Новости Атырау - Мунайлы Астана

    20 октябрь 2017, 20:10
      Аймақ 12.05.2017, 16:44 0 пікір 242 просмотров

      Атырауда алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымымен күресуде

      Бұл жұмыстар облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметімен атқарылып келеді. Мамандардың сөзінше, биылғы жылдың 1- ші тоқсанында аталған сала қызметкерлерімен заңсыз айналымнан барлығы 6260 бөтелке алкоголь өнімдері алынған.


      Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі, профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы Қаһарман ЖӘРДЕМОВТІҢ айтуынша, алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы «көлеңкелі» экономикалық қылмыстардың бір түрі болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Заңына сәйкес, алкогольдік өнімдер акцизделетін тауарға жатады. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын Салық кодексінің 9-тарауында  көрсетілген тауарларға, яғни   спирттің барлық түрлеріне, алкоголь өніміне, темекі бұйымдарына, қыздырылатын темекісі бар өнімдер, электрондық сигареттерде пайдалануға арналған құрамында никотин бар сұйықтыққа, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, шикі мұнай, газ конденсатына, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнімдерге т.б. акциз салынады. Акциз мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексімен бекітілген.

      Акцизді маркалар сондай- ақ, алкоголь өнімінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстардың жасалу пәні ретінде акцизделетін тауарды сипаттаушы болып табылады. Міндетті есепке алу – бақылау маркаларымен  таңбаланатын алкоголь өнімдері мемлекеттік реттеуді қадағалаушы уәкілетті мемлекеттік органдармен бекітіледі.

      Сотқа дейінгі тергеу кезінде акциздік тауарды заңсыз сатумен айналысқан тұлғалар да анықталған. Ол- 1969 жылы туылған Атырау облысының тұрғыны К.С.С есімді азамат болыпты. Аталған азамат 11.04.2017 жылғы Атырау облысы Жылыой аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 233-бабының 2-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, одан қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлік тәркіленіп, оны 1 жыл 6 ай  мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.   

      -       Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен  немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және есепке алу- бақылау маркаларын қолдан жасау, пайдалану нақты залал келтілірген уақытта аяқталған іс-әрекет болып саналады. Қоғамқа қауіпті әрекет пен келтірілген залал арасында себепті байланыстың болуы шарт.

      Сонымен қоса, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрiнеу жалған акциздiк маркаларды және есепке алу- бақылау маркаларын өткiзу мақсатында иемдену, сол сияқты пайдалану немесе өткізу әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.  Есепке алу- бақылау маркасы дегеніміз- алкоголь өнімдерінің (сырадан басқа) айналымына бақылау және есеп жүргізу мақсатында бірдейлендіру үшін қажетті қорғау дәрежесі бар қызғылт түсті жапсырма.

      Осы ретте акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және есепке алу- бақылау маркаларын қолдан жасағандығы және пайдаланғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабымен қылмыстық жауапкершіліктің көзделгендігін айта кеткен жөн,- дейді Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі, профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы Қаһарман ЖӘРДЕМОВ.

      Жоғарыда көрсетілген деректерді ескере отырып, егер де алкоголь өнімінің заңсыз айналымы туралы деректер естілген жағдайда Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметіне 8 (7122) 35-42-09, 35-42-10 телефон нөмірлері арқылы хабарлау сұралады.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _____     _    _    _    _      ___      ______  
      |  __ \\  | || | || | |  | ||   / _ \\   /_____// 
      | |  \ || | || | || | |/\| ||  / //\ \\  `____ `  
      | |__/ || | \\_/ || |  /\  || |  ___  || /___//   
      |_____//   \____//  |_// \_|| |_||  |_|| `__ `    
       -----`     `---`   `-`   `-` `-`   `-`  /_//     
                                               `-`      
      
       
      Наверх