Новости Атырау - Мунайлы Астана

    22 октябрь 2017, 4:57
      Қоғам 30.03.2017, 13:21 0 пікір 318 просмотров

      «Қазагродағы» не ұрлық?

       Еске сала кетейік, осы  жылғы 27 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатының барысында «ҚазАгро» ұлттық холдингінің еншілес компанияларының бірі – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-да айқындалған қаржы бұзушылықтары туралы айтылған болатын. Осыған байланысты, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі компанияның филиалындағы ұрлық фактілеріне қатысты қосымша түсінік берді.


      Ұлттық холдингтің баспасөз қызметі жіберген хабарламада Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорында проблемалық қарыздар бойынша берешектерін өндіріп алу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілетіні айтылады. Осы іс-шаралар шеңберінде 2015 жылы Қормен оның Шығыс-Қазақстандағы филиалында бірқатар несиелер алдамшылық схемасын пайдаланып, атап айтқанда қарыздарды жалған адамдардың атына рәсімдеу арқылы алынғаны айқындалған екен. Бұл заң бұзушылық бойынша Қордың Шығыс-Қазақстандағы филиалымен құқық қорғау органдарына 2014-2015 жылдары заңсыз жолмен 31 қарыз алушының негізгі борышы 132,5 млн.теңге сомасындағы несие алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы материалдар жіберілген. Нәтижесінде жалпы сомасы 101,8 млн.теңгеге 22 несие бойынша қылмыстық іс қозғалып, оның 4-уі бойынша 17,1 млн.теңгенің несиесі өтеліпті. Ал, 1 материал азаматтық тәртіпте қарастырылу үстінде болса, 7 млн.теңге сомасына 8 несие бойынша материалдар құқық қорғау органдарына қайтадан жіберілген. 2015 жылы заң бұзушылыққа жол бергені үшін филиалдың директорымен еңбек шарты бұзылып, 2017 жылғы ақпанда өткен сот үкімімен алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істің бірқатар фигуранттарын бас бостандықтан айырумен байланысты түрлі жазалау шаралары қолданылды.
      -2007-2016 жылдар аралығында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Шығыс-Қазақстандағы филиалымен 9,3 млрд.теңге сомасына 5,5 мыңнан астам қарыз берілгенін атап өту қажет. 2017 жылғы қаңтар айының басындағы жағдайда филиалдың несие қоржынында 644 проблемалық қарыз бар, негізгі борышының жалпы сомасы 1,3 млрд.теңге. Аталған қарыздар бойынша қайтару жөніндегі сотқа дейінгі және сот жұмыстары жүргізілуде. Несие қоржынын жабатын өтімді кепілдік мүлкі бар. 2016 жылдың ішінде ғана Шығыс-Қазақстандағы филиалда 266,7 млн.теңге сомасына несие қаражаты қайтарылды, - делінген хабарламада.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                  ______   _    _     _____     ____    
        ____     /_   _// | || | ||  |  ___||  |  _ \\  
       |    \\    -| ||-  | || | ||  | ||__    | |_| || 
       | [] ||    _| ||_  | \\_/ ||  | ||__    | .  //  
       |  __//   /_____//  \____//   |_____||  |_|\_\\  
       |_|`-`    `-----`    `---`    `-----`   `-` --`  
       `-`                                              
      
       
      Наверх