Новости Атырау - Мунайлы Астана

    17 октябрь 2017, 17:07
      Экономика 14.04.2017, 12:03 0 пікір 420 просмотров

      Шенеуніктерге құқықтық сананы жетілдіру керек

      Статистикалық мәліметке сәйкес, Атырау облысында өткен жылы - 65, осы жылдың алғашқы тоқсанында - 26 сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс тіркелген. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, көбінесе заң бұзушылыққа мемлекеттік қызметшілер жиі  жол беруде.  Өңірде әсіресе, өз лауазымын асыра пайдалану, пара алу қылмысы азаймай отыр. Заңға заң деп қарамайтын оларға қандай тосқауыл қоя аламыз? Осы ретте бізҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс  ЖҰМАҒҰЛОВПЕН әңгімелескен едік.


      -Тоқтамыс Қадошұлы, бәрімізге белгілі, Елбасының дамыған отыз елдің қатарына кіру жолында жариялаған 100 нақты қадамында мемлекеттік қызмет істеріне көп көңіл бөлінген. Тапсырылған сол міндеттер бүгінде қалай жүзеге асуда? Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен ел мүддесі үшін қызмет етуі үшін осы қойылған талаптардың  қаншалықты әсері болды деп ойлайсыз?

      -Өткен жылдың қаңтарынан бастап әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуға бағытталған «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт Жоспарының орындалуының практикалық кезеңі басталған болатын. Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру жолында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы қабылданғалы мемлекеттік қызмет саласын дамытудың жаңа кезеңі қалыптасты.Елбасының Жарлығымен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы құрылды.Мемлекеттік қызметшілердің кадрлық корпусы ішкі және жалпы конкурс арқылы жүргізілетін болды. Сонымен қатар, меритократия қағидаттары негізінде мемлекеттік қызметке ең төменгі лауазымнан бастап орналасу жүзеге асырылды. Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілерді қызметтік баспанамен қамтамасыз етіп, тәжірибемен алмасуына мүмкіндік беретін ротациялау жүйесі іске асты.Еңбекақы төлеу жүйесіне келер болсақ, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен атқарған жұмысының сипатына, көлеміне және нәтижесіне байланысты бонустар төлеу қарастырылды. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарын, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейтін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі қабылданды.Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін жаңа институт – Әдеп жөніндегі өкіл енгізілді. Осының барлығы мемлекеттік қызмет саясатын одан әрі жетілдіріп, кәсіби мемлекеттік аппаратты құруда  оң нәтиже беруде деп айта аламыз.

       

      - Сонымен қатар, Ұлт жоспарында сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөнінде нақты тапсырма берілген еді. Бұл бағытта сіз басқарып отырған департамент тарапынан қандай маңызды шаралар атқарылуда? Нәтиже бар ма?

      -Айта кету керек, қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасалды. Атап айтар болсақ, Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа кодекстер қабылданды. Елбасымен белгіленген «100 нақты қадам» - Ұлт Жоспарында, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресу тапсырылған. Біздің департаментпен жүргізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларыең алдымен профилактика және превенциядан басталады. Алдын алу шараларының мақсаты – әрбір азаматтың сана-сезіміне сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығының жиіркенішіті әрекет екенін көрсетіп, оның салдары қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын жеткізу. Осы орайда, біздің бастамамызбен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан бастап жоғарғы оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушыларының арасында қызықты интеллектуалды ойындар, дебаттар мен  түрлі байқаулар, барлық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің арасында әртүрлі форматта семинарлар, лекциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылуда.Бұдан басқа, Атырау облысының барлық аудандарында және қалада «Парасыз болашаққа. Бірге!» тақырыбында 8 мобильді топ өз жұмысын бастады.Мобильді топ сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруды жүзеге асыру мақсатында азаматтарды жедел қабылдауынжүргізеді.Сонымен қатар, біздің облыс бойынша мәслихат депутаттары, қала, аудан әкімдіктерінің және олардың бөлімдерінің, Әкімшілік полиция, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлерінен, «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілдері мен қоғам қайраткерлеріқұрамынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ еңбек ұжымдарында ақпараттық-түсіндірме шараларын жүргізіп, азаматтарды қабылдауда. Ағымдағы жылғы 1 наурыздан бастап өз жұмысына кіріскен мобильді топпен бүгінгі күнге дейін 75 адам қабылданды.

