Новости Атырау - Мунайлы Астана

    23 ноябрь 2017, 16:55
      Саясат 19.04.2017, 16:36 0 пікір 378 просмотров

      Жемқорлыққа қарсы саясатты қолдау керек

      Елбасымыз Қазақстанның дамыған отыз мемлекеттің қатарына кіру жолында жариялаған нақты 100 қадамында елдің болашаққа деген мақсаттары, қиыншылықтары мен даму басымдықтары жайлы түсіндіргені белгілі. Әсіресе, басым бағыт берілген қоғам дерті -  сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету,оның салдарымен күресужәне сыбайлас жемқорлық себептері мен алғы шарттарын анықтап, жою жұмыстарын күшейту қажеттігі айтылды.Қазіргі уақытта осы бағытта қандай шаралар жүргізіліп жатыр? Бұл сауалды біз Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Заңғар ЗАҢҚАНОВҚА қойған едік.


       

       

      - Мемлекеттік кірістер комитетінің Ішкі қауіпсіздік қызметіне қойылып отырған міндет - республиканың мемлекеттік кірістер органдарының жеке құрамы арасында профилактикалық жұмыстыжандандыру, жүйелі сыбайлас жемқорлыққа қарсы ерекше назар аудару. Бүгінде 2015 - 2025 жылдарға арналғанСыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының 13-ші қадамын,«Нұр Отан» Партиясының 2015 - 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап алғашқы қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" жаңа заңын іске асыру шеңберінде жемқорлыққа мүмкіндік беретін және мемлекеттік органдарда оның көріністерін жою шараларын жүргізіп отырмыз. Осындай шараларды жүргізу нәтижесінде мемлекеттік қызметкерлердің кірістері мен шығыстары қаржысын бақылау, мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарларды хабарлау, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру жүзеге асады. Айта кету керек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қызметі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз құзыреті шегінде қоғамдағы құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға, сыбайлас жемқорлыққа төзімділікті бейнелейтін, және білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы кешенді шаралар қабылдау арқылы жүргізілуде. Ал, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – тұлғаның интеллектуалдық адамгершілігін, мәдени дамуының және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту мақсатында іске асады.ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында, Мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлықты төмендету шеңберінде ведомстволық Жоспар қабылданды. Оған қоса үздіксіз үдемелі профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. ҚР Мемлекеттік кірістер органдары жүйесінде жемқорлыққа қарсы жұмыстар түбегейлі қайта жоспарланды. Атап айтқанда, Комитет2017 жылға арналған ведомствоішілік бақылау, сыбайлас жемқорлық туындайтын тәуекелдерін талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсаттарын жүзеге асыру алға қойылған мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша іс-шаралар Жоспарынбекітті. Бұл салықтық тексерулер кезінде, есептелген салық сомасынан есепке жатқызылатын қосымша құн салығы сомасының асып кетуін қайтару кезінде, акцизделетін өнімдердің өндірісі мен айналымын бақылау кезінде, электрондық шот-фактураларды куәландыру және жүзеге асыру кезінде, оңалту және банкроттық кезінде жалған кәсіпкерліктің қатысуын рәсімдеу және тәуекелдерін ұйымдастыру кезінде, қосымша құн салығын төлеушілерін тіркеу есебіне қою кезінде, түсіру кезінде, камералдық бақылау нәтижелерімен бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды қою кезінде, кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық туындайтын тәуекелдері жоспарда нақты белгілеп көрсетілген. Жоспардың негізгі мәселелерін іске асыру жауапкершілігі тек ішкі қауіпсіздік бөлімшесіне жүктеліп қойған жоқ. Оны орындау үшіндәрістер, сабақтар, семинарлар, салық және кеден кодекстерінің мәселелері бойынша түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы кешенді тексеріс жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және қағидатын "нөлдік" төзімділіктің өзекті мәселелері бойынша барлық нысандарға құқық бұзушылық субъектілерінің қатысуымен, кәсіпкерлік кездесулерді қалыптастыру шараларын өткізу және тұрақты бақылауды жүзеге асыру, Комиттетің аумақтық, ал департаменттіңбарлық құрылымдық бөлімшелеріне жүктелді.Бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы басты міндет - мәселе зардаптарын жою, көбінесе сыбайлас жемқорлыққа кінәлі тұлғаларды қылмыстық жазалау болса, қазір алдын алуға және ең алдымен сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін деректер бойынша профилактикалық жұмыс жүргізуге назар аударылып отыр. Жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасында құқық бұзушылықтар жасағандар үшін өте қатаң жаза тағайындалғанын айта кеткен жөн. Оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық үшін айыппұлдар, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойы құқығынан айыру, мүлікті тәркілеу сияқты жазалар бар.

      Сондықтан Мемлекеттік кірістер органдарының әрбір қызметкері мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдауы, ұжым ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзуге тәрбиелеу, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілер арасында мемлекеттік кірістер органдары беделін көтеруі керек.


       

       Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  _     _____    _    _     ______            
       | \| ||  |  ___|| | |  | ||  /_   _//     ___   
       |  ' ||  | ||__   | |/\| ||   -| ||-     /   || 
       | .  ||  | ||__   |  /\  ||   _| ||_    | [] || 
       |_|\_||  |_____|| |_// \_||  /_____//    \__ || 
       `-` -`   `-----`  `-`   `-`  `-----`      -|_|| 
                                                  `-`  
      
       
      Наверх