Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 18:09
      Аймақ 10.04.2017, 15:26 0 пікір 373 просмотров

      КӨНЕ САРАЙШЫҚ ҚАЛАСЫНЫҢ ОРНЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

      Жыл санап арнасын өзгертіп келе жатқан асау Жайық 12-15-ғасырларда керемет қаланың бірі болған: Атырау облысы, Махамбет ауданы аумағында орналасқан Хан Ордалы Сарайшықтың орнын жұтып келеді. Десек те, осыған дейін ел ішінде жылдар бойы айтылып, жазылып, тіпті үкіметке мәселе қылып жолданып келгеннің нәтижесі осы шығар- күні бүгін мемлекет көмегіне сүйенген археологтар бұл шағын алаңды сақтап, кейінгі ұрпаққа тарихи мұра етіп қалдыруға жұмыстануда.


      Яғни, қазақтың көне астаналарының бірі- Хан Ордалы Сарайшық шаһарын қалпына келтіру жұмыстарына биыл жергілікті бюджеттен 1 млрд. 500 млн теңге бөлініп, жағаны бекіту жұмыстары басталып кетті.

      Жалпы, Сарайшықтың Ұлы Жібек жолында орналасуы шаһардың атын күллі әлемге әйгілеген. «Сол замандарда қалаға айына 700-ге дейін керуен келеді екен» деп жазады ағылшынның саяхатшысы. Сонымен қатар, 12-15 ғасырларда мұнда қолөнер мықтап дамыған. Тіпті, ақша шығаратын теңге сарайы да болған. Қазба кезінде табылған қыш құбырлар болса, заманында қала халқының құбырдан су ішкенін дәлелдейді. Сол себепті, тарихшылар: «Сарайшықтың гүлдену кезеңі 15-ғасырда қазақ хандығының орнауына тұспа-тұс келеді»- дегенді айтады. 

      «Хан Ордалы Сарайшық» мұражайының директоры МОЛДАШ БЕРДІМҰРАТОВТЫҢ айтуынша, Сарайшық қаласы Ұлы Жібек жолының бойында жатқан ең ірі қалалардың бірі болған. Ол, Қасымханның кезінде қазақтың астанасы болып, сол кезде қаланың ұзындығы- 10 шақырымға, ені- 8 шақырымға дейін созылған екен.

      Десе де, 3 ғасырдан астам салтанат құрған Сарайшық 1580 жылы сыртқы жаулардың кесірінен қирап, түгелге жуық жойылған. 1937 жылдан бастап, көне шаһар орнын зерттеу қолға алынған. Бірақ, әлі күнге аяқталған жоқ. Басты себеп-  Жайық өзенінің иініне салынған қаланың 4-тен 3 бөлігі су астында қалды. Ендігі шаруа - қалған аумақты сақтап, ашық аспан астындағы мұражай салу.

      -       Алдымен жағаны бекіту үшін темірбетоннан биіктігі 4 метр 10 см болатын қабырға тұрғызылады. Оның ұзындығы 1,5 шақырым болмақ. Бұл арадан көне қаланың орнын тамашалайтын демалыс орны ашылады,- дейді құрылыс алаңының басшысы Владимир МАРКЕЛОВ.

      Қазіргі уақытта құрылысшылар бетон құю жұмысын мамыр айының ортасына дейін аяқтауға жұмыстанып жатыр. Себебі, күні ертең өр суы көтерілетін болса, жыл санап жылжып келе жатқан Жайық өзені тағы да 6-8 метрлік көне қаланың орнын жоқ етуі әбден мүмкін.

      Осылайша, заманында монғол мен қазақтың 7 ханы патшалық құрған, батыс өңірде Ұлы Жібек жолының кіндік қалаларының бірі болған, мәдениет пен қолөнердің тал бесігіне айналған көне астананың екінші ғұмыры басталмақ. Жағалаудағы жұмыстар аяқталысымен, осы арада бұрынғы керуен сарайлар, мешіттер қалпына келтіріле бастайды. Бұл, әрине, мұнайлы өңірге туристерді тартудың бастамасы.

      Айта кетейік, қазірдің өзінде Сарайшықтың орнын тамашалауға жылына 800-ден астам адам келеді екен.  


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
      __    __    ______     _____     ___      ______  
      \ \\ / //  /_   _//   / ___//   / _ \\   /_____// 
       \ \/ //    -| ||-    \___ \\  / //\ \\  `____ `  
        \  //     _| ||_    /    // |  ___  || /___//   
         \//     /_____//  /____//  |_||  |_|| `__ `    
          `      `-----`  `-----`   `-`   `-`  /_//     
                                               `-`      
      
       
      Наверх