Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 11:32
      Аймақ 11.05.2017, 11:49 0 пікір 468 просмотров

      Жас құтқарушылар сайысты

      Өткен аптада Атырау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» , «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» мемлекеттік мекемелерімен және қалалық білім бөлімімен бірлесіп, «Жас құтқарушылардың» қалалық сайысын өткізді.


      Атырау қаласының ТЖБ инженері Азаматтық қорғау капитаны Э. Ғұмарованың айтуынша,

      аталған сайыс - балаларға өрт қауіпсіздігі қағидаларын үйрету жұмысының тиімділігін арттыру, оқушыларды өрт қауіпсіздігін насихаттауға белсенді тарту, өрт-техникалық білімді және өрт-құтқару спортының негіздерін білуге үйрету, тіршілік қауіпсіздігініңнегіздерін, салауатты өмір салтын насихаттау және  балалардың отпен ойнауынан болатын өрттердің алдын алу, сондай-ақ, осы сала қызметіне жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған.Сайысқа Атырау қаласындағы орта мектептерден 5 команда қатысып,  олар 7 кезеңнен өтті. Бірінші кезеңді қатысушылар жеребе таңдаудан және сәлемдесуден бастаса, екінші кезеңде жас құтқарушылар жасақтары «Мен құтқарушымын!» тақырыбында өрт сөндірушілердің қызметі бейнеленген қабырға газеттерін таныстырды. Ең қызықтысы үшіншісі кезең - «Жауынгерлік қанат жаю» болды.Бұл сайыста қатысушылар кедергілерден өтіп, кейін бірден төртінші кезеңге көшті.Яғни, командалар альпинистік жабдықтармен жұмыс жасау дағдыларын көрсетті.Одан кейін «Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету» кезеңінде зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Сондай-ақ, қатысушылар табиғи орта жағдайындажәне су айдындарында іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізді. Қызықты да тартысты өткен сайыста  жалпы командалық бірінші орынды №17 мектеп-лицейінің командасы жеңіп алып, арнайы кубокпен және грамотамен марапатталды. Ал, екінші орынды Ө. Атамбаев атындағы №8 мектеп, үшінші орынды С. Датов атындағы №26 мектептердің командалары өзара бөлісті. Сайыс сқңында жеңімпаздар мен команда жетекшілері де грамотамен марапатталды. Мамандар пікірінше, мұндай шаралар жас жеткіншектерді төтенше жағдай орын алғанда немесе өрт кезінде қандай іс-әрекет жасауға, түрлі қауіп - қатердің алдын алуға үйретеді.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______     ___       _____     ___     _____    
       /_____//   / _ \\    / ___//   / _ \\  |  __ \\  
       `____ `   | / \ ||   \___ \\  / //\ \\ | |  \ || 
       /___//    | \_/ ||   /    // |  ___  ||| |__/ || 
       `__ `      \___//   /____//  |_||  |_|||_____//  
       /_//       `---`   `-----`   `-`   `-`  -----`   
       `-`                                              
      
       
      Наверх