Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 1:59
      Экономика 03.05.2017, 13:05 0 пікір 402 просмотров

      НКОК медицина саласына да көмек берді

      Өткен аптада Солтүстік Каспий жобасының Операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» (НКОК) компаниясы Атырау облысында өткен жылы жүзеге асырылған 22 жобаның тұсаукесерін өткізді. Айта кету керек, бұл жобалар демеушілік және қайырымдылық бағытында іске асты.


      Осы жобалар қатарына жергілікті ауруханаларды қажетті жабдықтармен, мектептерді компьютер жабдықтарымен, арнаулы мектеп-интернаттарды ойын алаңдарымен қамтамасыз ету және басқа көптеген іс-шаралар кіреді. Аталғандардың барлығы Атырау және Маңғыстау облыстарындағы жергілікті қоғамдастықтарға «НКОК» компаниясы тарапынан дәстүр бойынша көрсетілетін көмектің арқасында жүзеге асырылды.Ал, 2016 жылы Атырау қаласы мен Исатай ауданында жүзеге асырылған 22 жобаның тұсаукесері Атырау қаласындағы «Ренко» қонақ үйінің мәжіліс залында өтті. Осы өңірде іске асырылған мүмкіндіктер туралы мәлімдеген «НКОК» компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесшісі Альбина Мұхамбетованың айтуынша, «НКОК» компаниясының қаражат бөлуінің  арқасында ауыр тіл мүкістігі бар балаларға арналған Атырау облыстық №3 арнаулы мектеп-интернаты барлық заманауи талаптарға сай келетін көшеге орнатылатын ойын жабдықтары кешенімен қамтамасыз ету мүмкін болған. Орнатылған ойын жабдығы толықтай қауіпсіз, экологиялық таза материалдардан жасалған және алаңдағы әрбір кешеннің барлық тиісті сынақтардан өткен сапа және сәйкестік сертификаттары бар. Сонымен қатар, компания Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің компьютерлік кабинетін толықтай жабдықтап берді.Атап айтқанда қажетті жиһазбен қамтамасыз етті, компьютерлер, интерактивті тақталар, мультимедиялық бейне проекторлар, бағдарламалық жасақтамалар мен басқа да құралдарды алып берді. Сондай-ақ, «НКОК» компаниясымен жүзеге асырылған жобалар ішінен Атырау облыстық перинаталдық орталыққа анестезияның барлық стандартты әдістерін қолдану мақсатында тапсырылған Fabius plus наркоздық тыныс алу аппаратын және босану бөлмесі үшін алынған арнайы медициналық зарарсыздандыру аппараты – жуу және дезинфекциялау автоматын атап өту қажет. Демеушілердің пікірінше, бұл игі іс - атыраулық нәрестелер мен олардың аналарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.Тұсаукесер барысында сөз сөйлеген «НКОК» компаниясының мемлекеттік органдармен қарым-қатынас және сыртқы байланыс жөніндегі менеджері Серік Идранов:

      -Компаниямыздың демеушілік және қайырымдылық жобаларын тапсыру рәсімін тұрақты өткізу дәстүрге айналды және Консорциум өз қызметін жүргізетін өңірлердегі жергілікті халыққа қолдау көрсету бойынша алған міндеттемелерін орындауды болашақта да жалғастыратындығын атап өткім келеді. Бүгін тапсырылып отырған жобалар осы сөзімнің дәлелі. Тапсырылып отырған демеушілік және қайырымдылық жобалары көптеген жергілікті тұрғындардың, соның ішінде балалардың – болашақ ұрпақтың игілігіне бағытталғандығы ерекше қуантады. Осындай жобалар арқылы Консорциум Атырау облысының өркендеуіне өзінің кезекті үлесін қосқанына сенімдімін, - деді. «НКОК» компаниясы өзінің демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы арқылы жергілікті қоғамның қажеттіліктері мен сұраныстары бойынша тікелей әрекет ететінін атап өткен жөн. Жыл сайын Атырау және Маңғыстау облыстары тұрғындарының игілігіне бағытталған демеушілік және қайырымдылық шараларына 1,5 млн. АҚШ доллары теңдей бөлінеді екен. Ал, бұл бағдарлама денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет және қайырымдылық сияқты бес негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылуда.Осындай жобаларды жүзеге асыру үшін 1998 жылдан бері 16 млн. АҚШ долларынан астам қаражат жұмсалған.Еске  сала кетейік, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясы 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы келісім мен оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар шеңберінде консорциум құрамындағы жеті серіктес компания атынан 11 блокта көмірсутегі қорларын барлау және өндіру жұмыстарының операторы ретінде қызмет атқарады. Солтүстік Каспий бойынша ӨБК шеңберіндегі мердігерлік учаскенің аумағы 5 600 шаршы километрді құрайды және Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 80 километр қашықтықта орналасқан Қашаған алып мұнай кен орнын қамтиды. Сонымен қатар, учаскеде Қаламқас-теңіз, Оңтүстік-батыс Қашаған, Ақтоты және Қайраң кен орындары бар. Консорциум мүшелерінің жобадағы қатысу үлестері – ҚМГ Қашаған Б.В. – 16,88 пайыз, Аджип Каспиан Си Б.В. – 16,81 пайыз, ЭксонМобил Қазақстан Инк.- 16,81 пайыз, Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В. – 16,81 пайыз, Тоталь ЭиП Қазақстан -16,81 пайыз, ҚҰМК Қазақстан Б.В. -  8,33 пайыз және Инпекс Норт Каспиан Си, Лтд -  7,56 пайызды құрайды.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ____      _____    __   __     ___     _    _   
       |  _ \\   |  ___||  \ \\/ //   / _ \\  | || | || 
       | |_| ||  | ||__     \   //   | / \ || | || | || 
       | .  //   | ||__     / . \\   | \_/ || | \\_/ || 
       |_|\_\\   |_____||  /_//\_\\   \___//   \____//  
       `-` --`   `-----`   `-`  --`   `---`     `---`   
                                                        
      
       
      Наверх