Новости Атырау - Мунайлы Астана

    11 декабрь 2017, 8:19
      Қоғам 03.04.2017, 17:16 0 пікір 439 просмотров

      Жайық- Каспий бассейнінен салмағы 160 келі бекіре тұқымдас қорытпа балығының аналығы ауға түсті

      Сондай- ақ, ұзындығы 2 метр 30 сантиметр болатын бекіре тұқымдас алып балық биылғы ғылыми- селекциялық бағыттағы балық аулау маусымы кезіндегі алғашқы ірі олжа, дейді атыраулық балық шаруашылығы саласындағы мамандар.


      Ауға түскен, ендігі жерде Атырау бекіре шабақтарын өсіру зауытының арнайы тоғанында бағылатын балықтан мамыр айында тұқым алынатын болады. Яғни, су маржанының денсаулығы жіті күтімде болады.

      -       Өздеріңіз білесіздер, көптен бері қорытпа балығымыз болған жоқ. Сондықтан, бұл біздің зауыттың бірнеше уақыт күткен ірі олжасы. Сол себепті де, балық аулау маусымы жақсы басталып жатыр деп есептейміз. Қазіргі уақытта, ауға түскен бекіре тұқымдас қорытпа балығының аналығын кең тоғанға жібердік. Зауытта осы қорытпа балығының аталығы бар. Енді осы екеуінен болашақта біз, жақсы шабақтар шығарамыз ба деген жоспарымыз бар,- дейді Бекіре өсіру зауытының бас инженері Болат Мұхатжиев.

      Қазіргі таңда Атырау Бекіре өсіру зауытында бекіре тұқымдастарға жататын: қорытпа, бекіре, шоқыр, пілмай және сүйрік балықтары өсіріледі.  

      Жалпы, Атырау облысындағы екі зауытта жыл сайын 7 млн данаға жуық бекіре шабақтары қолдан өсіріліп, Жайық- Каспий бассейніне жіберілетін болса, мамандар «қолға түскен аналық балықтан 30 келіден астам уылдырық алуға болады» дегенді айтады.


       

      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

      Фото: Рахым ҚОЙЛЫБАЕВТЫКІ

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   _    _    _     _____     ______            
      | || | || | || | ||  /  ___||  /_   _//   ____    
      | '--' || | || | || | // __     -| ||-   |    \\  
      | .--. || | \\_/ || | \\_\ ||   _| ||_   | [] ||  
      |_|| |_||  \____//   \____//   /_____//  |  __//  
      `-`  `-`    `---`     `---`    `-----`   |_|`-`   
                                               `-`      
      
       
      Наверх