Новости Атырау - Мунайлы Астана

    23 ноябрь 2017, 11:28
      Қоғам 07.04.2017, 16:31 0 пікір 498 просмотров

      Жоғары мектептер экономикаға қызмет етеді

       Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қа­зақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп ата­латын биылғы Жолдауының сыры да, си­паты да бөлек. Бұл жолдау республикамыздың эко­номикалық, әлеуметтік және рухани да­муы­ның үшінші жаңару кезеңіне арналған мін­деттері айқын да нақты көрініс тауып отыр. Елбасының биылғы Жолдауында  белгіленген міндеттердің талғамы кең, талабы биік. Президент Жолдауында Қазақстан халқының және билігінің алдындағы шешілуге тиісті мақсат-міндеттер, жоспарлар мен шараларды нақтылады.


      Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың биылғы Жолдауы - тәуелсіз Қазақстанның тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс - жоспарға құрылған шын мәніндегі ауқымды стратегиялық мәні бар  құжат. Осы стратегиялық құжатта Президентіміз мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти отырып, егемен елімізді дамытудың нақты жолдарын ұсынды. Бұл жолдағы негізгі басымдықтар мен олардың міндеттерін атап көрсетті. Әр басымдықтар - экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық,  адами капитал сапасын жақсарту, институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты салалары осы Жолдаудың ең салмақты тұстары екені сөзсіз.

      Президент жолдау басында еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өткенін, 2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болғанын және биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтетінін атап өтті.

       «Табысты өткен екі жаңғыру арқылы баға жетпес тәжірибе жинақтадық. Біз енді алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыруды бастауға тиіспіз. Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі», - деп атап өткен Президент «Бүгін мен Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отырмын. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет», - деп мәлімдеді.

      Елбасының атап өтуінше, әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Үшінші жаңғыру кезеңінің негізгі басымдылығы жеделдетілген технологиялық жаңғыртылу, экономиканы жаппай цифрландыру. «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», - деді Елбасы. Біздің заманымызды жаңа жағдайға бейімдеу керектігін атап өтті. Осы тұрғыда, коммуникацияның дамуы мен оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті де қамтамасыз ету керектігіне баса назар аударды. Президент  жоғары оқу орындары, Назарбаев Университеті және «Алатау» иннновациялық технологиялар паркі базасында өзіміздің ғылыми және инновациялық әлеуетімізді дамытуымыз керектігіне тоқталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке «ЭКСПО-2017» нысандарының бірінің базасында IT-стартаптар халықаралық технопаркін құруды жүктеді. Осыған орай, Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырды.

      Жолдауда адами капитал сапасын жақсарту оның ішінде білім саласына айырықша көңіл бөлінген. Жолдауда білім саласы туралы Президентіміз былай дейді: «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға,  ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет».

      Кәсіптік оқуды игеруге, кәсіби мамандық иелерін, жасампаз еңбек адамдарын, олардың еңбектегі, ғылымдағы, өнердегі жетістіктерін Тәуелсіздік әкелген жетістіктермен сабақтастыра насихаттауды тапсырды. Ол үшін кәсіптік стандарттар еңбек нарығының талаптарына және ең үздік әлемдік оқу-өндірістік тәжірибелерге сәйкес жаңартылуы қажеттігіне назар аударды.

      «Сонымен қатар, жоғары білім беру жүйесі сапасына ерекше назар аударылады. Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтілуі қажет», -  деді Елбасы.

      Осы орайда Атырау университетінде көлемді жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, 2017 жылғы 6-7 сәуірде оқу орнында «Қазіргі білім беру кеңістігіндегі физика-математика ғылымдарының ролі» тақырыбындағы V халықаралық ғылыми-теориялық конференция өз жұмысын бастайды. Ғылыми форумға шетелдік және отандық физика-математика ғылымдары саласындағы танымал ғалымдар қатысады. Халықаралық ғылыми жиында қазіргі кездегі физика-математика ғылымдарының іргелі және қолданбалы ғылымдарды дамытудағы орны, олардың жаңа технологияларды дамыту мен өндіріске енгізудегі маңызы, мектептерде физика-математика пәндерін оқытудың өзекті мәселелері де талқыға түсетін болады.

      Жолдауда атап өткендей, «Цифрлық Қазақстан» міндетін орындауда ақпараттық технология мамандарына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Бұл мақсатта IT-білімді дамыту және олардың сапасын жақсартуда оқу орнында айтарлықтай жетістіктер бар. Атырау университетінің информатика мамандығы студенттері соңғы жылдары бірнеше рет республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Өткен жылы біздің студенттеріміз Астана қаласында өткен сайыста бірінші орын алуына байланысты биыл олимпиада Атырауда өткелі отыр. Білім және ғылым министрлігінің  пәндік олимпиадаларды өткізу кестесіне сәйкес 2017 жылғы 6-7 сәуірде «5В011100-Информатика»  мамандығынан ІХ Республикалық   студенттік пән олимпиадасы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өтеді.

      Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың  «Бес институттық реформа» мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру терең біліктілікті, білімділікті, шеберлікті қажет етеді. Бұл болашақ үшін кез келген мамандықты толық, әрі кәсіби жоғары деңгейде игеру дегенді білдіреді. Білім мен ғылым көзін жетілдіруге бағыт бағдар береді. Ол үшін білім жүйесін инновациялық технологиялардың жетістіктерін енгізіп, білім алу мен оқытудың халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы зор. Президент Жолдауында үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша Үкіметке тиісті ұсыныстар беруді тапсырды.

      Бұл жолдау біздің дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатымызға жаңа серпін беретіні сөзсіз. Біздің басты құндылығымыз - тәуелсіздік, мұратымыз - Мәңгілік Ел болу. Ендеше, Елбасы жолдауын жүзеге асыруда әрбір қазақстандық болып атсалысуымыз қажет.


      Ғизатолла Имашев

      Педагогика ғылымдарының докторы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _     _____     ______   _    _    __   __  
      | |  | ||  |  ___||  /_____// | || | ||  \ \\/ // 
      | |/\| ||  | ||__    `____ `  | || | ||   \   //  
      |  /\  ||  | ||__    /___//   | \\_/ ||   / . \\  
      |_// \_||  |_____||  `__ `     \____//   /_//\_\\ 
      `-`   `-`  `-----`   /_//       `---`    `-`  --` 
                           `-`                          
      
       
      Наверх