Новости Атырау - Мунайлы Астана

    20 октябрь 2017, 20:00
      Аймақ 11.05.2017, 12:25 0 пікір 573 просмотров

      Жастардың төл міндеті – рухани жаңғыру

      Жаңғыру баянды болашаққа жетелейді. Маңызды құжатты әрбір қазақстандық үлкен серпіліспен қабылдап, үн қосуда.


      Айдар Рамазанұлы Сабыров, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Педагогика кафедра-лабораториясының доценті:

      Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында концептуалды мәселелер қозғалған. Атап айтқанда, ұлттық сананы жаңғырту ерекше орында тұр. Рухани жаңғыру үшін ұлттық менталитет пен ұлттық кодтың сақталуына айрықша мән беруіміз қажет. Егер ұлттық менталитет әрбір ұлттың өзіндік бітім-болмысы болса, ал ұлттық код – рухани сананың алтын өзегі болуға тиісті. Сондықтан да Елбасы «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу» деп орынды атап көрсетті. Мемлекет басшысының аталмыш бағдарламалық мақаласындағы көкейкесті ой-пікірлерді Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті күнделікті оқу-тәрбие үдерісінде іс жүзіне асырып отыр.

      Мақалада атап көрсетілгендей, қазіргі жастар өзіне үлгі тұтар тұлғалардан өнеге ала білуі керек. Осыған орай 1 курстың биология, шет тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, бейнелеу өнері және сызу мамандықтарының студенттері «Мен үлгі тұтар мұғалім», «Мен үлгі тұтар жеке тұлға», «Мен үлгі тұтар ата-ана», «Мен үлгі тұтар дос» атты тақырыптарда педагогикалық эссе жазып, өрелі ой-пікірлерін көрсете білді. Әсіресе, Айзада Измағанова, Жазира Ғарифуллина, Арайлым Шүйішева, Мөлдір Шаймарданова, Айнұр Бағыт, Айкөркем Нұрнияз сынды студенттер ерекше білім үлгісін танытып, үздіктер қатарынан табылды.

      Елбасы мақаласында «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – табыстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірі» деп көрсетеді. Сондықтан біз 2 курстың математика, физика, биология, химия, география, шет тілі, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына «Этнопедагогика» пәнін өткен кезде жекелеген ұлттардың салт-дәстүр мен әдет-ғұрпынан жүйелі түрде тәрбие сағаттарын өткізіп келеміз. Сондай тәрбие сағаттарында студенттеріміз айрықша біліктілік пен іскерлік таныта отырып, орыс, үнді, өзбек, испан, әзірбайжан, жапон, түрік, корей, француз, қытай, итальян, араб ұлттарының озық дәстүрлерін кеңінен насихаттай білді.

      Президентіміз осы мақаласында «Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды» деп ерекше атап өтті. Осы бағытта да өзіндік іс-әрекетімізді байқата білудеміз. Жоғарыда аталған топтардағы барлық 119 студент «Мен қазақ қызымын, жаһандану үдерісінде қандай болуым керек?!» және «Мен қазақ жігітімін, жаһандану үдерісінде қандай болуым керек?!» деген тақырыптарда педагогикалық шығармаларын белсенділікпен қорғап, жаһандану үдерісіне қалай жауап бере алудың өзіндік жолдарын көрсете білді. Солардың қатарында, Саида Қадырова, Гүлназ Тәженбаева, Жанар Асқарова, Жүніс Байғалиев, Ләззат Дәулетбаева, Мәдина Аманғалиева, Фариза Берікқалиева, Назерке Ғауан, Альбина Жалғасова, Асылжан Назарова, Жарқынай Өтеғалиева, Нұржамал Әбілқас, Айтолқын Шектібаева, Анель Шаймерденова, Әсел Болатова, Жанар Жақыпова, Алтынгүл Аманғалиева, Айнагүл Жолдас, Шынарай Сағынбаева, Нұрбол Сергей, Ұлпан Русланова, Айдана Байеділ, Данагүл Сақтағанова, Ақтоты Хисметова, Арман Абат, Фатима Ғарифоллаева, Мадина Аманғалиева, Жансауле Тағаллемова, Шырайлым Сыналбекова, Мөлдір Ізтелеуова секілді студенттерді айрықша атауға болады.

      Аталмыш мақалада Елбасы бірнеше бағдарламалар мен жобаларды ұсынды. Соның ішінде «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – ерекше маңызды. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс. Бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын» деді. Осыған орай, 2 курс студенттері «Этнопедагогика» пәнінің лектік залында «Біз мақтаныш ететін ұлттық тұлға!» тақырыбындаХалел Досмұхамедов, Дейл Карнеги, Нұрсұлтан Назарбаев, Құсни Айтқалиев, Шоқан Уәлиханов, Димаш Құдайбергенов, Абай Құнанбаев, Вильям Шекспир, Әбіш Кекілбаев, Мұқағали Мақатаев тұлғаларын ғылыми жобаларында қорғаған болатын. Мәселен, Асылзада Омар, Айгерім Бақтыгерейқызы, Елдана Орынбаева, Әсел Болатова, Ару Мырзағалиева, Нұржамал Әбілқас, Асылжан Назарова, Назкен Шамсутдинова, Серік Асқан, Жанар Асқароважеке тұлғаларды бүгінгі жастарға үлгі-өнеге етуде өзіндік педагогикалық шеберліктерін байқата білді.

      Елбасымыз үстіміздегі жылдың өзінде еліміздің экономикалық, саяси және рухани жаңғыруына ерекше мән беріп отыр. Сондықтан еліміздің әрбір азаматы мемлекетіміздің күшті де қуатты болуына сүбелі үлесін қоса білуі қажет. Бүгінгі өскелең жас ұрпақ ұлттық рух пен ұлттық сананы жаңғыртуда болашаққа бағытталған үкілі үміт, асқақ арман, абыройлы парыз деп қана қабылдамай, төл міндет және тегеурінді талап деп ұғынғандары абзал. Ал аймағымыздағы жетекші жоғары оқу орны – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті рухани жаңғыру бағытындағы іргелі істерін жалғастыра беретіндігі даусыз.


        Арайлым БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______     ___     ______    _    _    ______   
       /_   _//   / _ \\  |      \\ | || | || |      \\ 
         | ||    | / \ || |  --  // | || | || |  --  // 
        _| ||    | \_/ || |  --  \\ | \\_/ || |  --  \\ 
       /__//      \___//  |______//  \____//  |______// 
       `--`       `---`   `------`    `---`   `------`  
                                                        
      
       
      Наверх