Новости Атырау - Мунайлы Астана

    22 октябрь 2017, 1:28
      Спорт 12.04.2017, 17:46 0 пікір 819 просмотров

      Үздік IT-студенттер анықталды

      Ағымдағы жылдың 6-7 сәуір күндері Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің пәндік олимпиадаларды базалық жоғары оқу орындарында өткізу кестесіне сәйкес мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындары арасындағы студенттердің ІХ республикалық олимпиадасы «5В011100-Информатика» мамандығы бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті базасында өткізілді.


      Олимпиаданың мақсаты – информатикадан студенттік олимпиаданы өткізу арқылы студенттердің кәсіби дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін және дайындығын тексеру болып табылады. Негізгі міндеттері – ақпараттық және компьютерлік технологиялар саласындағы ең үздік дайындығы бар, кәсіби білім мен дағдыларды меңгерген, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары және магистратурада оқуды жалғастыру мүмкіндігі бар студенттерді анықтау, студенттердің болашақ мамандығына қызығушылығын арттыру, студенттердің кәсіби білім мен дағдыларды таңдаған кәсіптік білім саласында қолдану деңгейін анықтау, өздік жұмыс және кәсіби ойлауды дамыту дағдыларын жетілдіру, болашақ маманның кәсіби дайындығын тексеру, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту, олимпиадаға қатысушылардың шығармашылық белсенділігін жандандыру, дамыту және ұжымда жұмыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру.
      Олимпиадаға еліміздегі 14 жоғары оқу орнының, атап айтқанда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының, М.O.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Ш.Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері қатысты. Үш студенттен тұрған әр командаға жоғары оқу орнының оқытушысы жетекшілік етті.
      Олимпиада әлемдік Халықаралық студенттік байқаудың ережесіне сәйкес өткізілді. Екі кезеңнен тұрған олимпиадада қатысушылар программалау пәнінен есептер шығару бойынша командалық және жекелей түрде сайысқа түсті.
      Әділқазылар алқасы барлық қатысушылардың жұмыс сәтін, олардың тапсырмаларды орындауын тікелей видеобақылау арқылы қадағалап отырды.
      Мұнайлы астанада Атырау университетінде өткен республикалық олимпиаданың нәтижесінде бірінші орынды – Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің, екінші орынды – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының, үшінші орынды – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің командалары жеңіп алды.
      Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті командалары үздіктер қатарынан табылды.
      Жеке сайыста үздік шыққан Ермек Жантілеуов ҚР Білім және ғылым министрлігінің І дәрежелі дипломымен, Ақниет Сарсенбек, Руслан Смаилов ІІ дәрежелі, Омар Жұмағалиев, Александр Поляков, Азат Сапарғалиев ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
      Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Информатика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Ғалия САЛТАНОВА Информатика мамандығы бойынша республикалық деңгейдегі олимпиада Атырау мемлекеттік университеті тарихында алғаш рет өткізіліп отырғандығын айтады.
      - Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті халыққа Жолдауында экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы мәселесіне ерекше басымдық береді. Бұл сайып келгенде, индустриялды жаңғыруда білікті жас мамандарды тәрбиелеуге мән беру қажеттігін көрсетеді.
      Сонымен қатар Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында: «Басты мақсат – даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру» туралы нақты міндеттер жүктейді.
      Университет базасында ұйымдастырған олимпиаданың мақсаты да студенттердің білімі мен кәсіби дағдыларын қалыптастыру екендігін атап өткім келеді.
      Олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген жоғары оқу орны студенттері зор дайындықпен келген. Білімі мен біліктілік деңгейлері жоғары. Байқау барысында жеңімпаз атанған Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің командасы ерекше көзге түсті. Олимпиаданың І дәрежелі дипломын алып, жеңіске жеткен аталмыш университеттің студенттеріне алдағы жылы олимпиаданы өткізу мәртебесі салтанатты түрде табысталды, - дейді Ғалия Айсақызы.
      Олимпиадаға алғаш рет қатысып отырмын және алғаш рет жеңімпаз
      атандым. Атырауға сапарым ерекше есте қалатын болды. Жалпы олимпиаданың өткізілуі, ұйымдастырылуы көңілден шықты. Байқау қиын әрі қызықты өтті, - дейді Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің студенті Ермек ЖАНТІЛЕУОВ.
      Атырау мемлекеттік университетінде өткізілген ІХ республикалық
      олимпиаданың ұйымдастырылуы жоғары деңгейде болды деген баға беремін. Байқаудың ұйымдастырылуына факультет студенттері, профессор-оқытушылар түгелдей жұмылдырылған. Күтіп алу, шығарып салу, қызмет көрсету керемет ұнады. Олимпиаданың қорытындысына сай жеңіске жеттік. Алдағы жылы Х кезекті республикалық олимпиадада Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде күтеміз, - дейді Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті доценті, команда жетекшісі  Тұрсынбай ТҰРЫМБЕТОВ.
      Екі күнге созылған білім додасы студенттердің білім деңгейін арттырып, кәсіби біліктіліктерін жетілдіруге бағытталған айтулы шара болды.


      Арайлым БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  __   _    _      _____   __   __   __   _   
       | |/ // | || | ||   / ___//  \ \\/ // | || | || 
       | ' //  | || | ||   \___ \\   \ ` //  | '--' || 
       | . \\  | \\_/ ||   /    //    | ||   | .--. || 
       |_|\_\\  \____//   /____//     |_||   |_|| |_|| 
       `-` --`   `---`   `-----`      `-`'   `-`  `-`  
                                                       
      
       
      Наверх