Новости Атырау - Мунайлы Астана

    18 октябрь 2017, 11:50
      Аймақ 04.05.2017, 12:30 0 пікір 443 просмотров

      Атырауда суицид саны өсіп отыр

      Өңірде заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысы прокуратурасы жанындағы Консультативтік кеңестің отырысы өтті. Онда ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының ұсынысымен облыста суицид жасау фактілерінің өсу себептері мен осы бағыттажасалып жатқан алдын алу шаралары туралы мәселе қаралды.


      Уәкілетті және құқық қорғау органдарының өкілдері мен жергілікті құрылымдылық атқару органдарының қызметкерлері қатысқанКонсультативтік кеңес отырысында алдымен өткен жылы өз-өзіне қол жұмсау, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактілерінің өсу себептері талқыланды. Бұл жөнінде баяндама жасаған басқарманың бөлімі бастығы Е.Қошахановтың айтуынша, өткен жылы суицидке қатысты тіркелген сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірістеріне талдау жұмыстары жүргізілгенде республика бойынша өз-өзіне қол жұмсау, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегімен 9 864 сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірістері тіркелген. Бұл көрсеткіштің  2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,8 пайызға өскендігі анықталған. Ал, олардың ішінде өліммен аяқталғандар саны 5,5 пайызға өсіп отыр.Ресми дерекке сүйенсек, әлемдік денсаулық сақтау ұйымының 2014 жылғы мәліметі бойыншаҚазақстан өз-өзіне қол жұмсау, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегімен 10-орында тұр. Яғни, жыл сайын 6000-ға жуық өзіне қол жұмсайтын көрінеді. Ал, біздің облыста өткен жылы 91 адам өз – өзіне қол жұмсаса, 233 адам өзін өлтіруге дейін барған.

      -Өз-өзіне қол жұмсау дерегімен тіркелген тергеп-тексеру өндірістерін аумақтарына қарай бөлетін болсақ, Атырау қаласында 18-ден 35-ке, Жылыой ауданында 8-ден 15-ке, Махамбет ауданында 7-ден 9-ға өсіп, керісінше, Индер ауданында 15-тен 5-ке, Исатай ауданында 2-ден 0-ге, Құрманғазы ауданында - 20-дан 15-ке, Мақат ауданында 8-ден 6-ға төмендеген. Ал,  өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізумен тіркелген тергеп-тексеру өндірістерін саралағанда  Атырау қаласында мұндай оқиға 286 пайызға немесе 43-тен 166-ға артып кеткен. Аудандарда да осындай жағдай. Мысалы,  Жылыой ауданында 14-тен 33-ке, Индер ауданында 2-ден 6-ға, Құрманғазы ауданында 4-тен 9-ға, Қызылқоға ауданында 1-ден 5-ке,  Мақат ауданында 7-ден 13-ке, Махамбет ауданында 0-ден 1-ге өскені байқалды. Исатай ауданында ағымдағы жылы және өткен жылы мұндай деректер тіркелмеген. Өліммен аяқталған немесе өз-өзіне қол жұмсауға ұмтылғандардың142-сі ер адамдар болса,182-сі әйелдер. Соның ішінде 70 ер адам мен 163 әйел өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген.Талдау барысы облыста өз-өзіне қол жұмсағандардың басым көпшілігі ер адамдар болса, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізгендердің басым көпшілігі әйелдер екенін көрсетті. Ал, жасы кәмелетке толмағандар арасында өткен жылы 22 оқиға орын алып, 12 пайыз азайып отыр. Жас шамасына келсек, көбінесе осындай қадамға баратындар 18-24 жас, 25-29 жас, 35-44 жас аралығындағылар. Оның ішінде өзін – өзі өлтіруге ұмтылғандардың басым көпшілігі 18-29, 35-44 жас аралығындағы азаматтар болса, өліммен аяқталғандардың басым көпшілігі 25-29, 35-54 жас аралығындағы азаматтармен жасалған.Өз-өзіне қол жұмсау мен өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізудің себеп-салдарын, оған итермелеген күштерді тергеу барысында анықтау қылмыстық қудалау органдарына жүктелгендіктен, аталған деректер бойынша тергеп-тексеру өндірістерін зерделеу барысында аяқталған өз-өзіне қол жұмсау 59 деректерінің себеп салдары анықталмаса,11 оқиға жалғыздық, 2 дерек тума-туыстарына ренжу, 2-уі ажырасу салдарынан орын алған. Ал, деректердің 1,1 пайызында қаражат жағдайы, отбасылық жанжал, денсаулығының төмендеуі, жауаптылықтан жалтару екендігі анықталды. Деректердің 82,4 пайызында асылып қалу, 3,3 пайызы өз-өзін кесу, 2,2 пайызы суға бату мен улану, 1,1 пайызы биіктіктен секіру, өз-өзін өртеу, ату қаруын пайдаланып жасалған. Сондай-ақ, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу деректерінің 19,3 пайызының себеп салдары  анықталмаған. Біздің ойымызша, осы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізудің себеп-салдарын анықтамау, қылмыстық қудалау органдарымен алдын - ала тергеу жұмыстарының сапасыздығынан орын алған. Жалпы, қылмыстық қудалау органына түскен хабарлама, Қазақстан Республикасы қылмыстық, қылмыстық-процестік Кодекстері талабына сай жүргізілуі қажет.Алайда, қылмыстық қудалау органдарымен аталған бағыттағы өндірістерде себеп-салдарын анықтамау, яғни тергеп-тексеру өндірісін объективті, толыққанды тексермеу әдетке айналған.Мысалы, өткен жылы 23 қаңтар күні 1974 жылы туған М.Жұмағалиева өз-өзіне қол жұмсау мақсатында «Уксус» сұйықтық затын ішу арқылы уланып, облыстық ауруханасына түскен.Аталған дерек, Атырау қалалық ішкі істер басқармасы №1-ші қалалық полиция бөлімшесінің тергеушісі полиция лейтенанты  Е. Медетовпен ҚР ҚК-нің 105 бабы негізінде «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесіне тіркеліп, өндірісіне қабылданған.Өндірісті зерделеу барысында, М.Жұмағалиеваның ешкімге қояр талап арызы жоқ екендігін көрсетекенімен, сондай-ақ, оның туысыныңбұл іске ешкімнің итермелемегендігі жөніндегі жауап берілгенімен, жауап алу хаттамасында Жұмағалиевадан өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген себеп салдары анықталмаған.Дәл осындай кемшіліктер, 44 сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірістерінде орын алған.Бұл кемшіліктердің нәтижесінде, өз-өзіне қол жұмсау, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу деректері осы азаматтармен қайталануы мүмкін. Қайталау деректері де бар. Мысалы, 1991 жылғы жаза өтеуші І.Ахметова өткен жылдың 3 наурызында Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің 157/11 мемлекеттік мекемесінде асылуға оқталған. Сол жылдың 16 қыркүйегінде 157/9 жаза өтеу, түзеу колониясында дәрі ішіп, өзін-өзі өлтірген. Осы тектес, 1988 жылғы А. Ибраевада 157/11 жаза өтеу колониясында жазасын өтеп жүріп,өткен жылы 7 мамырда өзінің қол білегін кесу арқылы, сондай-ақ, 1982 жылғы А. Утешова 16 сәуірде өз  үйінде қол білегін, ал, 23 қарашада дәрі - дәрмек ішіп, өз-өздерін өлтіруге дейін жеткізген.Бұдан басқа, талдау барысында анықталғандай, 1999 жылы туған жасөспірім К.Бережная 15 маусымда өз пәтерінде қызғылт түсті орамалға асылып көз жұмған.Тергеу барысында, К.Бережнаяның туған-туыстарынан ешкімге қояр талап арызы жоқ екендігі жөнінде түсініктемелер алынып, құрбысы А.Шимнен жауап алу хаттамасында: «Карина маған суицид туралы үнемі айтатынын, сонымен қоса бұған дейін де қолын кескендігін, соңғы уақытта Карина сабырлы болғанын, 2015 жылдың қыс мезгілінде интернет жүйесі арқылы «50 дней до моего самоубийства» атты кітап жинағын оқып, күн санағанын» - көрсеткен.Бұл әрине, ғаламтор жүйесінің ашықтығы, қоғамға жат іс-әрекеттерге итермелейтін қажеті жоқ мәліметтердің кеңінен таралуының нәтижесі. Бәрімізге белгілі, бүгінде ғаламтордағы ойындар еліміз бойынша

