Новости Атырау - Мунайлы Астана

    21 октябрь 2017, 3:22
      Қоғам 20.04.2017, 15:37 0 пікір 938 просмотров

      Университет халықаралық стандарттарға сай оқытуды жүзеге асырады

      Елбасы Н.Назарбаев ұсынған «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының»78-қадамында:«Назарбаев Университеті тәжірибесін ескере отырып, ЖОО-ЛАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ДЕРБЕСТІГІН кезең-кезеңімен кеңейту. Коммерциялық емес ұйымдардағы жекеменшік ЖОО-ларын халықаралық тәжірибеге сәйкес трансформациялау» делінген.


      Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыружөніндегі 100 нақты қадамның 78-ші қадамы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде толықтай жүзеге асуда. Бұл туралы Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Асхат ЧУКУРОВ айтып берді.

      Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорының айтуынша, 2016 жылдың желтоқсан айында және  2017 жылдың ақпан айында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен магистранттарының Назарбаев Университетінің өкілдерімен кездесу шаралары өткізілді.

      Кездесулер аясында Назарбаев Университетінің озық тәжірибелерімен танысып, білім алушыларды студенттер қатарына қабылдау, ғылым мектептерін жандардыру, академиялық бағдарламаларды басқару сұрақтары талқыланды. Кездесулерге Назарбаев Университетінің қабылдау департаментінің менеджері Әсем Илюсинова, Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің аға менеджері Диана Шалғымбаева, Жоғары бизнес мектебінің  өкілдері Анель Стамбекова мен Ричард Каслберри қатысты.

      Мұндай іс-шаралар Атырау мемлекеттік университетінде білім алушылардың өзекті ақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ университеттер арасында ынтымақтастықты нығайтуға ықпал жасайды. Назарбаев Университетінің академиялық және басқарушылық дербестікті жүзеге асыру механизмдері зерделеніп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен келесі шаралар жүзеге асырылуда.

      - Академиялық дербестікті кеңейту механизмдері білім бағдарламаларының сапасын заман талаптарына сәйкестендіру, білім алушылар контингентін жаңаша қалыптастыру, кәсіпорындармен серіктестікті нығайту, ESG стандарттарына негізделген аккредитациялардан өту секілді сұрақтарды қамтиды.

      Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ Атырау облысының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Атырау облыстық білім басқармасымен бірлесіп Білім алушының жалпы және кәсіби құзыреттіліктері базасын жасақтап, бекітті.

      Жалпы және кәсіби құзыреттіліктері базасы жұмыс берушілермен бірлесе отырып, жыл сайын жаңарып отырады. Әр оқытушы мен студентке, магистрге, жұмыс берушіге, ата- ана мен қызығушылық танытқан тұлғаға өз қажеттіліктеріне сәйкес базасын жаңартып отыруға мүмкіндік беріледі.

      Атырау мемлекеттік университеті халықаралық стандарттарға сәйкес оқыту мен бағалау әдістері мен технологияларын кеңінен зерттеп, еліміздің жағдайында  қолдануға икемделген модульдарды білім бағдарламаларына енгізді, олар: «Көшбасшылық және жетістікке жету психологиясы», «Жасыл экономика», «Жетістікті кәсіпкер»,«Менеджмент психологиясы» және т.б. Сонымен қатар, major-minor принципімен салаларалық білім бағдарламаларын әзірленуде. Келесі оқу жылына «Бизнес-информатика», «Актуарлы математика», «Киберпсихология», «Аймақтық экономика және жастар саясаты», «Экономика және мемлекеттік саясат», «Экономика және мемлекеттік активтерді басқару», «Құқық тарихы» секілді жаңаша форматта әзірленген бағдарламаларға студенттер мен магистранттар қабылдауға дайын, - дейді Чукуров мырза.

      Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Асхат Ералыұлының сөзіне сүйенсек, Білім және ғылым министрлігінің білім беру стандарттарына 2016 жылғы енгізген өзгерістерге сай қазіргі уақытта университет бакалавриатта 60 пайыз және магистратурада 75 пайыз білім бағдарламасын дербес реттеуге рұқсаты бар. Бұл көрсеткіштер сәйкесінше 80 және 90 пайызға дейін көтеріледі деп күтілуде.

      Сонымен қатар, университетте Студенттер алқасы құрылып, ай сайын студенттер университетте білімді және білім бағдарламаларын басқару процестеріне қатысты өз ұсыныстарын енгізе алады.

