерді автоматтандыру жұмыстары белсенді түрде жүріп жатыр. Көптеген қазақстандықтар қызметті электрондық үкімет порталының көмегі арқылы үйден шықпай-ақ алады. Алайда, ХҚКО-ға келмей рәсімдеуге болмайтын қызмет түрлері де бар. Соңғы уақытта қызметті үйде отырып алуға өтініш білдірген азаматтардың қатарының өсуіне байланысты, біздің қызмет алушыларымызға ыңғайлы болу үшін осы сервисті іске қосуды шештік» - деді ол.
      Бүгінде «Азаматттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға ыңғайлы болатын барлық жағдайларды жасап жатқанын айтып өткен жөн. Мысалы, ХҚКО-ларда күту және рәсімдеу уақыттарын қысқарту, электрондық кезектің, бейнекамераның жұмыс істеуі, сондай-ақ ХҚКО-лардан  қызметті алуда жайлылық жағдайларының жаңа мүмкіндіктері қарастырылуда. Сонымен қатар, мемлекеттік корпорация алдағы уақытта интернет, телефон, ұялы байланыс және  арналар арқылы тағы да бірнеше сервистер мен жобаларды енгізуді жоспарлап отыр.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _    _    _              __   __            
      | || | || | || | ||     ___    \ \\/ //     ___   
      | || | || | || | ||    /   ||   \ ` //     /   || 
      | \\_/ || | \\_/ ||   | [] ||    | ||     | [] || 
       \____//   \____//     \__ ||    |_||      \__ || 
        `---`     `---`       -|_||    `-`'       -|_|| 
                               `-`                 `-`  
      
       
      Наверх