Новости Атырау - Мунайлы Астана

    14 декабрь 2017, 6:34
      Қоғам 28.04.2017, 19:22 0 пікір 661 просмотров

      Жұмыссыз жастарға арналған жәрмеңкеге әртүрлі жастағы 700-ге жуық жұмыссыз қатысты

      Бүгін, 28- сәуір күні, «Жастар еңбек биржасы» жобасы аясында Атыраудағы «Жастарға қызмет көрсету орталығында» бос жұмыс орындарына жәрмеңке өтті. Атырау облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, сондай- ақ, аталған орталықтың ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеде облыстағы 28 компанияның өкілі жұмыс іздеп келгендерге өздеріндегі сұраныстар бойынша сәйкес келетін мамандықтарға түйіндемелер қабылдады.


       «Жастар еңбек биржасы» жобасы- 16 мен 35 жас аралығындағы жастарға арналған болса да, екі қолға бір жұмыс жұмыс іздегеннің бәрі осы орталықты лық толтырды. Жәрмеңкенің жұмыссыз жастар үшін ұйымдастырылғанын келушілердің бәрі біліп тұрса да, оған мән беріп жатқан ешкім болмады- әрқайсысы өз түйіндемесін жұмыс ұсынушы компания өкілінің қолына ұстатып қалуға асығып жатты.

      -          Біздің орталық- жастармен жұмыс жасайтын болғандықтан, компанияларды өңірдегі жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында шақыртқан едік. Бірақ, қазіргі жағдай ешқандай қиындық келтіріп жатқан жоқ. Керісінше, жұмыс өтілі жақсы болса және мамандығы сұранысқа келетін болса, компания өкілдері 40-45 жастағы жұмыссыз адамдарды да жұмысқа қабылдап жатыр.

      Жалпы, таңертеңгі 10.00- ге белгіленген жәрмеңкеге жұмыс іздеп келушілер 09.00- ден бастап келе бастады. Бір айта кететіні, мұнда техникалық бағыттағы мамандықтарға ғана сұраныс көп. Ал, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жөнінде алдын ала әлеуметтік желілерде хабарландырулар жасалып, облыстық телеарнада жүгіртпе жолдар берілді. Сол себепті жәрмеңкеге жұмыссыздар аудандардан да келіп жатыр,- дейді «Жастарға қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасары Әйгерім ЖӘРДЕМҚЫЗЫ.

      Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне өзіміз көргендей, «Complex Catering  Company», «People of Service», «Болашақ Атырау», «Дэнхолм Жолдас», «Тридэ», «АЕВ», «Альфа Банк», «Юсс Суппорт Сервисез», «Уелком», «Ренко Кат», «Идеал», «Ритм Ойл», «Балапан» балабақшасы, «№28 балабақша», «РТГ Тильмаш», «Рубеж- Секьюрити», «Сенімді құрылыс», «Цунами Атырау», «Фиркрофт», «Ренессанс», «Дос суппорт», «Экуспертиз», «Қазақтелеком», «Сичим», «Дорчеказак Констракшн» т.с.с. ірі компаниялардың өкілдері қатысты. «Жастарға қызмет көрсету орталығы» мұндай шараны тек ұйымдастырумен ғана шектеліп қалған жоқ, сонымен қатар, жәрмеңкеге өз қызметкерлерін де қосып, келген жұмыссыздарға түйіндеме жазып беру мен көшірме жасау секілді қызметтер де көрсетті. Түйндемені дұрыс толтыру мен жұмысқа орналасудың қыр- сыры жөнінде  арнайы тренингтер өтіп жатса, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, күнкөріс деңгейі төмен отбасыдан шыққан жастарға арналған «Жүректен жүрекке!» еріктілер тобының «Білім ал!» атты бағдарламасы 11 бағыт бойынша «Кәсіптік білім берудің» тегін курсына жазылулар жүргізді.

      Орталықтың бір бұрышында жастар үшін «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының қатарына қабылдаулар болды.

      Жәрмеңкеде инженерлік- техникалық мамандықтарға ғана сұраныстар болғанымен, экономист, қаржыгер, заңгер, банк қызметкері секілді мамандықпен жұмыс іздеп келген жастар да болды. Олардың көбісі тіпті жұмыс өтілдері болмаса да, қол еңбегі жұмысынан көрі, жалақысы жоғары, яғни мекемеде құжаттармен ғана айналысатын жұмыстарды жасағысы келетінін жеткізді.

      Жұмыссыздарға үміт сыйлаған жәрмеңкеде өздеріне қажетті орыс және қазақ тобына тәрбиеші, медбике т.б. мамандықтар иесін іздеп келген қаламыздағы №28 балабақшаның әдіскерлерін әңгімеге тарттық.

      -          Біз балабақшаға негізінен мекемеге келетін, яғни мамандығы бойынша қабылдауымыз тиіс. Өкінішке орай, бізге келушілердің барлығының да дипломы біздің сұрап отырған «мектепке дейінгі тәрбие» мамандығына сәйкес болмай отыр. Түйіндеме тапсырушылардың басым бөлігі бастауыш сынып мұғалдімдері. Біздің балабақшаға жұмысқа тұру үшін еңбек өтілінің болуы маңызды емес, арнаулы орта немесе жоғары оқу орнын тәмамдаған болса да, мамандыққа сай дипломы болса жетіп жатыр,- дейді №28 балабақшаның әдіскері Тойған САПАРОВА.

      Айта кету керек, Атыраудағы «Жастарға қызмет көрсету орталығында» бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі биыл алғаш рет өткізіліп тұр. Орталық қызметкерлері жұмыссыз жастарға арналған мұндай жәрмеңкені тамыз айында тағы өткізуді жоспарлап отырғанын айтады.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ,

      фотолар автордыкі

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _      ___    __    __    _____     ______  
      | \  / ||   / _ \\  \ \\ / //  |  ___||  /_   _// 
      |  \/  ||  / //\ \\  \ \/ //   | ||__      | ||   
      | .  . || |  ___  ||  \  //    | ||__     _| ||   
      |_|\/|_|| |_||  |_||   \//     |_____||  /__//    
      `-`  `-`  `-`   `-`     `      `-----`   `--`     
                                                        
      
       
      Наверх