Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 октябрь 2017, 2:49
      19.04.2017, 16:17 0 пікір 235 просмотров

      Жеке кәсіпкердің тіркелу тәртібі өзгерді

       Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы елімізде жеке кәсіпкерлердің салық органына тіркелуге өзгеріс енгізілгенін хабарлады.


      Енді ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің 565 бабына сәйкес, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін жеке тұлға Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен салық органына хабарлама жібереді. Ал, салық органдары Қазақстан Республикасының заңнамасымен дара кәсiпкер ретiндегі қызметіне жол берiлмейтiн жеке тұлғаны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргiзбейдi. Жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретiнде тiркеу есебiне қою жеке тұлғаның нотариаттық қызметтi, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметтi, адвокаттық қызметтi, дауларды медиация тәртібімен реттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейiн "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда табыс етілген, жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тiркеу есебiне алу туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi. Салық органдары салықтық өтінішті алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргізеді не мұндай тіркеуге қоюдан бас тартады. Сонымен қатар, салық органы егер, салықтық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың деректері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген, салықтық өтініште көрсетілген нотариаттық қызметті, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметті, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның деректері лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда, салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде жоқ болған жағдайда  жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретiнде тiркеу есебiне қоюдан бас тартады. Ал, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің 567-бабына сәйкес, салық органы жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығаруды осы Кодексте белгіленген тәртіппен және Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізеді. Сондай-ақ, салық органы жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығаруды осы Кодекстің 42-бабында белгіленген тәртіппен жүргізеді. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық органы орындалмаған салық міндеттемелері болмаған жағдайда жеке тұлғаны дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығаруды жүргізеді. Сонымен қатар, салық төлеуші өзінің орналасқан жері бойынша салық органында өзінің дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығарылғаны не шығарылудан бас тартылғаны туралы жазбаша растау алуға құқылы.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  __   _    _     ____      _____    __   __  
       | |/ // | || | ||  |  _ \\   |  ___||  \ \\/ // 
       | ' //  | || | ||  | |_| ||  | ||__     \   //  
       | . \\  | \\_/ ||  | .  //   | ||__     / . \\  
       |_|\_\\  \____//   |_|\_\\   |_____||  /_//\_\\ 
       `-` --`   `---`    `-` --`   `-----`   `-`  --` 
                                                       
      
       
      Наверх