Новости Атырау - Мунайлы Астана

    21 октябрь 2017, 3:28
      Аймақ 19.04.2017, 16:33 0 пікір 262 просмотров

      Атырауда 90 келіден аса бекіре тұқымдас балық тәркіленді

      Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ хабарлауынша, «Бекіре -2017» жедел шарасы барысында ішкі істер департаментінің  Су полициясы бөлімінің қызметкерлері қаладағы Нұрсая ықшамауданында «Хюндай Туксон» көлігін тексеру барысында пайдалануға тыйым салынған бекіре тұқымдас балығын тауып тәркілеген.


      Ұсталған көлік жүргізушісі 40 жастағы азаматша өзінің мекенжайында бұдан да басқа бекіре тұқымдас балығы және қара уылдырық бар екенін айтқан. Тексеру барысында ол өз еркімен үйінің ішіндегі мұздатқышынан бекіре тұымдас балықтарын және сыйымдылығы 0,5 келі болатын пластмассалық ыдысқа салынған бекіре тұқымдас балығының қара уылдырығын  көрсеткен. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген балық салмағы 50 келіге жуық, қара уылдырықтың салмағы 1 келі  900 грамм. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру ҚР ҚК-нің 339 бабымен жүргізілуде. Бұдан бұрын айтылғандай, сәуірдің 1-нен  облыс аумағында браконьерлік іс-әрекеттің және балық пен балық өнімдерінің заңсыз айналымының жолын кесуге  бағытталған «Бекіре-2017» жедел-алдын алу іс-шарасының көктемгіі кезеңі ұйымдастырылып өткізілуде.«Бекіре-2017» шарасы басталғалы ІІО-мен облыс көлемінде заңсыз балық қорының айналымымен байланысты – 109 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 91 заңсыз балық аулау және балық аулау ережелерін бұзу, балық және балық өнімдерін заңсыз сату, сатып алу - 3, оларды заңсыз тасымалдау, әкету деректерімен – 7 оқиға тіркеліп отыр.100-ден астам құқық бұзушы ұсталып, олардан 42 тоннадан астам балық, оның ішінде 90 келіден аса  бекіре тұқымдас балықтары, 4 келі бекіре тұқымдас балығының уылдырығы, 98 құқық бұзушылық жасау және 33 суда жүзу құралдары тәркіленді. Барлығы 24 қылмыстық іс көтерілсе, оның ішінде ҚР ҚК-нің 196 бабымен  («Көрнеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу, сату»)– 7,  ҚР ҚК-нің 335 бабымен («Балық ресурстарын заңсыз алу») – 8, ҚР ҚК-нің 339 бабымен («Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер») – 5 іс бар. Бүгінде5 қылмыстық іс сотқа жолданған. Әкімшілік түрде балық аулау ережелерін бұзуға қатысты80 әкімшілік хаттама толтырылса,  оның ішінде 21материал сотқа  жолданған. Шара одан әрі жалғасуда.


      Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______    _____               ______   _    _   
       /_   _//  |  ___||   ____     /_   _// | \  / || 
       `-| |,-   | ||__    |    \\    -| ||-  |  \/  || 
         | ||    | ||__    | [] ||    _| ||_  | .  . || 
         |_||    |_____||  |  __//   /_____// |_|\/|_|| 
         `-`'    `-----`   |_|`-`    `-----`  `-`  `-`  
                           `-`                          
      
       
      Наверх