Новости Атырау - Мунайлы Астана

    17 октябрь 2017, 17:09
      Саясат 17.05.2017, 18:15 0 пікір 333 просмотров

      Сырттан тауар таситындар не істеуге міндетті?

      Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Армения Республикасы, Қырғызстан Республикасы аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттаған кезде салық төлеушілер Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі салық есептіліктерді табыс етуге міндетті екенін хабарлайды.


      Мысалы: егер салық төлеуші осы мамыр айында Ресейдің  Астрахан қаласынан азық-түліктерді сатып алып, Атырау қаласына әкелетін болса, онда ол маусымның 20-на дейін тауар құнынан 12 пайыз көлемінде қосылған құн салығын төлеуге  және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті (328.00 нысаны) табыс етуге, сондай-ақ, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны (320.00 нысаны) табыс етуге міндетті. Ал, қосылған құн салығы 105115 бюджеттік сыныптама кодына төленеді.Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі салық есептіліктер салық төлеушінің орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органына «Салық төлеушілер кабинеті» және «СЕӨЖ» ақпараттық жүйелері арқылы табыс етіледі. Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі салық есептіліктер электронды түрде және қағаз тасығышта немесе электронды түрде табыс етіледі. Мысалы, 320.00 және 328.00 нысандары kgd.gov.kz сайтында орналасқан. Осы орайда салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген міндеттемелерді орындамаған немесе уақытылы орындамаған жағдайда, салық төлеушілерге әкімшілік шаралар қолданылатынын ескергені жөн. Өйткені, өтінішті және декларацияны тапсырмағаны үшін кәсіпкерлік субъектісіне байланысты29730 теңгеден 138740 теңгеге дейін әкімшілік айыппұл қарастырылған. Сондай-ақ, мысалы 500 000 теңге қосылған құн салығын төлемегені үшін 100000 теңгеден 250000 теңгеге дейін әкімшілік айыппұл қарастырылған.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
         _____    ______    _____      ___     _    _   
        / ___//  /_   _//  |__  //    / _ \\  | |  | || 
        \___ \\   -| ||-     / //    / //\ \\ | |/\| || 
        /    //   _| ||_    / //__  |  ___  |||  /\  || 
       /____//   /_____//  /_____|| |_||  |_|||_// \_|| 
      `-----`    `-----`   `-----`  `-`   `-` `-`   `-` 
                                                        
      
       
      Наверх