Новости Атырау - Мунайлы Астана

    17 октябрь 2017, 17:11
      Аймақ 04.05.2017, 16:22 0 пікір 440 просмотров

      Махамбетте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

      Жұмыссыздықты болдырмау мақсатында бос жұмыс орындары қаламызда жиі өткізіледі. Ендігі кезде бұл үрдіс аудандарда да жиі белең алуда.


      Осындай игілікті іс өткен аптада Махамбет ауданында орын алды. Махамбет ауданында "Өнерпаз" мəдениет үйінде өткізілген «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін» Жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырды. 

      Жәрмеңкеге жұмыс сұрап келген жергілікті тұрғындар көптеп келді. Жұмыс ұсынған мекемелер де баршылық. Атап өтер болсақ, "Энергомост" ЖШС, "Кис Орион" ЖШС, "Денхолм Жолдас» ЖШС, "ССС", "Болашақ - Атырау" компаниялары, "Сичим С.п.А Казахстан" ЖШС мекемелерінен келген өкілдер 246 жұмыс орындарын ұсынды.

      Жәрмеңкеден жолы болы болғандар да бар. Мәселен, 56 жұмыс іздеушінің түйіндемелері қабылданды. Жәрмеңкенің нәтижесінен байқағанымыздай, дəнекерлеуші, сантехник, техника қауіпсіздігі инженері, құрылыс сатысын құрастырушы, экономист, құрылысшы - монтажник т.б. мамандықтарға сұраныс көп болды.

      Жалпы, жұмыспен қамту мәселесі өзекті мәселелер қатарынан қалмақ емес. Елімізде жұмыссыздар санын азайтып, яғни жұмыссыздық мәселесін оңтайлы шешу мақсатында қолға алынып жатырған жұмыстар жетерлік. Олардың ішінде оң нәтижесін де беріп жатырғандары орасан зор. Жұмыссыздықты болдырмау мақсатында қолға алынған «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының көрсеткіші айтарлықтай. Дәл осы бағдарлама аясында жұмысқа тұрып немесе өз кәсібін ашып жатырғандар қаншама?!

      Қала ішінде, аудандарда ұдайы өткізіліп жүрген «Бос жұмыс орындарының» жәрмеңкесі де жұмыссыз жүргендерге көп көмегін тигізуде. Себебі, жәрмеңкенің нәтижесінде жұмысқа тұрып жатырғандар аз емес. Игілікті іс жалғаса берсе, нұр үстіне нұр болар!


      Арай Нұғыманова

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __   __   __   _    _    _    _     ______  
       \ \\/ //  \ \\/ // | \  / || | || | ||  /_   _// 
        \   //    \ ` //  |  \/  || | || | ||  `-| |,-  
        / . \\     | ||   | .  . || | \\_/ ||    | ||   
       /_//\_\\    |_||   |_|\/|_||  \____//     |_||   
       `-`  --`    `-`'   `-`  `-`    `---`      `-`'   
                                                        
      
       
      Наверх