Новости Атырау - Мунайлы Астана

    18 октябрь 2017, 11:48
      Аймақ 31.03.2017, 16:38 0 пікір 343 просмотров

      Биыл Атырау облысында 333 шақырым жол жөнделеді

      Биыл Атырау облысында 333 шақырым асфальт төселіп, жөндеу жоспарланған.


      Аталған көрсеткіш былтырғыдан екі есеге жуық көп. Бұл туралы бүгін өткен облыстық Қоғамдық кеңеспен кеңейтілген мәжіліс кезінде белгілі болды. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев төрағалық еткен отырыста Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қайрат Нұртаев бұл мақсатта республикалық және облыстық бюджеттен болжамды құны 31,5миллиард теңге бөлу жоспарланып отырғанын баяндады. Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл 333 шақырымның ішіне қалалық маңыздағы 250 шақырым жол және облыстық, аудандық маңыздағы жолдар мен көпірлер бар. Айта кетелік, Атыраудағы облыстық және аудандық деңгейдегі 2000 шақырым жолдың 49 пайызы жақсы және қанағаттанарлық күйде. Биыл бұл көрсеткішті арттырып, 51 пайыздан асыру жоспарланған.


      МА

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____    _    _    _    _    _    _     _____   
       |__  //  | || | || | || | || | || | ||  / ____|| 
         / //   | || | || | || | || | || | || / //---`' 
        / //__  | \\_/ || | \\_/ || | \\_/ || \ \\___   
       /_____||  \____//   \____//   \____//   \_____|| 
       `-----`    `---`     `---`     `---`     `----`  
                                                        
      
       
      Наверх