Новости Атырау - Мунайлы Астана

    19 октябрь 2017, 11:41
      Аймақ 12.05.2017, 12:47 0 пікір 318 просмотров

      «КазТрансАймақ» пен халық арасындағы дау қашан шешіледі?

       Атырау қалалық мәслихаты жанынан құрылған уақытша комиссия мүшелері Атырау қаласындағы газ тұтынушыларға коммуналдық сапалы қызметтерді көрсету жұмыстары бойынша әлеуметтік желі мен ғаламтор арқылы және «Атырау-Коммуналдық қызмет есептеу орталығы» бөлімшелеріне барып талдау жүргізді. Белгілі болғандай, қала тұрғындарының «КазТрансГазАймақ» Атырау өндірістік филиалы және «Атырау-Коммуналдық қызмет есептеу орталығы» мекемелеріне айтар шағымдары мен ұсыныстары көп болып шықты.


      Бұл туралы газ тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету жұмыстарын қадағалау мақсатында Атырау қалалық мәслихаты жанынан құрылған уақытша комиссия отырысында айтылды. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің хабарлауынша, газ құбырларын кесу және қосу «ҚазТрансГазАймақтың» міндетіне кіреді. Алайда, бұл жұмыстарды тұрғындарға «РЦКУ» ЖШС мекемесі заңсыз жүргізіп келген. Жиында табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне аталған заңсыздықтарды тексеру бойынша депутаттар тарапынан ұсыныс берілді. Белгілі болғандай, «ҚазТранГазАймақ» мекемесінің өкілдері тұрғын үйлерге барып, келісім-шартты қалдырып кетеді де, акт жасағаны үшін тұрғынның рұқсатынсыз 4000 теңгені төлем түбіртегіне қосып қояды. Мұндай тексерісті «РЦКУ» ЖШС-гі өткізеді. Бірақ, ешқандай жауапкершілікті өз мойнына алмайды. Мысалы, мекеме тұрғынның 4000 теңгесін алып, тексеріс жүргізгенімен, 3 күннен соң оның есептегіш құралы істен шығып қалса, жаңасын сатып алуына тура келеді. Тұрғындар келісім-шарт үшін төлеген қаржысының қайда кеткенін білмей дал және сол үшін наразы. Бұл мәселені талқыға салған халық қалаулылары әр тұрғынмен акт жасалған кезде келісім-шартта кепілдік мерзімін айқындау қажеттігін ұсынды. Сондай-ақ, комиссия отырысында қаралған тағы бір мәселе - тұрғын үйлерді газ қондырғысынан айыру 11200 теңге, ал  қайта қостыру үшін тағы 11200 теңге тұрғындардың есебінен жүргізілетіндігі жөнінде болды. Газ қондырғысын айыру халықтың қаражатына жасалып жатқандықтан алдын ала жазбаша ескерту берілгенін қалайтын тұрғындар бұл қаражаттың жүйесі қалай есептелетінін, не үшін қымбатқа шығып тұрғанын білгісі келеді. Комиссия мүшелері бұл сауал бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің келісімін алып, іске көшу жөнінде ұсыныс берді. Одан басқа, жиында айтылған мәселелерге тұрғындардың талабы ескеріліп, жеке-жеке ұсыныс жасалды. Бірінші, түбіртекке қосылатын 4000 теңгені алып тастау. Бұған қатысты«КазТрансГазАймақ» мекемесі бес жылда бір рет Есептегіш құралы міндетті түрде тексерістен өту керек деп талап қойып отыр. Мұндай тексерісті («КазТрансГаз Аймактың» тапсырысы бойынша) ТОО «РЦКУ»  4000 теңгеге өткізеді. Бірақ тұрғындардың айтуынша ешқандай жауапкершілік алмайды. Сонда 4000 теңгегетексеріс жүргізілгенімен, істен шыққан есептегіш құралын жаңасына ауыстырған тұрғынғатексеріске төлеген 4000 теңгесін кім қайтарады? Екінші ұсыныс -акт жасалғаннан кейін келісім шартқа кепілдік мерзімін айқындау. Есептегіш құралдар төлқұжатында пайдалануға 8 жыл кепілдеме берілген, ал  «КазТранГазАймақ» мекемесі кепілдеме мерзімінен бұрын 5 жыл сайын газ тұтынушыларға ауыстыруды міндеттейді. Не себептен? Үшінші ұсыныс -газ қондырғысының зауыттан шыққан кепілдік мерзімін айқындау. «РКЦУ» мекемесі кассаларында тұрғындардан терминал үшін қосымша 50 теңге комиссия ұсталады. Өздері жол ақысын төлеп, мекеменің бөлімшесіне келіп төлеп тұрған тұрғындардан кассада отырған кассир сол қаражатты алады. Бұл жерде терминалдан өткізудің қандай қажеттілігі бар? Егер ол терминал мекемеге қажет болса, неге тұрғындардың қаражатына жасалады?Тұрғындардың ұсынысы бойынша сол терминалдарды алып тастап, әр округке бір бөлімше қойып немесе абоненттерді аралап үйіне барып қызмет көрсету керек.Оған қоса, бүгінде «РКЦУ» мекемесінің бақылаушылары үнемі ауысып тұрады. Олар  газ есептегіш құралын тексеріп, көрсеткішті жазып алуға келмейді немесе телефон арқылы жазып алады. Сондықтан қазір тұрғындарға келген түбіртекте есептегіш құралына сәйкес келмейтін қаражат қосып жазып жіберу жиілеп кеткен. Айтпай кетуге болмайтын тағы бір жайт - РЦКУ мекемесініңтөлемақы алатын кассалары қала бойынша тек үш жерде Досмұхамедов көшесі, Алмагүл мөлтек ауданында және Балықшы округінде орналасқан.Төлем жасайтын кассалардың аздығы қала маңындағы селолық округ тұрғындарына қиындық туғызуда. Ал, аталған кассалар сенбі, жексенбі күндері жұмыс істемейтіндіктен, тұрғындардың жұмыс кезінде төлемақы төлеуге уақыты жоқ. Нәтижесінде құзырлы мекеме «қаражат төленген жоқ» деген сылтаумен газ қондырғысын айыру және қосу үшін тұрғындардан қомақты қаражат талап етеді. Осы газ қондырғысын айыру және қайта қосу мәселесі бұрыннан дау болып келе жатқан мәселе. Өйткені, екі қызмет үшін де 11 200 теңге төлейтін тұрғындардың түсінбейтіні - егер бұл «КазТрансГазАймақтың»  жұмысы болса неге газ қондырғысын айыруға тұрғындар ақша төлеу қажет?Оған қоса газ қондырғысын ажырататыны жөнінде ешқандай жазбаша ескертілмейді. 11 200 теңгені қалтасы көтермейтін халық бұл бағаның қайдан шыққанын білмей дал. Сондықтан комиссия мүшелері Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен келісім алу қажеттігін айтады. Ұшы – қиыры жоқ мәселенің бірі – техникалық қызмет көрсету жайы. Жылына бір рет техникалық қызмет көрсететін жұмыстарының төлемақысын түбіртекке көрсетіп, РЦКУ мекемесі ай сайын тұрғындарға төлетеді. Алайда ақшасы ай сайын төленседе, техникалық қызмет жылдап көрсетілмейді. Ұсыныс - бұл қызметтің қаражаты жылына бір рет, қызмет көрсетілгені туралы акт жасалғаннан кейін төлену керек. Сондай-ақ, тұрғындар газ есептегіш құралын тексеру барысында жұмысына 4000 теңге ақы алғанымен, газ мекемесі қызметкерлерінің  фискальді чек бермей, келісім шарт жасамайтындарына наразылық білдіруде. Халықгаз бақылаушыларының есептегіш жасап тұрғанына қарамастан, ақшаны үйдің аумағына қарап есептейтініне де наразы. Мысалы, қала шетіндегі Еркінқала ауылының тұрғынына ақпан - сәуір айлары аралығында пайдаланған газ үшін үйдың алаңына сәйкес 46000 теңгеге есептелген түбіртек берген. Бірақ, анықтау барысында негізгі төлемақы 25000 теңгені құрағаны белгілі болған. Бұл жерде кім кінәлі? Оны анықтап жатқан мекеме бар ма? Кәсіпкерлердің жағдайының да оңып тұрғаны шамалы. Өйткені, жеке кәсіпкерлерден лимит бойынша пайдаланбаған газ үшін алдын ала төлемақы талап етіледі. Осының кесірінен кейбір кәсіпкерлердің жұмысы жүрмей қалады.Бірақ, неліктен заңды тұлғаларға ай сайынғы тапсырыс бойынша берілетін газ көлемі асырып және кем пайдаланса да 10 пайыз ұсталады?Наразы халықтың пікірінше, 10 пайыз немесе алдын ала төлем алуға тыйым салу керек.