      жасөспірімдердің өз – өздеріне қол жұмсауына себеп болуда. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары»-делінген. Сондықтан біз жоғарыда аталған оқиғалардың алдын алуымыз керек. Яғни, жоғарыда атап өткен жәйттардың орын алу себептерін анықтамай, тиісті алдын алу іс-шараларын жүргізбей, өз-өзіне қол жұмсау, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу деректерімен күреспей, азаматтардың өмірін сақтап қала алмаймыз, - деді Е.Қошаханов өз сөзінде. Консультативтік кеңеске қатысушылар облыста суицидтің алдын алу үшін басқарма тарапынан ұсынылған атқарылуы тиіс бірқатар шараларды қарап, бірлесіп атқару үшін келісімге келді. Яғни, алдағы уақытта облыстық білім басқармасы суицидті мінез – құлықты қалыптастыруға ықпал ететін факторлардың алдын алу бойынша педагог-психологтардың жұмысын ұйымдастырып және жоғары оқу орындары мен орта білім беру мекемелерінде барлық оқушылармен «Өмірлік» құндылықтарды үгіттейтін тәрбиелік жұмыстарға қатысып, «Мен өмірді таңдаймын!», «Өмір тамаша!» тақырыптарына сыныптық сағат пен тренингтер өткізу керек. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде, ұйымдарда басқа да мекемелерде жедел психологиялық көмек алу үшін, сондай-ақ қалалық «сенім телефоны» арқылы жедел көмек алуға болатындығы жайлы оқушыларды ақпараттандыру қажет.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
      __    __   __   __   __   _      ___      ______  
      \ \\ / //  \ \\/ // | || | ||   / _ \\   /_____// 
       \ \/ //    \ ` //  | '--' ||  | / \ ||  `____ `  
        \  //      | ||   | .--. ||  | \_/ ||  /___//   
         \//       |_||   |_|| |_||   \___//   `__ `    
          `        `-`'   `-`  `-`    `---`    /_//     
                                               `-`      
      
       
      Наверх