       

      -Атырау облысында жең ұшынан жалғасқан жемқорлық қай салаларда көп деп ойлайсыз?

      -Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүргізу, жетілдіру және қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындауға бағытталған халықаралық және Ұлттық деңгейдегі сыбайлас жемқорлықтың таралу тенденциясы мен жағдайын жыл сайын бағалау және талдаудың инструменті болып табылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық баяндамасына сүйенсек,  соңғы жылдарысыбайлас жемқорлық деңгейінің динамикасына теріс әсер ететін құрылым – бұл Ішкі істер органы және білім беру саласы болып отыр. Соның ішінде Ішкі істер органының қызметкерлері ҚР ҚК 366 – бабы (пара алу),190 – бабы (алаяқтық), 361 – бабымен (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану)істі болған. Ал, білім саласының қызметкерлерінің басым көпшілігі ҚР ҚК 189 – бабы енiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу)және 366 – бабымен (пара алу) сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол бергені үшін сотталған.

       

      -Жуырда өткен Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде орын алған заң бұзушылықтар жөнінде сөз болды. Бұл мемлекеттік органда бір емес, бірнеше рет пара алушылыққа қатысты іс қозғалған. Басшы да, қосшы да пара алатын мемлекеттік орган тек бұл департамент емес екенін айта кету керек. Жалпы, мемлекеттік қызметке келерде ант қабылдаған қызметкерлердің тура жолдан таюына не себеп?

      -Жыл басынан бері Әдеп жөніндегі кеңестің екі отырысы өткізілді. Кеңес отырыстарында 17 мәселе,оның ішінде 11 тәртіптік іс қаралып, 11 лауазымды тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қозғалды.Соның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылыққа жол бергені үшін 4 мемлекеттік қызметшіге, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтамаған 7 мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыным берілді. Ал, Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіндегі заң бұзушылыққа келсек, өткен жылысыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 6 МКД қызметкері сотталды. Атап айтқанда, Атырау қалалық №2 сотының үкімімен Атырау қаласы бойынша МКБ салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы Ж.Сабыр 3 жылға бас бостандығынан айыруға, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте айналысу құқығынан өмір бойы айырумен сотталса,Атырау қалалық №2 сотының үкімімен департаменттің КББ-ның бөлімінің бас маманы А.Сариев ҚР ҚК-нің 366-бабының 3-бөлімінің 2, 4 тармақшасымен сотталып, айыппұл салынып, өмір бойы мемлекеттік қызметте айналысу құқығынан айырылды. Сондай-ақ, Атырау қалалық №2 сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 366-бабының 3-бөлімінің 2, 4 тармақшасымен сотталған департаменттің КББ-ның бөлім басшысы А.Сахым және бөлімнің мамандары Н.Үмбетовке және Т.Сүлейменовке айыппұл салынып, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Ал, ұзақ жылдар басшылық қызметте болған Атырау қаласы бойынша МКБ басшысының орынбасары А. РзагуловағаАтырау қалалық №2 соты айыппұл салып, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырды. Әдеп кеңесінің отырысында осындай заң бұзушылыққа жол берген департаменткеқызметтік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды іске асыруды күшейту туралы ұсынымдар жолданды.Демек,мемлекеттік қызметшілердің бұлайша қылмысқа баруы - ең алдымен олардың құқықтық санасын әлі де жетілдіру қажеттігін дәлелдеп отыр.

       

      -Тоқтамыс Қадошұлы, қазір елімізде мемлекеттік қызметшілер кешенді аттестаттаудан өтіп жатыр. Атырау облысында аттестаттау қорытындысы қандай нәтиже беруде?

      - Жоғарыда айтып кеткендей, Елбасының Ұлт Жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу Қағидалары бекітілген болатын. Кешенді аттестаттау арқылы әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дайындық деңгейі  және атқаратын лауазымдарына сәйкестігі айқындалуда.Атырау облысында 2017 жылдың 1 ақпаны мен 30 наурыз аралығында  «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жеке құзыреттерін бағалау бойынша тестілеу тиісті деңгейде өткізілді. Аталған тестілеуге облыс көлемінде 2280мемлекеттік қызметші қатысты. Нәтижесінде 360 мемлекеттік қызметшілер өте жақсы, 1794-сі тиімді, 119-ы  қанағаттанарлық, ал, 7-уі төмен баға алды.Қазіргі уақытта, аттестаттаудың үшінші кезеңі – әңгімелесу жүргізілу сатысы басталды. Сондықтан мемлекеттік мекемелерде әңгімелесу жүргізу барысында кемшіліктер мен заңбұзушылықтарға жол бермеу үшін жіті қадағалануда. 

