Новости Атырау - Мунайлы Астана

    17 октябрь 2017, 11:34
      Экономика 05.04.2017, 17:05 0 пікір 437 просмотров

      Халық АҚШ долларын аз сатып алып жатыр

       ҚР Ұлттық банкі осы  жылғы ақпанда айырбастау пункттері арқылы республика халқының қолма-қол АҚШ долларын нетто-сатып алу көлемі тағы да төмендегенін хабарлады.


      Ресми дерек бойынша осы жылғы қаңтармен салыстырғанда талданып отырған айда  долларды сатып алу 4,3 пайызға төмендеп, 193,4 млн. АҚШ долларын құраған. Мамандар пікірінше, бұл 2016 жылғы шілдеден бергі ең төменгі көрсеткіш.  Жалпы,  биылғы жыл  басынан бері халықтың қолма-қол АҚШ долларын нетто-сатып алу көлемі 395,4 млн. АҚШ долларын құраған. Ал, Атырау облысындағы жағдай қандай? «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалының валюталық операцияларды бақылау бөлімінің басшысы Арайлым САРСИКЕНОВАНЫҢ айтуынша, республика көлемінде азайған көрсеткіш ақпан айында облыста да азайған. Яғни, тек ақпан айында айырбастау пункттері арқылы халықтың қолма-қол АҚШ долларын нетто-сатып алу көлемі (сатып алу - сату) алдыңғы аймен салыстырғанда 5,3 пайызға азайып, 15,9 млн. АҚШ долларын құраған. Ал, жалпы алғанда қаңтар-ақпанда Атырау облысының айырбастау пункттері арқылы халықтың қолма-қол АҚШ долларын нетто-сатып алу көлемі 32,6 млн. АҚШ долларын құраған. Бұл 2016 жылғы қаңтар-ақпаннан 7,5 пайызға көп.

      - Осы жылдың басынан облыс тұрғындары 47,1 млн. АҚШ долларын (2016 жыл деңгейінен 24 пайызға кем), 1 482,8 млн. ресей рублін (көлемі 27 пайызғаға артты), 3 млн. евро (74 пайызға өсті) сатып алды. Ал, қаңтар-ақпанда айырбастау пункттерімен тұрғындардан АҚШ долларын сатып алу көлемі 14,5 млн. - ды (2016 жыл деңгейімен салыстырғанда 54%-ға төмен), ресей рублі бойынша 258,3 млн. - ды (25%-ға артты), евро - 651,4 мың (25%-ға төмен) құрады, - дейді бөлім басшысы.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                 __   __  __    __   __   __    ______  
          ___    \ \\/ // \ \\ / //  \ \\/ //  /_____// 
         /   ||   \ ` //   \ \/ //    \ ` //   `____ `  
        | [] ||    | ||     \  //      | ||    /___//   
         \__ ||    |_||      \//       |_||    `__ `    
          -|_||    `-`'       `        `-`'    /_//     
           `-`                                 `-`      
      
       
      Наверх