      Соңғы жылдары Атырау қаласында құрылыс қарқынды дамып келеді. Жеке тұрғын үй салушылар қатары өте көп. Өкінішке орай, олардың ішінде инфрақұрылым жүргізілмеген аумақтарда отырғандар бар. Жалпы, бүгінде облыста коммуналдық қызметке қосылу бағасы шарықтап кетті. Жаңадан салынған жеке тұрғын үйлердің іске қосу (пусконаладочные работы) жұмыстарының бағасы жыл сайын өсіп тұрады. Мысалы,өткен жылы мұндай жұмыс құны 16100 теңге болса, биылғы жылы 23000 теңгеге қымбаттаған. Мұның себебін түсіне алмаған тұрғындар жоғарыда аталған комиссияға шағымданды. Енді халықтың бар үміті Атырау қалалық мәслихат жанынан құрылған комиссияда. Солардың пәрменімен газ мекемесі мен халықтың арасындағы дау шешіледі деген сенімдеміз.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  _    __   __   __   __    ______   __   __  
       | \| ||  \ \\/ //  \ \\/ //  /_   _//  \ \\/ // 
       |  ' ||   \ ` //    \   //    -| ||-    \   //  
       | .  ||    | ||     / . \\    _| ||_    / . \\  
       |_|\_||    |_||    /_//\_\\  /_____//  /_//\_\\ 
       `-` -`     `-`'    `-`  --`  `-----`   `-`  --` 
                                                       
      
       
      Наверх