Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 октябрь 2017, 2:40
      Қоғам 13.04.2017, 12:46 0 пікір 313 просмотров

      Жас қызметкерге - жаңа қадам

      Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жұмада қалалық ішкі істер басқармасында облыс бойынша Ішкі істер органдарының жас қызметкерлері мен олардың тәлімгерлерінің слеті болып  өтті. 


      Слетке қатысушы жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлері  алдында ІІД музейінің негізін қалаушы, тарихшы Ерсайын Өміров «Ерлік шежіресі. Ішкі істер тарихы. Патриоттық тәрбие» тақырыбында баяндама жасаса, Атырау қаласы ішкі істер басқармасының  Ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Төрешов сөйлеп, жас қызметкерлерге сәттілік тіледі. Сондай-ақ, шарада «Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби этикасы» тақырыбында ішкі істер департаменті Кадр жұмысы басқармасы тәрбие жұмысы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Нұржан Шаеденов, «Жас қызметкерлердің кәсіби қалыптасуындағы тәлімгерліктің маңызы» жөнінде ІІБ КЖБ инспекторы полиция аға лейтенанты Арман Кубашев және жас қызметкер қатардағы полицей Нұрболат Панкереев сөз сөйледі. Слет барысында ІІД бастығының  бұйрығымен «Жас қызметкерлердің қызметтік ортаға бейімделулеріне, маман болып қалыптасуларына зор үлес қосқандары үшін қызметтік міндеттерін адал атқарған тәлімгерлер» грамоталармен марапатталып, слетке қатысушыларға, әсіресе  полиция қатарына жақында қабылданған жастарға ІІД музейіне экскурсия ұйымдастырылды.  Экскурсиядан  алған әсерлерімен бөліскен жас сақшылар тілек журналына естелік сөздерін  қалдырды. Шараға облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы полиция полковнигі Аян Дүйсембаев,  Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Сұлтан Молдашев,  Ішкі істер департаменті Кадр жұмысы басқармасы басшылығы, барлық аудандық Ішкі істер бөлімдері мен Атырау қаласы Ішкі істер басқармасы,  Ішкі істер департаментінің жас қызметкерлері мен олардың тәлімгерлері қатысты. Жиын соңында жас қызметкерлермен тәлімгерлер сала ардагерлерімен естелік суретке  түсті.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   _     _____     _  _    _    _    _____    
      | || | ||  |  ___||  | \| || | || | || |  __ \\  
      | '--' ||  | ||__    |  ' || | || | || | |  \ || 
      | .--. ||  | ||__    | .  || | \\_/ || | |__/ || 
      |_|| |_||  |_____||  |_|\_||  \____//  |_____//  
      `-`  `-`   `-----`   `-` -`    `---`    -----`   
                                                       
      
       
      Наверх