Новости Атырау - Мунайлы Астана

    19 октябрь 2017, 11:38
      Аймақ 03.05.2017, 17:50 0 пікір 480 просмотров

      Отандық сервистік компания «Теңіз» кенішіндегі салып бітірген бетон зауытын қолданысқа берді

      Жиырма жылдан бері мұнай кен орындарында дәстүрлі құрылыс жұмыстарын жүргізіп, сервистік қызмет түрлерін көрсетіп келетін «Нефтестройсервис Лтд» компаниясы «Теңізшевройл» ЖШС- нің «Болашақ» кеңею жобасына арнайы тауарлық бетон өндіру зауытының 1-ші фазасын тапсырды.


      Белгілі болғанындай, құрылыс 2016 жылдың сәуірінде басталып, 2 кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде негізгі ғимарат пен цемент сақтау қоймаларын көтеріп, бетон араластырғыш жабдықты қондыру жұмыстары жүзеге асырылған болса, қазіргі уақытта 1-ші кезең жұмыстарының барлығы дерлік аяқталған. Осылайша екі бетон зауыты салынып, Түркияда жасалған бетон араластырғыш жабдық қолданысқа енгізілді.

      Әр зауыттың қуаттылығы 1 сағатта тапсырыс берушінің мықтылық, икемділік, аязға және сульфатқа төзімділігі бойынша барлық талаптарына жауап беретін В15, В25 және В35 маркалы 100 текше метр сапалы бетон шығаруға есептелген. Тұрмыстық қалдықтарды кері кәдеге жарату, бетон араластырғыштар мен бетон сорғыларын шаю мәселелерін бетонды рецинклингтеу жабдығы арқылы шешу қарастырылған. Нәтижесінде, өндіруші техникалық су мен құм-шебінді қоспа алып, әрі қарай кәдеге жаратады.

      Зауыт құрылысының бірінші кезеңінде шетелдік мамандарды қосқанда барлығы 500 адам жұмысқа тартылған. Қазір бір зауытта 30 қызметкер жұмыс жасап келетін болса, болашақта 90 адамға дейін көбейту жоспарланып отыр.

      -         Бүгін кеніштегі индустриалдық аумақта сағатына 200 текше метр бетон дайындайтын зауыт межелеген мерзімде іске қосылды.  Құрылыс жұмыстары кезінде «Нефтестройсервис Лтд» ЖШС жарақтар мен тосын жағдайлар орын алмаған 1 млн жұмыс сағатын өткізді. Қазіргі уақытты жұмыстардың екінші кезеңі аясында су сақтайтын 1000 текше метрлік екі резервуар, зертхана, МАС және кеңселік ғимарат салу жұмыстары жүріп жатыр. Заманауи зертхана бетон мен бетон қоспасына барлық қажетті сынақтарды өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зертханада бетон құрамының мықтылығы мен оны арзандатуға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілетін болады. Одан бөлек, тапсырыс берушінің күшімен қызметкерлерге арналған 100 адамдық асхана салынады. Заманауи технологиялар негізінде жұмыс істейтін зауыттың өндірістік саласында 30 инженер, оператор секілді мамандар еңбек ететін болады,- дейді сервистік компанияның бизнесті дамыту жөніндегі менеджері Әминә АҚДРАШЕВА.

      Отандық компанияның инженері Михаил ЧАРЛИННІҢ сөзінше, зауыттағы барлық жұмыс автоматты түрде басқарылады.  Яғни, мұндағы су, цемент, қиыршық тас секілді инертті материалдар мен химиялық қоспалардың барлығын компьютерлік қондырғылар өзі өлшеп, өндіріске жібереді.

      -         Өндірістегі жаңа технологиялар қол күшін айтарлықтай азайтып, керісінше өнім сапасын арттырды. Бетон зауытының өніміне төрт жылға алдын- ала нақты тапсырыс түсіп тұр. Жоспарға сәйкес, өндіріске қосымша 60 жергілікті маман жұмысқа қабылданады. Теңіз кенішінің болашақ даму жоспарына енгізілген осындай серпінді жобалары қазақстандық үлестің артуына үлес қосып жатыр.   Бұл ретте «Нефтестройсервис Лтд» ЖШС компаниясы «ТШО», «Қазмұнайгаз» АҚ, «ҚазТрансОйл», NCOC N.V, «ЖайықМұнай», «КПО» сияқты ұйымдармен әріптестікте жұмыс жасап келеді,- дейді Михаил ЧАРЛИН.

      Айта кетейік, салтанатты жиын негізінен, аталған жобаны жүзеге асыруда басшылық еткен, жұмыс барысын үйлестіріп, тапсырысшының сенімін ақтаған сервистік компанияның бизнесті дамыту жөніндегі директоры Сүлеймен АҚДРАШЕВТІҢ рухы мен құрметіне арналды. Ал, жалпы «НефтеСтройСервис Лтд» ЖШС (НСС) құрылыс пен мұнайсервисі нарығында 1997 жылы құрылған болатын. Алғашқы жұмыстар шетелдік ұйымдарға білікті жергілікті жұмыс күші ретінде 27 қызметкері бар ұжыммен атқарылды. Бүгінде «НСС» Батыс Қазақстанның ең ірі құрылыс және мұнайсервистеу компанияларының бірі болып табылады.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ,

      фотоларды түсірген автор

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____      ___      ______    ______  __    __  
       /  ___||   / _ \\   /_____//  /_   _// \ \\ / // 
      | // __    / //\ \\  `____ `    -| ||-   \ \/ //  
      | \\_\ || |  ___  || /___//     _| ||_    \  //   
       \____//  |_||  |_|| `__ `     /_____//    \//    
        `---`   `-`   `-`  /_//      `-----`      `     
                           `-`                          
      
       
      Наверх