Новости Атырау - Мунайлы Астана

    18 октябрь 2017, 11:49
      Экономика 11.05.2017, 12:12 0 пікір 502 просмотров

      Ұлы Отан соғысының ардагерлері ұлықталды

      5 мамыр күні Солтүстік Каспий Жобасының Операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясы (НКОК) 9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы шеңберінде Солтүстік Каспий Консорциумы атынан Атырау және Ақтау қалаларындағы Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлеріне шипажай жолдамалары мен сыйлықтарын табыс етті.


      Салтанатты шараға Қатимолла Ризуанов,     Махмут Көргенов,     Толемис Кизатов,  Абат Кенжеғали, Хамза Ғабдолла,    Турсынбай Бахтияров,   Сәбит Халенов,     Қуат Мыңтұрганов,   Калаш Жанғабылов сынды Атырау облыстық, қалалық, Мақат аудандық Ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты. НКОК компаниясы біздің облыстан 65, Маңғыстау облысынан 65 соғыс ардагерлеріне емдеу - сауықтыру шипажайларына жолдама берді. Шара кезінде сөз сөйлеген «НКОК» компаниясының корпоративтік қызметтер директоры Балтабай Қуанышев: «Ондаған жылдар бойы Жеңіс күні еліміздің барлық азаматтары үшін ерекше мереке болып келеді. Біз қымбатты ардагерлерімізге шын жүректен алғыс айта отырып, гуманистік құндылықтар үшін соғыста көз жұмған миллиондаған құрбандардың алдында басымызды иеміз. Біз майданнан үйге жеңіс алып келген жауынгерлеріміздің ерлігін әрқашан есте тұтатын боламыз!» деп атап өтті. Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлеріне құрмет көрсете отырып, «НКОК» компаниясының жаңа жобалар жөніндегі директоры Дэвид МакКой Кудлак Атырау өңіріндегі үш бірдей Ардагерлер кеңесінің мүшелеріне «Атырау» шипажайына 65 жолдаманы табыс етті. Аталған шипажайда ардагерлерге тиісті медициналық көмек көрсетілетін болады. Ал, ардагерлер өз тарапынан көрсетілген қолдауға алғыстарын білдіре отырып, бұл үлестің олардың күнделікті өмірін ұйымдастырудағы, дене күштері мен моральдық рухтарын лайықты деңгейде қолдаудағы ықпалды да маңызды көмек екенін атап өтті. Мұндай мерекелік шара 11 мамыр күні Ақтау қаласында Маңғыстау облысы бойынша жүзеге асырылған 36 демеушілік және қайырымдылық жоба бойынша жалпы презентация жасау шеңберінде өткізілетін болады. Бұл өңірде Ақтау қаласының және Түпқараған ауданының ардагерлеріне «Шипагер» сауықтыру орталығының 65 шипажай жолдамасы табыс етілетін болады. Айта кетейік, Жеңіс күніне орайластырылған бұл шаралар Солтүстік Каспий Консорциумы өткізіп отырған ауқымды қайырымдылық және қоғамдық қызметтің ажырамас бөлігі болып отыр. Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және мәдени мұра, спорт салаларына қолдау көрсетуге, сонымен қатар тұрмыс деңгейі нашар отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясының Солтүстік Каспий жобасын дамытуда алға қойған маңызды міндеттерінің бірі.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
         _____   __   __   _    _    __   __   _    _   
        / ___//  \ \\/ // | \  / ||  \ \\/ // | |  | || 
        \___ \\   \ ` //  |  \/  ||   \ ` //  | |/\| || 
        /    //    | ||   | .  . ||    | ||   |  /\  || 
       /____//     |_||   |_|\/|_||    |_||   |_// \_|| 
      `-----`      `-`'   `-`  `-`     `-`'   `-`   `-` 
                                                        
      
       
      Наверх