Новости Атырау - Мунайлы Астана

    23 октябрь 2017, 8:41
      Қоғам 04.05.2017, 16:19 0 пікір 363 просмотров

      Елбасы мақаласын талқылауға арналды.

      Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі хабарлағандай,  Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының шешімімен 2017 жылдың 20 сәуір күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылауға бағытталған Бірыңғай республикалық күні ретінде бекітілді.


      20 сәуір күні Достық үйінде Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Атырау облысының ҚХА активі өтті. Барлығы 80 адам қатысты.

      Жиынға Атырау облысының ҚХА ғылыми- сарапшылық тобының мүшелері, облыстық және аудандық мемлекеттік органдардың өкілдері, республикалық және облыстық БАҚ өкілдері қатысты.

      Іс-шараны модератор Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Аман-Турлина Тамара Өтегенқызы ашты. Ол өз сөзінде «Қазақстан бүгінгі күнде экономикалық жаңғырту жолында тұр, бірақ рухани құрамдас бөлігі болмаса барлық осы реформалардың мағынасы жоқ». «Табысты мемлекет – бұл, ең алдымен, табысты адамдар» "Қазақстанның жүз жаңа есімдердің» ішінде көптеген Атыраулық тарда орын табады деп сенімділік білдірді.

      Жиын барысында мақалада көрсетілген «Ұлттық сана», «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «100 жаңа есім», «Мәдени-географиялық белдеу», «Бәсекелік қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» және өзге де мәселелер турасында кеңінен әңгіме қозғалып, қатысушылар тарапынан қолдауға ие болды.

      Аталған шараға Атырау телеарнасы; республикалық «Егемен Қазақстан», облыстық қоғамдық-саяси «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттерінің өкілдері арнайы шақырылып, облыстық ҚХА ҒСТ мүшесі Өтелбаев К.Т., «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Аман-Турлина Т.Ө., Атырау облысы Исатай ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Шәгіров С.Ж. сұхбат берді.


      Арай НҰҒМАНОВА

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _     ______    _____    _    _     _  _   
      | || | ||  /_   _//  |__  //  | || | ||  | \| || 
      | || | ||   -| ||-     / //   | || | ||  |  ' || 
      | \\_/ ||   _| ||_    / //__  | \\_/ ||  | .  || 
       \____//   /_____//  /_____||  \____//   |_|\_|| 
        `---`    `-----`   `-----`    `---`    `-` -`  
                                                       
      
       
      Наверх