Новости Атырау - Мунайлы Астана

    18 октябрь 2017, 20:37
      Аймақ 18.04.2017, 16:22 0 пікір 427 просмотров

      Заңсыз ауланған балықпен ұсталған келіншек, тәртіп сақшыларына үйіндегі жасырған қомақты олжасын да айтып берді

      Атырау облысында жүріп жатқан «Бекіре- 2017» шарасы барысында 40 келі бекіре балығы мен 2 келі қара уылдырық тәркіленді. Облыстық ішкі істер департаментіне қарасты балық қорын қылмыстық іс- әрекеттерден қорғау бөлімшесі кезекті рейд кезінде тоқтатқан автокөліктен осындай көп мөлшерде заңсыз жолмен ауланған теңіз маржанын тапты.   


         Облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ мәлімдеуінше, алдымен аз ғана көлемдегі бекіре тұқымдастардың етін тасымалдау кезінде қолға түскен келіншек, үйінде осынша балықтың барлығын құқық қорғаушыларға өзі мойындаған көрінеді. Ал, келіншектің пәтерін тінту барысында, тәртіп сақшылары 40 келіден астам бекіре балығы мен 2 келі қара уылдырық тапқан.

      -   Қазіргі уақытта ұсталған азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеп- тексеру жұмыстары басталды. Соған байланысты ҚР ҚК 335 бабы, яғни балық ресурстарын заңсыз аулау бойынша іс жүргізілуде.

      Жалпы, «Бекіре- 2017» шарасы басталғалы балыққа қатысты 109 құқық бұзушылық анықталып, заңсыз айналымнан 42 тонна балық, оның ішінде 100 келіге жуық бекіре тектес және 4 келі қара уылдырық тәркіленді,- дейді Гүлнәзира МҰХТАРОВА.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____      ___      _____     _____     ____    
       /  ___||   / _ \\   |__  //   |  ___||  |  _ \\  
      | // __    / //\ \\    / //    | ||__    | |_| || 
      | \\_\ || |  ___  ||  / //__   | ||__    | .  //  
       \____//  |_||  |_|| /_____||  |_____||  |_|\_\\  
        `---`   `-`   `-`  `-----`   `-----`   `-` --`  
                                                        
      
       
      Наверх