Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 11:28
      Аймақ 03.04.2017, 16:30 0 пікір 636 просмотров

      Атырау облысында броконьерлерден 3 тәулікте 35 тонна балық тәркіленді

      Оңай олжаға құныққандарды заңсыз аулаған балықтарымен бірге облыстық ішкі істер департаментінің инспекторлары «БЕКІРЕ- 2017» кең ауқымды балық қорғау акциясы нәтижесінде, операцияның алғашқы күндерінде- ақ құрыққа түсірген.


      Құқық қорғау органдарының сөзінше, күні бүгін көп мөлшерде заңсыз балық аулаған кооперативке қатысты бірден 8 қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ, әуежай, теміржол вокзалы және облыс орталығына кіріп- шығатын автокөлік жолдары қатаң бақылауға алыныпты.

      -       1-ші сәуірден бастап ішкі істер департаменті қызметкерлері күшейтілген режимге көшірілген болатын. Осы балық қорғау жұмысын жүргізу нәтижесінде ІІД Балық қорына қылмыстық қол сұғушылық әрекеттерге қарсы күрес бөлімі Атырау облысы көлемінде 35 тоннадан артық балық өнімдерін тәркіледі. Мұның көп мөлшері Атырау облысы Құрманғазы ауданында орналасқан «Ақсу-Қиғаш» өндірістік кооперативіне тиесілі балық өнімдері,- дейді ІІД су полициясы бөлімінің басшысы Серік ЖАНҰЗАҚОВ.

      Айта кетейік, қазіргі уақытта Каспий теңізі, Жайық және Қиғаш өзендері мен аймақтағы барлық су қоймаларында осындай көшпелі рейдтер өтуде.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __   _    _     _  _    __   __   _    _   
       \ \\/ // | || | ||  | \| ||  \ \\/ // | \  / || 
        \   //  | || | ||  |  ' ||   \ ` //  |  \/  || 
        / . \\  | \\_/ ||  | .  ||    | ||   | .  . || 
       /_//\_\\  \____//   |_|\_||    |_||   |_|\/|_|| 
       `-`  --`   `---`    `-` -`     `-`'   `-`  `-`  
                                                       
      
       
      Наверх