Новости Атырау - Мунайлы Астана

    18 октябрь 2017, 11:53
      Қоғам 13.04.2017, 17:28 0 пікір 332 просмотров

      Атыраудағы инновациялық білім беру әдісінің алғашқы адымдары

      Еліміздегі оқу орындарының көпшілігіне соңғы екі жылдан бері дуальды  оқыту жүйесі енгізілді. Жаңа бағдарлама арқылы студенттер оқу мерзімінің  50 пайызын өндіріс орталықтарында өткізіп жүр. Бұл әдіс болашақ маманның кәсіби біліктілігін арттырып, жұмысқа орналасуына да мүмкіндік береді.


         Жалпы, дуальды жүйенің негізі- болашақ жас маманды оқу орны мен өндірісте қатар оқыту. Сонымен қатар, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткішін жоғарылату. Дуальды жүйе бойынша білім алған колледж түлегі жұмыссыз қалмайды. Өйткені, теория мен тәжірибені ұштастыру нәтижесінде, студент оқу бағдарламасын жақсы меңгеріп қана қоймай, нағыз дайын маман болып, жұмыс берушілердің сұраныстарына, талаптарына сай кәсіптік- техникалық кадрлар даярлайтын болады. Дуальды оқыту әдісінің тағы бір ерекшелігі- еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға тек білім мекемелерінің ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші мекемелердің де жауапкершілігін арттырады.

         Оқытушылардың сөзінше, дуальды оқыту жүйесі барысында студент, өз мамандығын жетік меңгереді, практикалық білімін ертерек жетілдіреді, сонымен қатар қоғаммен тез тіл табысуға үйренеді, өз ортасында беделі жоғары болады және жауапкершілікке тәрбиеленеді. Жұмыс үрдісінде студент өз мамандығына жаңаша көзқараспен қарайды және өз мамандығын жаңылмай дұрыс таңдағанын түсінеді. Осылардан басқа болашақ маман өндірісте жұмыс істей жүріп, жұмыс өтілін жинайды, қосымша табыс табады және оқу орнын бітіргеннен кейін, жаңа заман талабына сай шарттарға байланысты яғни, еш қиындықсыз қызметке орналасады.

          Атырау мұнай және газ университеті еліміз бойынша дуальды оқыту жүйесін алғашқы болып енгізген жоғары оқу орындарының бірі. Мұнда өткен екі жылда 5 мамандық бойынша студенттер өндіріске жолдама алған болатын.  Биыл бұған тағы екі мамандықтың студенттері қосылады.

          Атырау мұнай- газ университеті, технологиялық машиналар мен жабдықтар бөлімінің 3 курс студенті Серікболсын БЕКЕШ, өндіріске үш ай бұрын келген тәлімгер. Ол қазір өзіне тиесілі автоматты қондырғының қыр-сырын әбден жетік меңгеріп алған. Босқа жүрген де жоқ- оқу, тәжірибе жинақтаумен қоса, әжептәуір жалақы да алып жүр.  

      -          Оқуда тек қана кітап арқылы көргенмен, қазіргі жұмысымда қолмен ұстап көріп, жұмыстың қандай болатынын көзбен көріп келеміз. Оның тағы бір пайдалы жағы- ертеңгі уақытта басқа да жұмыстарға кіргенде менің тәжірибем болады. Бұл маған әрі қарай оңай жұмыс істеп кетуіме мүмкіндік береді,- дейді ол.

           Алайда, бұл әдістің тиімділігі дәлелденгенімен, әлі күнге оқу орындары мен кәсіпорындар арасындағы байланыста  проблемалар бар көрінеді.    

      -          Дуальды оқыту жүйесін реттейтін құқықтық инфрақұрылым қажет. Әзірге оны оқытудың  ұлттық моделі жоқ. Тәлімгерлік институт та қалыптаспаған. Кәсіпорын басшылары студенттерге жетекшілік етуге әркімді тағайындай салады. Олардың арнайы лицензиясы болса дұрыс болар еді- дейді ол жөнінде Атырау мұнай және газ университетінің проректоры Айгүл МАЙДЫРОВА.

          Жалпы, дуальды білім беру жүйесі болашақ жас мамандар үшін де, жұмыс берушілер үшін де тиімді. Өйткені, кәсіпорын үшін қажет маманды таңдап алуына мүмкіндік бар. Ал өндірісте  тәжірибе жинап, кәсіпорын сынағынан сәтті өткен студент диплом алысымен жұмысқа қабылданады. Осындай тиімді жақтарына көз жеткізгендіктен, Атырауда жиырмаға жуық кәсіби білім беру ұйымы дуальды оқыту жүйесін енгізді. 


      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______    _____    _    _     ______    _____   
       /_____//  |  ___|| | \  / ||  /_   _//  / ____|| 
       `____ `   | ||__   |  \/  ||   -| ||-  / //---`' 
       /___//    | ||__   | .  . ||   _| ||_  \ \\___   
       `__ `     |_____|| |_|\/|_||  /_____//  \_____|| 
       /_//      `-----`  `-`  `-`   `-----`    `----`  
       `-`                                              
      
       
      Наверх