Новости Атырау - Мунайлы Астана

    21 октябрь 2017, 3:21
      Экономика 20.04.2017, 15:30 0 пікір 364 просмотров

      «ТЕЗ АРАДА ЖАҢА ЗАУЫТ САЛУ КЕРЕК..»

      Республикамызда бензин бағасы еркін қалықтауға көшкелі жанармай бағасы қымбатсығанның үстіне қымбатсуда. Және бұл өсімнің жуық арада тоқтайтын түрі жоқ. Мәселен, АИ-92 жанармайының литрі үшін орташа баға наурыз айында 140 теңгеден 143 теңгеге дейін көтерілсе, АИ-95 және АИ-96 бензині бағасы 152 теңгеден 155 теңгеге артқан. Жанармай бекеттері бағаларды ақпан айында ауыстырса – ол кезде жанармай бағасы 2 теңгеге көбейген болатын.


      Бензин бағасы өскеннің үстіне өсе түсуде. Бірақ, оның себебін Энергетика министрі ашып айтар емес. Тіпті министрдің түсініктемелері бір-біріне қайшы келіп жатады. Бозымбаев сонда не дейді? оның халықты ығыр қылған жаттанды екі сөзі бар. Бірі, біздегі үш мұнай өңдеу зауыты кезек-кезек жөндеуге тұрғанын айту. Екіншісі бензин жағынан Ресейге тәуелдіміз дейді. Мұнай және газ саласының сарапшысы, экономист Сергей Смирновтың айтуынша:

      - Жанармай бағасының қарқынды өсіп келе жатқанына еш күмән келтермесек те болады. Мәселе егіс науқанында емес. Ақпан айында бензин екі рет өсті, наурыз айында тағы бір баға өсімі тіркелді, біздің бағалар Ресейдікімен теңелгенше осылай жалғаса береді.

      ЕАЭО аясында 2025 жылға қарай энергия ресурстарының бірыңғай нарығын құру туралы шешім қабылданды, тарифтер унификациясы Қазақстанның ішкі нарығында бағалардың қымбаттауына алып келеді. Мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялау да қарыз ақшаға жүргізіліп жатыр, кейін оларды устеме пайызымен қайтару керек болады. Ал, ақшаны қайдан алмақ? Әлбетте, автокөлік жүргізушілерден. Тұтынушылардың наразылығын тудырмас үшін жанармай бағасын осылай біртіндеп өсіреді.

      Баға қалай арзандасын? Модернизация қарызға алынған қаражаттың есебінен жүргізіліп жатыр – жобалар құрылып, валютаға құрылғылар сатып алынады... Бұл миллиардтаған долларды қайтару керек. Оның үстіне, мұнай компаниялары бағаларды төмендеткісі келмейді.

      Меніңше, бұл халықты тыныштандырып, болашаққа сеніммен қарауы үшін айтылған сөз. Уәде беру оңай ғой, бірақ, сол уәденің орындалуы екіталай. Жоспар бойынша МӨЗ модернизация 2009-2015 жылдары жүргізілуі тиіс еді, іс жүзіне келгенде уақытты жылжыта береді.

      Несіне таңқаласыз, мұндай жайт үнемі болып тұрады. Мәселен, қазір министрлік мұнай алу көлемі  81`миллион тоннаға ұлғаяды деп отыр. Қосымша көлемді негізінен Қашағаннан алмақшы, алайда, Қашаған өнімдерді бөлу туралы Келісімге сәйкес жұмыс істейді, акционерлер біздің зауыттарға шикізат жөнелтуге міндетті емес. Шикізатты ішкі нарыққа жібергеннен гөрі, шетелге сатқан тиімдірек,-  дейді сарапшы.

      Тоқтаңыз осы жереде «Қазмұнайгаз» Ұлттық Компаниясының үлесі бар емеспе? Ол не бітіріп отыр?  Үкімет оны ішкі нарыққа көбірек көңіл бөлуге неге міндеттемейді? Рас, «Қазмұнайгаз»-да қарызға белшесінен батқан. Сондықтан да олда мұнайды барынша шетелге сатқысы келеді. Әрі бұл компания мемлекетке тиесілі болғанмен, жеке компания сияқты жұмыс жасайды. Шындығында ұлттық ұйым ретінде қызмет етсе, елдің экономикасын бірінші орынға қояр еді. Күмән тудыратын шетелдік активтерді сатып алмас еді.

