Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 октябрь 2017, 8:08
      Қоғам 05.04.2017, 16:58 0 пікір 344 просмотров

      Алаяқтарға топ болып қылмыс жасау «пайдалы» емес пе?

      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының мәліметіне сәйкес, соңғы уақытта алаяқтық облыс аудандарында көбейіп кеткен.


      Атап айтқанда, жыл басынан бері екі ай ішінде Жылыой ауданында алаяқтық қылмысы 24-ке, Индер ауданында 4-ке көбейген.Статистикалық деректер керісінше,алаяқтықтың Атырау қаласында - 23,4 пайызға, Қызылқоға ауданында - 75 пайызға азайғанын көрсеткен. Ал, Құрманғазы ауданында 1-ден 1-ге теңессе, басқа аудандарда өткен жылдың да,осы жылдың да сәйкес кезеңінде мұндай қылмыс тіркелмепті. Осы қылмысты зерттеу нәтижесінде облыс бойынша тіркелген алаяқтық қылмыстарының 50 пайызындабір алаяқтың бірнеше адамды алдап, сеніміне кіру арқылы бөтеннің мүлкін иемденгені анықталған. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы Еркебұлан Қошаханов:

      -Алаяқтық қылмыстары әртүрлі тәсілдермен, нақтырақ айтқанда «кезексіз жылдам пәтер алып беремін», «еңбекақысы жоғары жұмысқа орналастырамын», «жер немесе банктен несие алып беремін», «ғаламтор арқылы» және «оңай жолмен ақша табуға болатынын айтып» сенімге кіру арқылы жасалған.Қазіргі таңда, алаяқтық деректерінің басым көпшілігі ақшаға қатысты болып отыр. Жылжымайтын мүлік бағытындағы алаяқтық үлгілері де әр алуан. Оларға банктен тиімді баға бойынша кепілдегі мүлікті сатып алу, сатып алу-сату туралы жалған келісімшарттарға отыру, бірлескен бизнес ашуды желеу етіп, кредит алу үшін «құрбанның» пәтерін не үйін банкке кепілге қою секілді әрекеттер жатқызылады. Алаяқтардың негізгі мақсаты өзгенің мүлкін иеленуге бағытталғандықтан, азаматтардың алаяқтардың арбауына түспей қырағылық таныта білу маңызды, - дейді.Тағы бір мәлімет. Осы жылдың бастапқы екі айында тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың санаттарына сәйкес, облыста аса ауыр қылмыстар 50,0 пайызға артқан. Ал,  ауыр қылмыстар - 2,8 пайыз,ауырлығы орташа қылмыстар - 3,6 пайыз, онша ауыр емес қылмыстар -33,4 пайызға азайған.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _    __   __    ______    ______   __   __  
      | \  / ||  \ \\/ //  /_   _//  /_   _//  \ \\/ // 
      |  \/  ||   \ ` //     | ||     -| ||-    \   //  
      | .  . ||    | ||     _| ||     _| ||_    / . \\  
      |_|\/|_||    |_||    /__//     /_____//  /_//\_\\ 
      `-`  `-`     `-`'    `--`      `-----`   `-`  --` 
                                                        
      
       
      Наверх