Новости Атырау - Мунайлы Астана

    18 октябрь 2017, 11:48
      Қоғам 10.04.2017, 18:46 0 пікір 1258 просмотров

      Ынтымақтың жерін қазу кімге, не үшін керек болды?

      Индер ауданындағы Есбол ауылдық округіне қарасты Ынтымақ (бұрынғы атауы Гребенщик) ауылының маңын кешелі бері белгісіз себеппен біреулер қазып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ауыл адамдарының мұндай көрініске көздері үйренген сыңайлы- олардың кімдер және қайдан келгендіктеріне аса мән беріп жатқандықтары байқалмайды. Алайда, бір қызығы сол- болып жатқан құбылыстан аудандағы атқамінер азаматтар мүлдем бейхабар болып шықты.


      Ауыл адамдарына өздерін «археологпыз» деп таныстырған әлгілердің әрекеті тілші ретінде менің қызығушылығымды арттырып, әріректеу жүрген екі бейтаныс ер адамдарға жақындап бардым. Жол бойы төңкерілген қара жер мен әр жерде төбешік болып жатқан жас топырақтар анық байқалып тұрды. Және мұндай көрініс әр жерде қайталанған.

      Республикалық басылымның тілшісі екенімді естіген екеу сұхбат беруден бас тартты. Өздерін таныстырғысы келмегеннің біреуі: «Бұл біздің хоббиымыз. Мынадай тиын- тебендер шығады, соларды жинаймыз» деп қалтасынан көне теңгелерді шығарып, көрсетті.

      Олармен әңгімелесіп тұрғанымызда, одан әріректе, жыңғылдар тасасынан шетелдік екі «jeep» маркалы көліктері анық көрініп тұрды. Алайда, ол жерге менің ілесіп баруыма әлгі адамдар қарсы болды. «Ашық жатқан дала ғой, оны қазуға рұқсаттың керегі не? Сіз де мынадай құрылғыны 250 мың теңгеге сатып алып, іздей беріңіз»- деп, қолындағы қазбаны зерттеуге арналған құрылғысын меңзеп, жымиыс білдірді де, қоштасып кете барды.

      Ауылға жақындап келгесін, әлгі бейтаныс адамдардың қасында болған осы ауылдың баласын әңгімеге тарттым.

      -       Спутниктен қарағанда қазынасы бар деп біздің ауыл түсіпті. «Ауылдың ішіне жақындап келейін десек, адамдары сөйлей ме деп кірмей жүрміз» деді маған,- дегенді айтты ауылдасым.

      Көп ұзамай осы ауылдың әкіміне телефон шалдым.

      -       Ауданнан келе жатып, әріректе екі адамның жүргенін көрдім. Бірақ, шаруа жасап жүрген ауыл адамдары шығар деп ойладым. Ертең аудан әкімдігімен хабарласып, қажет болса учаскелік полицейлерді жібертемін, көліктің нөмірлеріне дейін анықтаймын,- деді Ынтымақ мәдениет үйінің директоры Құмар ҚАЛИЕВ.

      Бұл жағдайдан ауданның әкімі де хабарсыз болып шықты.

      -       Маған бұл жөнінде ешкім ешнәрсе айтқан жоқ. Жалпы, аудан аумағы болғаннан кейін, даладан келген кез - келген адамның халықтың меншігіндегі жерді қазуына қандай құқығы бар?!. Олардың қандай мақсатта жүргенін кім білген? Тіпті, қандай жағдайда да аудан басшылығы барлық жағдайдан хабардар болып отыруы, яғни аудан әкімдігіне хабар берілуі тиіс. Бүгін менің орынбасарларым облыс орталығында мемлекеттік қызметшілерді тестілеуден өтуде. Келгеннен кейін бұл мәселені анық - қанығына дейін анықтауды орынбасарларыма және учаскелік полицейлерге де тапсырып, сізге қандайма бір ақпарат бергіземін,- деп уәдесін берді Индер ауданының әкімі Серік АРЫСТАН.

      Негізі, бала кезіміздегі біз естіген аңыздарға сүйенсек, Ынтымақ ауылының орнында ертеректе көпестер тұрған деседі. Ынтымақтың бұрынғы Гребенщик атауы да осында тұрған бір көпестің есімімен аталып кеткен дегенді де бала күнімізден естіп өстік. Одан бөлек, ақтар қашып, қызылдар қуған қым- қуыт заманда «алып кете алмаған алтындарын көпестер Жайық бойына көміпті- мыс» деген аңыз- әңгімелер бар. Осындайда келгіштеп кеткендер де сондай бір оңай олжаға кенелгісі келіп жүргендер ме дейсің? Десек те, жер- халықтыкі, сондықтан ондағының бәрі де мемлекетке тиесілі екенін ескерсек, кім көрінгеннің келіп, қара жерді төңкеріп кетуіне қақысы жоқ. Тіпті, археологиялық қазбалар табыла қалған күннің өзінде сол жергілікті жерінде тұруы тиіс. Осы жәйттерді біз құзыретті органдардың назарына қалдырдық...


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ,

      фотолар автордыкі 

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______   __   __               ___              
       /_   _//  \ \\/ //     ___     / _ \\    ____    
       `-| |,-    \ ` //     /   ||  | / \ ||  |    \\  
         | ||      | ||     | [] ||  | \_/ ||  | [] ||  
         |_||      |_||      \__ ||   \___//   |  __//  
         `-`'      `-`'       -|_||   `---`    |_|`-`   
                               `-`             `-`      
      
       
      Наверх