      Жақында ҚР Парламенті Мажілісінің депутаты Ерлан Барлыбаев  министр Болымбаевтың елді алдап жүргенін жайып салды. Сөйтсек тапшылық деген қолдан жасалады екен.  Депутаттың айтуынша республикамызда Атырау, Шымкент, Павлодардағы ірі мұнай өңдеу зауыттарынан басқа осы аймақтарда тағы 32 шағын кәсіпорын бар екен. Бір қызығы энергетика министрлігі сол кіші зауыттарға мұнайды өңдеумен айналысуға рұқсат етіп, шыққан өнімдерін сатуға тыйым салыпты. Бір қарағанда 32 шағын кәсіпорын жылына 6 миллион тонна мұнай шығаруға қауқарлы болып шықты.

      -Жоқшылық пен қымбатшылықтан құтылу үшін сол 32 шағын зауытқа бензин мен дизель отынынан басқа  да мұнай өнімдерін саудалауға рұқсат беру керек дейді депутат Е.Барлыбаев.

      Елемізде мұнаай өңдіру зауыттары толық қуатымен жұмыс жасамағалы біраз уақыт өтті. Бұл өз кезегінде жанармай бағасына әсер етуде.

      -Қарашығанаққа қатысты мәселе шешімін тапты. Осыған байланысты мұнай өңдіру және оны қайта өндеу көлемін арттыру қажет. Бұл үшін біз мұнай өңдейтін үш зауытымыз жұмыс істеу керек,- деп атап өткен болатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Мұнай өңдеуші зауыттар 15,8 млн. тонна қара алтынды өңдейді деп жоспарлаған екен. Соған жоғардағы 32 кіші кәсіпорынның 6 млн тонна өнімін қоссақ, 21,8 млн. тонна қара алтын болмай ма? Өткен жылы елімізде 6 млн. 200 мың автокөлік тіркеліпті. Яғни, автокөліктер жыл сайын өсіп жатқандықтан мұндай көлемдегі бензин ішкі сұранысты қамтамасыз ете алмайды. Себебі жаңа автомашиналарға Еуро-4 стандартындағы жанар- жағармай керек. Ал, біздегі зауыттар әлі күнге дейін Еуро-2 стандарттындағы бензин шығарып отырса, Ресейге әлі қанша уақыт  тәуелді болатындығымыз бір құдайға аян. Бүгіндері елеміздегі үш бірдей мұнай өңдеу зауыты тиімді жұмыс істейтін болса, ішкі нарықтағы сұраныста қамтамасыз етуге шамасы жетіп қалар еді. Не пайда, бізде бір тонна мұнайдан бар жоға 16 пайыз ғана бензин өңдіріледі. Осыдан төрт жыл бұрын президент Нұрсұтан Назарбаев өзінің халыққа жолдауында «Еліміз бензин мен дизель отынына мұқтаж, керосин жетіспейді. Біз мұнай өңдіруші елміз, тез арада жаңа мұнай өңдеу зауытын салу керек» деген. Осы жаңа зауытты салу жөнінде Жезқазған, Атырау, Ақтау қалалары таңдалып алынды да, бірақ жылжыған іс жоқ.  Өткен жылы президент жаңа зауыт жайында тағы да ескертті. Бір қызығы Үкіметте де, «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы да Елбасы тапсырмасын құлаққа ілген жан болмады. Сонда президент тапсырмасын кім орындайды? Өтірікті судай сапырып жүрген Бозымбаев па әлде «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясындағылар ма?  Осыны біле алмадық?


      Құттыгерей СМАДИЯР

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______     ___      ______   __   __   _____    
       /_____//   / _ \\   /_____//  \ \\/ // |  __ \\  
       `____ `   / //\ \\  `____ `    \ ` //  | |  \ || 
       /___//   |  ___  || /___//      | ||   | |__/ || 
       `__ `    |_||  |_|| `__ `       |_||   |_____//  
       /_//     `-`   `-`  /_//        `-`'    -----`   
       `-`                 `-`                          
      
       
      Наверх