Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 октябрь 2017, 8:08
      Экономика 14.04.2017, 11:18 0 пікір 329 просмотров

      Атырауда 2004 жылы жерге кезекке тұрғандардың арыздары қанағаттандырыла бастады

      2017 жылдың 15 сәуірінен бастап Атырау қалалық жер қатынастары бөліміне 2004 жылы жер телімі бойынша арыз берген азаматтардың өтініштері қанағаттандырылады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.


      Атырауда 2015 жылдың соңынан күні бүгінге дейін 1999-2003 жылдар аралығында жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесін сұрап өтініш білдірген мыңнан астам тұрғын жер телімін алған. Енді биылдан бастап, 2004 жылы кезекке тұрғандардың арыздары қанағаттандырылатын болады. 

      Бүгінгі күні тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесін алу кезегінде тұрған барлығы 81511 арызданушылар бар. Оның ішінде қала бойынша 57 555 мың, ауылдық округтері бойынша 23 956 мың арыздар тіркелген.

      Жер учаскескелері 2017 жылдың 15 сәуірінен бастап 2004 жылы арыз берген азаматтарға «Зарослый», «Талғайран» тұрғын үй алаптарынан және Жаңаталап, Атырау ауылдарынан беріледі. 

      Тағы бір айта кететіні, Атырауда 2004 жылы жер учаскесі бойынша 2381 адам арыз берген.


       

      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______   __   __   _    _     ______    _____   
       /_   _//  \ \\/ // | || | ||  /_   _//  /  ___|| 
         | ||     \ ` //  | || | ||   -| ||-  | // __   
        _| ||      | ||   | \\_/ ||   _| ||_  | \\_\ || 
       /__//       |_||    \____//   /_____//  \____//  
       `--`        `-`'     `---`    `-----`    `---`   
                                                        
      
       
      Наверх