      Осы оқу жылында ендірілген жобалар арқылы оқыту студенттер тарапынан қолдау тауып, қызығушылықтарын білдіруде. Сәуір айында өтетін тіркеу кезеңінде студенттер жобалар орындауға да жазыла алады. Жобалар арқылы оқыту арқылы студенттер мен магистранттардың жаңа технологиялар ойлап табуына ықпал етіледі. Олардың өнертапқыштық икемділіктері артады. Студенттердің қол жеткізген бірегей нәтижелері үшін зияткерлік жеке меншік құқығын растайтын куәліктер алуына университет қолдау көрсетеді.

      Келесі оқу жылынан бастап аралас оқыту формалары оқу үдерісіне енеді. Аудиторияда отырып, тікелей профессорды тыңдау, қашықтықтан оқыту және ашық онлайн курстары арқылы білімді игеру формалары студенттер мен магистранттардың өз ынталары бойынша аралас қолданылады. Замануи озық технологиялармен шетелдік серіктес университеттердің курстарын қашықтықтан оқыту арқылы игертіледі. Қазіргі уақытта Майкрософт, Касперски Лабораторияларымен бірлесіп киберқауіпсіздік лабораториясын ашу туралы келіссөздер жүргізілді, алдағы уақытта лабораторияның тұсаукесерін жасаймыз деп жоспарлап отырмыз.

      Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетібілім беруде халықаралық стандарттарға сәйкестігін институционалды аккредиттеуден өту арқылы растады. Білім бағдарламаларының басым бөлігі арнайы аккредиттеуден өткен, осы жылы да біршама мамандықтарды аккредиттейміз деп жұмыстар атқарылып жатыр.

      - Басқарушылық дербестікті кеңейту механизмдері корпоративті басқару органдарын жасақтау, дамыту, көпшілік алдында есеп беру практикасын ендіру, жоғары оқу орнының басшыларын тағайындау және өкілеттігін анықтаудың жаңа механизмдерін қолдану, бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету сұрақтарын қамтиды. Осы бағытта Атырау мемлекеттік университетінде жасалып жатқан жұмыстар оң нәтижелерін көрсетуде.

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 шілдедегі №445 бұйрығымен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Байқау кеңесі құрылды. Оның құрамы 11 адамнан тұрады және 5 адам тәуелсіз бақылаушылар ретінде бекітілген. Осы оқу жылында Байқау кеңесі 3 рет отырысын өткізді. 2016 жылғы қазан айында өткен Байқау кеңесінің отырысында университет ректоры лауазымына үміткерлердің бағдарламалары тыңдалып, Атырау мемлекеттік университетінің ректоры жаңа форматта тағайындалды. Университеттің ректоры даму бағдарламасының барлық стратегиялық бағыттары бойынша және университет бюджетін тиімді пайдалану бойынша сұрақтарды Байқау кеңесінде талқылап, келісім алып отырады. Сонымен қатар, келесі айдан бастап Байқау кеңесіне тікелей бағынатын «Ішкі аудит қызметі» құрылады. Ішкі аудит қызметіне білікті мамандар тартылып, университет бюджеті мен басты бағыттар бойынша жұмыстарды тәуелсіз талқылап отыруды, аналитикалық сараптамалар жүргізуді, университет көрсеткіштеріне қатысты деректердің шынайы және нақты болуын қадағалап, Байқау кеңесінің алдында есеп беріп отырады, - деді департамент директоры.

      Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 78-қадамында: міндеттелген «Назарбаев Университеті тәжірибесін ескере отырып, ЖОО-ЛАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ДЕРБЕСТІГІН кезең-кезеңімен кеңейту. Коммерциялық емес ұйымдардағы жекеменшік ЖОО-ларын халықаралық тәжірибеге сәйкес трансформациялау» бағытындағы жұмыстар университетте әлі де жалғаса беретіндігіне сенім білдірді.


       Арайлым БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  __     ___     __   _      ___              
       | |/ //   / _ \\  | || | ||   / _ \\      ___   
       | ' //   / //\ \\ | '--' ||  / //\ \\    /   || 
       | . \\  |  ___  ||| .--. || |  ___  ||  | [] || 
       |_|\_\\ |_||  |_|||_|| |_|| |_||  |_||   \__ || 
       `-` --` `-`   `-` `-`  `-`  `-`   `-`     -|_|| 
                                                  `-`  
      
       
      Наверх