Новости Атырау - Мунайлы Астана

    21 октябрь 2017, 3:33
      Экономика 19.04.2017, 16:08 0 пікір 312 просмотров

      Экономикалық қылмыстар төленбеген салық түрінде залап келтіруде

       17 сәуірде Атырауда экономикалық қылмыстарға қатысты қылмыстық істерді қарау кезінде туындайтын мәселелер мен «Заңдылық» ақпараттық-талдамалық жүйесінің жұмысын талқылауға арналған аймақтық семинар өтті.


      Ауқымды іс-шараға Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин, Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарындағы облыстық соттардың алқа төрағалары мен судьялары, сондай-ақ прокуратура мен ішкі істер органдарының өкілдері қатысты. Бұданбөлек, Мемлекеттікқызметістеріжәнесыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимылагенттігінің, Атырау облысыМемлекеттіккірістердепартаментініңқызметкерлері, адвокатура және «Атамекен» кәсіпкерлерпалатасыныңөкілдеріде қатысты. Сөз алған А.Рахметулин  күні кеше Жоғарғы Сотта барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс кеңесі өткенін, онда экономикалық құқық бұзушылық саласындағы қылмыстық істер бойынша сот-тергеу практикасына қатысты бірыңғай тәсілдердің қалыптасқанын айта келе, «Біз бүгін аталған ұсынымдар мен осы санаттағы істерді қарау кезінде кезігіп қалуы мүмкін өзге де мәселелерді талқылауды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыс барысында кемшіліктерден арылу мақсатында және бірыңғай сот-тергеу практикасын қалыптастыру үшін жасалып отыр», - деп атап өтті. Сонымен қатар, семинарда экономикалық қылмыстар мемлекет үшін төленбеген салық түрінде елеулі залал келтіріп отырғаны айтылды. Ал, сотқа дейінгі тергеуді жүргізу кезінде ауқымды деңгейдегі кемшіліктер жиі айқындалып, соның салдарынан сот актілерінің күші жойылады. А.Рахметулин кеңеске қатысушылардың назарын қылмыстық істерді тергеу кезінде контрагенттердің жалған кәсіпкерлермен мәмілелерінің жарамды немесе жарамсыз екендігі зерттелмейтінін, нәтижесінде өз ісін заңға сәйкес жүргізетін кәсіпкерлердің зардап шегетінін баса айтты. 

      -Сондықтан бүгінде осы тектес тергеулерді жүргізгенде қылмыстық процестік заңнаманың жіті сақталуы маңызды болып отыр. Залалды дәлелдеу мен анықтаудың негізі тек контрагенттер мен жалған кәсіпорындардың арасында жасалған мәміле. Осыған орай, кәсіпорындардың қызмет ету кезеңіндегі салық есептемесін тексерумен байланысты салықтық әкімшілік ету мәселелерін қылмыстық процес мәселелерімен  бір деңгейде қарастырмау керек. Сотқа дейінгі іс жүргізу органдары дәлелдемелерді сақтау, зерттеу қызметін тек Қылмыстық-процестік кодекс шеңберінде жүргізіп, жалған кәсіпорындармен жасалған мәмілелерді ғана тексеруі керек.Салық органдары қылмыстық іске араласа отырып, контрагенттердің қызметінің тұтас немесе белгілі бір бөлігін тексеруді бастайды, қаржылық құжаттарды алып, есеп шоттарды тыйым салады, осылайша жол берілмейтін, шаруашылық субъектілердің – контрагенттердің қызметіне шектеу салынады, бұл заңға қайшы болып табылады», - деді А.Рахметулин. Семинарда экономикалық құқық бұзушылықтарды тергеу кезіндегі түйіткілді мәселелер бойынша Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов пен Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев сөз сөйлеп, маңызды мәселелерге тоқталды. Яғни,бірінші сессия шеңберінде экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтарға қылмыстық жауапкершілік туралы заңнаманы дұрыс қолданылу мәселелері, экономикалық қылмыстарды зерттеудің ағымдағы практикасы, соның ішінде жалған кәсіпкерлік мәселелері талқыланды. Бұдан кейін екінші сессия Бас прокуратурамен бірлесіп ұйымдастырылған сот пен прокуратураның «Заңдылық» ақпараттық-талдамалық жүйесін таныстыруға арналды. Бұл ретте соттарда жаңа технологияларды қолдану маңыздылығын айтқан А.Рахметулин ақпараттық технологиялар бүгінде істердің сот жүйесінің барлық сатыларынан жеделдетіп өтуін жеделдететіндігін жеткізді.Оның айтуынша, заманауи технологияларды енгізу мен қолдану сот төрелігіне деген қолжетімділікті елеулі түрде арттырады. Төрешілдік кедергілерді жойып, лауазымды адамдардың азаматтармен байланысын барынша азайтады. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, азаматтардың қаржысы мен уақытын үнемдеуге ықпал етіп, келешекте Қазақстан тұрғындары үшін сот және құқық қорғау органдарының қызметін барынша айқын әрі қолжетімді ете түседі. Ал, семинарға қатысушыларға таныстырылған«Заңдылық» жобасының сот пен құқық қорғау органдарының жаңғыру жолындағы жаңа кезеңі екендігін және «Төрелік» пен Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйелерінің интеграциялануы нәтижесінде қылмыстық процестің сапасын арттыруға жол ашатынын айта кеткен жөн.Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов бұл жобаның сот жүйесі мен құқық қорғау органдарын ортақ коммуникациялық желіге біріктіруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Алдағы уақытта бұл қандай да бір қағаз түріндегі құжат айналымын болдырмауға, істерді жасақтау кезінен бастап, сот шешімі шыққанға дейінгі процесті толық  бақылап отыруға мүмкіндік береді. Жобаны Бас прокуратураның 10-шы департаментінің басқарма басшысы А.Аталықов таныстырды. Бұдан әрі Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары Е.Мәбиев «Заңдылық» жүйесінің Ақтөбе облысының прокуратурасында қалай қолданылатыны туралы пікірімен бөлісті. Семинардың екінші бөлігінде А.Рахметуллин батыс аймағы соттарында қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысын шығарды.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                  _____     ______    _____    _    _   
          ___    |  ___||  /_____//  |  ___|| | |  | || 
         /   ||  | ||__    `____ `   | ||__   | |/\| || 
        | [] ||  | ||__    /___//    | ||__   |  /\  || 
         \__ ||  |_____||  `__ `     |_____|| |_// \_|| 
          -|_||  `-----`   /_//      `-----`  `-`   `-` 
           `-`             `-`                          
      
       
      Наверх