Новости Атырау - Мунайлы Астана

    23 октябрь 2017, 8:41
      Қоғам 03.05.2017, 13:12 0 пікір 398 просмотров

      Атырауда екінші STEM және Өнер фестивалі өтті

       Жуырда «Заңғар» жобасы аясында «Шеврон» компаниясы, APECPetroTechnic және жергілікті серіктес ұйымдармен әріптестікте Халықаралық жастар қорының (International Youth Foundation) ұйымдастыруымен екінші STEM және Өнер фестивалі өтті.


      STEAM – бұл Science (ғылым), Technology (технологиялар), Engineering (инженерия), Art (өнер) және Math (математика) ағылшын сөздерінің қысқартылған атауы. STEAM Fest Атырау жастарына инженерлік дизайн, бағдарламалау, робототехника және көптеген басқа ғылым негіздерін оңай жолмен үйрену арқылы нақты ғылымдар бойынша білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануға, яғни жастар арасында STEM-бағытын кеңінен танымалдандыруға бірегей мүмкіндік береді. Екінші фестивальдің ерекшелігі – ол қатысушыларға өнерді нақты ғылымдар тұрғысынан қарастыру және бір қарағанда, бір-бірімен байланысты емес екі бағыттың өзара байланысын көру мүмкіндігін береді. Фестивальде қатысушылардың жасына байланысты STEM және өнер бағыттары бойынша бағдарламалардың демо-нұсқалары мен мастер-класстар ұсынылды, оқушылар мен студентттер нақты ғылымдар саласындағы өз білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана алды.

      Екінші STEM және Өнер фестивалін өткізудегі басты мақсат – оқушылар мен студенттердің STEM-білім беруді үйренуге қызығушылықтарын арттыру және өнерді дамытудағы STEM мүмкіндіктерін мектеп оқушылары мен студенттерге көрсету. Сонымен қатар, Фестивальдің «Отбасыңмен қала сал!» ұраны іс-шараның отбасылық деңгейде өтетінін көрсетіп, балалар мен ата-аналарды өздерінің уақыттарын қызықты және пайдалы өткізуге үйретеді.

      Аталмыш шара «Шеврон» компаниясымен Атырау облысының әкімдігімен серіктестікте Халықаралық жастар қорымен жүзеге асырылып жатқан «Заңғар» жобасының бастамасы.

      - «Біздің барлық қонақтарымызға қызықты болсын деп, біз фестивалді барынша түрлендіруге тырыстық. «Заңғар» жобасының негізгі қатысушылары қаланың 10 мен 22 жас аралығындағы ғана жастар болса да, біз фестивальдарымызды отбасылар үшін ұйымдастырамыз. Осындай іс-шаралар арқылы біз STEM-оқытуды кеңінен таныстыруға және STEM отбасының қызықты және пайдалы уақыт өткізуіне айналуы мүмкін және негізгі тапсырмаларын оңай үйде орындауға болатын әдіс екенін көрсетуге ұмтыламыз», - деді Қазақстан Республикасындағы Халықаралық жастар қоры (International Youth Foundation Kazakhstan) өкілдігінің директоры Әсем Сәтмұханбетова.

      STEAM Фестивалі қатысушыларының жұмыстары өздеріне ортақ Zangar-City мен Дино-мұражайы жобаларын құрылысында көрініс тапты. Сонымен қатар, жастардың қатысуымен «Заңғар» жобасы робоклубтарының арасындағы спорттық робототехника бойынша сайыстары өтті.

      Халықаралық жастар қорының жергілікті серіктестері «Bolashak Engineering» пен «Sumato Batys» компаниялардың көмегімен STEM жаттығулардың алуан түрі ұйымдастырылды. Өнер бағытында Ш. Сариев атындағы Атырау облысы өнер мұражайы және «Bolashak Engineering» компаниясының түрлі инсталляциялары, сонымен қатар ArtLab өнер студиясы және зергерлік өнер мен қыш шеберлерінің мастер-класстары ұсынылды.

      Еске салсақ, «Заңғар» жобасы – Атырау жастарына арналған инновациялық және интерактивтік бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған «Шеврон» корпорациясының Атырау қаласы жастарын дамыту жобасының бір бөлігі. Жобаның атауы «Заңғар» деп жергілікті жастардың дауыс беруі нәтижесінде таңдалған. Өмірлік дағдыларды дамыту және ғылым, технология, инженерлік жобалау және математика салаларында функционалдық сауаттылық арқылы жастардың табысқа жетуін қамтамасыз ету үшін бұл екіжылдық пилоттық жоба бастауын алып отыр.

       Атырау облысының әкімдігі және Халықаралық жастар қорымен ынтымақтастықта жүзеге асырылатын бұл бастама жастарды интерактивтік тәсілмен, тәжірибе жүзінде және қоғамдық құбылыстарға қатыстыра отырып оқыту мен машықтандырудың бірегей жолы.

      Жергілікті қоғамдық ұйымдар, білім беру орындары және жергілікті іскерлік ұйымдармен бірігіп жүзеге асырылып жатқан бұл жобаның басты мақсаты – жұртшылықтың игілігіне бағытталған серпінді қызмет көрсету жүйесін құрып, аймақ жастарын оң бағытта дамытатын орта құру. Нәтижелі жұмыстың арқасында алға қойылған мақсаттар жүзеге асып жатыр.


       Арайлым БАҒЫТЖАН

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _     _____                ___     __   __  
      | |  | ||  |  ___||   ____      / _ \\   \ \\/ // 
      | |/\| ||  | ||__    |    \\   | / \ ||   \   //  
      |  /\  ||  | ||__    | [] ||   | \_/ ||   / . \\  
      |_// \_||  |_____||  |  __//    \___//   /_//\_\\ 
      `-`   `-`  `-----`   |_|`-`     `---`    `-`  --` 
                           `-`                          
      
       
      Наверх