       

      - Облыста мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұрғындардың сапалы әрі жедел алуына жағдай жасалып жатыр ма? Осы бағытта жетістікке жеттік деп айта аламыз ба?

      -Әрине, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді заман талабына сай жетілдіруде бірқатар жұмыстар атқарылды. Елбасының жолдауында көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды форматқа көшіру мақсатында ол қызметтердің қолжетімділігін, ашықтығын қамтамасыз ету үшін қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігіне қатысты кең ауқымды талдау жүргіздік. Нәтижесінде Атырау облысының 48 пайызын құрайтын ауыл тұрғындарының әлеуметтік және жер қатынастары салаларына қатысты жергілікті атқарушы органдарға жүгінетіндігі анықталды. Осы орайда біздің тарапымыздан ауылдық және кенттік округтер әкімі аппараттарының интернет жүйелерін жоғары жылдамдықпен қамтамасыз ету арқылы ауылдық жерлерде орналасқан қызмет алушыларға қызметті электронды түрде көрсету мақсатында арнайы жоба әзірленіп, ол жоба облыс әкімдігімен қолдау тапқан болатын. Бүгінде облыстағы барлық 72 ауылдық және кенттік округтердің әкімі аппараттарын соңғы үлгідегі компьютерлермен және қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр.Бұл жоба тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық түрде алу үшін қолайлы жағдай жасайды. Сонымен қатар, бюждеттік шығындарды азайтуға септігін тигізбек. Бұдан басқа, Атырау облысы бойынша көші-қон полициясының мемлекеттік көрсетілетін қызметтеріне талдау жүргізгенде профильдік-құқықтық актілері арасында қарама-қайшылықтар мен кемшіліктер бары анықталды. Сонымен қатар, барлық әлеуметтік саладағы 50 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге талдау жүргізіліп, қарама-қайшылықтарды заңмен оңтайландыру үшін Агенттікке ұсыныстар жіберілді.  Осы мақсатта департамент жанынан Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылғанын айта кеткім келеді.Ведомствоаралық жұмыс тобының негізгі мақсаты жергілікті деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша проблемалық мәселелерді шешу, сондай-ақ халықтың пікірін ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсынымдар әзірлеп, қызмет берушілерге енгізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, азаматтық сектор және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің күш-жігерін біріктіру болып отыр.Осы аталған жұмыстар мемлекеттік қызметтер көрсетуді одан әрі жетілдіруге оң ықпалын тигізеді деген ойдамыз.

       

      -Қазіргі уақытта қолданысқа енгізілген мемлекеттік органдармен Ашық келісім жүргізу жөнінде айтып берсеңіз. Оның маңызы мен пайдасы қандай? Атырау облысында осы келісімге қанша мемлекеттік орган басшылары қол қойды? 

      -Агенттікпен сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісім әзірленген болатын. Ашық келісімдегеніміз –қоғамдық күшті біріктіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруды көздейтін жаңа бағыт болып табылатын  ыңғайлы  механизм. Бүгінде облыстық департамент пәрменіменаталған ашық келісімге барлық мемлекеттік органдар менжеке азаматтарды қосу шаралары ұйымдастырылып, оларменсыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар жүргізілуде. Бүгінгі таңда облыс бойынша 346 мемлекеттік орган басшылары мен мемлекеттік қызметкерлері, 17862 жеке тұлғаларашық келісімге қосылып, өздерінің сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушіліктерін білдірді.

      -Сұхбатыңызға рахмет!


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______    _____    _    _      ___     ______   
       /_   _//  |  ___|| | |  | ||   / _ \\  |      \\ 
         | ||    | ||__   | |/\| ||  | / \ || |  --  // 
        _| ||    | ||__   |  /\  ||  | \_/ || |  --  \\ 
       /__//     |_____|| |_// \_||   \___//  |______// 
       `--`      `-----`  `-`   `-`   `---`   `------`  
                                                        
      
       
      Наверх