Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 1:02
      Қоғам 19.04.2017, 16:13 0 пікір 275 просмотров

      «ҚазАгро» биыл көктемгі егіске 60 млрд. теңге жұмсайды

      «ҚазАгро» холдинг баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың 1 сәуіріне дейін бірінші кезектегі тәртіппен 11 басым дақыл, яғни күнбағыс, рапс, зығыр, соя, арпа, қант қызылшасы, күріш, астық жүгерісі, мақта, сұлы, картоп бойынша өтінімдер қабылданған екен. Енді  1 сәуірден бастап барлық басқа дақылдар бойынша өтінімдер қабылданып, қаржыландыру жүзеге асырылып жатыр.


      Жалпы, қаржыландыру бойынша  «ҚазАгро» Холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Мұхамадиеваның айтуынша, осы жылдың наурыз айында Холдинг көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын қаржыландыру үшін 60 млрд.теңге көлеміндегі жыл сайынғы бюджеттік қарыз қаражатын алған. Ол бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігімен белгіленген жоспарға сәйкес 567,7 мың гектар алаңдағы басым дақылдар қаржыландырылуы тиіс.  Келіп түскен өтінімдерге қарағанда ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің рапс, зығыр, арпа және күріш егуге қызығушылықтары артып отырғаны байқалады. Бірақ, тауар өндірушілердің қант қызылшасы, мақта және астық жүгерісін өндіруге белсенділігі төмен.  Бүгінде бюджеттен бөлінген ақша қаражаты тікелей Аграрлық несие корпорациясына түсіп, қаржыландыру үш бағыт бойынша жүргізілуде.  Біріншісі, екінші деңгейлі банктерді қорландыру арқылы – қарыз алушылар үшін соңғы пайыздық мөлшерлеме жылдық 5 пайызды құрайды, екінші - несие серіктестіктерін, аймақтық инвестициялық орталықтарды, шағын қаржы ұйымдарын қорландыру арқылы – ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін соңғы мөлшерлеме – жылдық 6 пайыз, үшінші - Корпорацияның жылдық 2 пайызбен екінші деңгейлі банктің кепілдігімен тікелей несиелеуі, ол ауылшаруашылық тауар өндірушілері  үшін банктің кепілдік құнын есепке алғанда шамамен жылдық 6 пайызды құрайды.«ҚазАгро» Холдингінің өкілі атап өткендей, ағымдағы жылы ауылшаруашылық кооперативтерін екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыру бағдарламасы жалғаспақ. Егер, 2015 жылы қаржыландыру екі кооперативтен басталса, 2016 жылы 10 кооператив қаржыландырылған. Ал биылғы жылы 12 кооператив қаржыландыруға өтініш жасаған.  

      Сонымен қатар, азық-түлік келісім шарт корпорациясы ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуға келісім-шарттар жасасу арқылы көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуді ынталандыруға қатысуын жалғастырады. Осылайша, ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің өнімдерін кепілдікпен өткізуін қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының желісі арқылы ағымдағы жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін техника сатып алуға  11,6 млрд.теңге қаражат бөлу жоспарланып отыр.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _      ___               __   __    ______  
      | \  / ||   / _ \\    ____     \ \\/ //  /_   _// 
      |  \/  ||  | / \ ||  |    \\    \ ` //     | ||   
      | .  . ||  | \_/ ||  | [] ||     | ||     _| ||   
      |_|\/|_||   \___//   |  __//     |_||    /__//    
      `-`  `-`    `---`    |_|`-`      `-`'    `--`     
                           `-`                          
      
       
      Наверх