Новости Атырау - Мунайлы Астана

    20 октябрь 2017, 20:17
      14.04.2017, 11:21 0 пікір 347 просмотров

      Индерде егістік жердің көлемін 1265 гектарға жеткізу жоспарланып отыр

      Биыл Индер ауданында 470 гектар жерге картоп, 450 гектарға көкөніс, 180 гектарға бақша және 23 гектарға жеміс-жидек ағаштары өсіріледі деп күтілуде. Оған аудандағы елуге жуық шаруа қожалығы тартылмақ.


      Көктемгі дала жұмыстарына әзірлік Индерде былтырғы күзде басталған.

      Сонымен қатар, Индерде биыл жалпы егістік жердің көлемін 1265 гектарға жеткізу жоспарланған. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 27,6 пайызға жоғары. Өткен жылы ауданда 14 шаруа қожалығы 251 гектар жерге егін ексе, үстіміздегі жылы олардың қатары он жетіге көбейіп, күтімге алатын аумағы 356 гектарға ұлғайтылады. 

      Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Абат Жанғалиевтің айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдары үшін аса қауіпті зиянкес саналатын үйірлі шегірткелерге қарсы 19 мың 530 гектар жерде химиялық өңдеу жұмыстары болжамдалған. 

      - Карантиндік объектілер мен қауіпті деп есептелінетін организмдермен күрес шаралары республикалық бюджеттен, ал зиянды организмдерді залалсыздандыру жұмыстары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі, - деп мәлімдеді А.Жанғалиев. 


      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
         _____   __   __   _    _      ___      _  _   
        / ___//  \ \\/ // | \  / ||   / _ \\   | \| || 
        \___ \\   \ ` //  |  \/  ||  | / \ ||  |  ' || 
        /    //    | ||   | .  . ||  | \_/ ||  | .  || 
       /____//     |_||   |_|\/|_||   \___//   |_|\_|| 
      `-----`      `-`'   `-`  `-`    `---`    `-` -`  
                                                       
      
       
      Наверх