Новости Атырау - Мунайлы Астана

    19 октябрь 2017, 11:37
      Қоғам 16.05.2017, 15:54 0 пікір 268 просмотров

      Қария “крышалы” браконьерлерден арашалауын сұрады

      Исатай ауданында өткен «Нұр Отан»  партиясы аудандық филиалының кезектен тыс конференциясында Аққыстау ауылының тұрғыны Сағынғали қария, Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевқа «крышасы» бар браконьерлердің көп екенін айтып, заңсыздықты жоюды өтінді.


       

      -       Мен өзім браконьер дегендерге қарсымын. Қазір үш браконьердің екеуінің міндетті түрде «крышасы» болады. Олар ұсталса да, әлгі «крышалары» оларды қоя береді. Үш мәшине өтеді, екеуін ұстайды, біреуін тағы қоя береді. Мұның бәрі біздің көз алдымызда болып жатқан жағдай. Ал, осындай әділетсіздікті көрген халық ушығады ғой! – деді ол облыс әкіміне қарата.

      Тұрғынның өтінішіне орай, аймақ басшысы браконьерлермен күрестің әлі де күшейе түсетінін айтты:

      -       Мен ресми түрде айтамын. Біз айтқанымыздан қайтпаймыз. Ешкім сіздерге балық ауламасын демейді. Аулайық, бірақ, жабайылық пен жүгенсіздікке жол бермейік! Балықтың көбеюіне мүмкіндік берейік- біз ретімен ғана шетінен алып отырайық, - деді Нұрлан Ноғаев.

      Облыс әкімі жиын барасында соғыстан кейін азайып қалған балықтың 60-шы жылдары қалай көбейгенін есіне алды.

      -       Соғыс кезінде балықтың бәрін майданға жіберген. Ал, соғыс біткеннен кейінгі 1945- 65 жылдары балық аулауды уақытша тоқтатқан. (Соның арқасында – ред.) 65-ші жылдан кейін балық қаптаған. Кейін тағы да рұқсат берілген. Бүгін сол күн қайта оралып отыр, балық тағы жоқ, - деді ол.

      Еске сала кетейік, балық уылдырық шашатын мезгілде су көлігін жүргізу ережесіндегі өзгерістерге қарсы болған бір топ атыраулықтар биылғы жылдың сәуір айында билік өкілдеріне наразалық танытқан болатын. Себебі, балық қорғаумен айналысатын инспекция су жануарының көбеюіне кедергі болмау үшін моторының қуаты 20 аттың күшінен асатын қайықтарды теңізге шығармай қойған еді. Кейін наразылық танытқан 37 адамның облыс әкімдігінің тікелей қадағалауымен тұрақты жұмысқа орналасқаны белгілі болды.

      Осындай оқиға орын алғаннан соң, бірнеше күн өткеннен кейін заңсыз ауланған 4 тонна балықтың Ресейге өтіп кеткені анықталып, көп ұзамай жергілікті Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтақ инспекциясының басшысы Мұрат Ермекқалидің өз еркімен жұмысынан кету туралы арыз жазғаны тағы белгілі болды.

      Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Атырау облысы аумағындағы Жайық, Қиғаш өзендерін тереңдету жұмысы жүріп жатыр. Аудан тұрғындарын жұмыспен қамту бағытындағы шаралар да күшейе түспек. Мәселен, қазір ауданда 2 мамандық бойынша кәсіптік білім беруді ұйымдастыру жүзеге асырылып жатырған болса, жақын арада колледж ашу мәселесі де жолға қойылған.


       

      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ____       ___     _    _    __   __   _    _   
       |  _ \\    / _ \\  | |  | ||  \ \\/ // | \  / || 
       | |_| ||  / //\ \\ | |/\| ||   \ ` //  |  \/  || 
       | .  //  |  ___  |||  /\  ||    | ||   | .  . || 
       |_|\_\\  |_||  |_|||_// \_||    |_||   |_|\/|_|| 
       `-` --`  `-`   `-` `-`   `-`    `-`'   `-`  `-`  
                                                        
      
       
      Наверх