Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 1:58
      Қоғам 11.05.2017, 11:59 0 пікір 428 просмотров

      Болашаққа бағытталған бастама

       Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы халқымыздың мәдени және рухани дамуы, білімі, ұлт біртұтастығы секілді құндылықтарды қозғайды. Атырау мемлекеттік университеті Ғылым департаментінің басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Ания Ермагамбетова осындай пікірде.


      -         Мұнда мемлекет басшысы  өткенді ой елегінен өткізіп, бүгінгі

      күнді саралап, келер күнге нық сеніммен қадам басу керектігін айтты.

      Президентіміз үшінші жаңғыру үдерістерінің мақсаттары мен міндеттерін көрегендікпен нақтылай отырып, енді рухани жаңғырудың Жолдауы іспетті бағдарламалық мақаласын халқымызға жариялап, сәулесі бар саналарды дүр сілкіндірді. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озық жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.

      Өзім кәсіби тарихшы болғаннан кейін, оның үстіне студент жастармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап жүрген маман ретінде мақаланы жарияланған сәтте-ақ оқып шықтым.  Өйткені жалпы рухқа, білімге, ұлттық санаға, тарихқа қатысты мәселелер қозғалғанда елеңдеп отыру дағдыға айналды десем де болады. Себебі, кейбір елдерде орын алып отырған террористік ахуал, тұрақсыздық сияқты жағдайлар алаңдатпай қоймайды. Болашаққа деген үрей, қорқыныш туғызатындығы да жасырын емес. Сондықтан мақаланың дер кезінде жариялануын және оның болашаққа деген сенімді жоғалтып алмау үшін үлкен серпін беретіндігін айтқым келеді, - дейді  тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Ания Ермагамбетова.


      Арайлым БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _     ______    ______   _    _     ____    
      | || | ||  /_   _//  /_   _// | || | ||  |  _ \\  
      | || | ||   -| ||-     | ||   | || | ||  | |_| || 
      | \\_/ ||   _| ||_    _| ||   | \\_/ ||  | .  //  
       \____//   /_____//  /__//     \____//   |_|\_\\  
        `---`    `-----`   `--`       `---`    `-` --`  
                                                        
      
       
      Наверх