Новости Атырау - Мунайлы Астана

    21 октябрь 2017, 10:45
      Қоғам 18.05.2017, 16:17 0 пікір 354 просмотров

      Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев азаматтарды тірісінде құрметтеуге шақырды

      Мұнайлы астана- Атырауда өткен белгілі ақын, драматург, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» әдебиеті сыйлығының лауреаты Серік Тұрғынбекұлының 70 жылдық мерейтойына арналған «Өмірге өлең керек» атты ән- жыр кешіне Сәбит Досанов, Ақұштап Бақтыгереева, Қасымхан Бегманов, Бауыржан Халиолла, Бақытгүл Бабаш, Әлия Дәулетбаева сынды ақындар мен Мақпал Жүнісова, Алтынбек Қоразбаев, Айткүл Құдайбергеновтер, сондай- ақ, қазақ ұлттық әндерін орындап жүрген Татьяна Бурмистрова сынды әншілер қатысты.


      Салтанатты шара Серік Тұрғынбекұлының “Мұқағали” драмасымен бастау алып, ақынның ән-жырларымен жалғасты.
      Жиында сөз алған Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өлеңнің адам өміріндегі рөлін ерекше бағалап, ортада жүрген азаматтарды тірісінде құрметтеуге шақырды:
      Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» атты мақаласында аталып өткен межелерге жету үшін атқарып жүрген істеріңіз алдарыңыздан қайтсын. Баршамызды осы игі істердің жанынан табылуға жазсын. Адамның әлдиінен бастап, шығарып салып жатқандағы жоқтауының екі арасында – қызығы да, шыжығы да, ауыртпашылығы да мол қамшының сабындай қысқа өмірде өлең әрқашан қасыңда жүреді. Табиғат берген дарынның арқасында елдің жазушылары, ақындары қоғамның қуанышын да, қайғысын да өлең арқылы жеткізуге тырысады. Арамызда жүрген дарынды азаматтарды әбден кеш болғанда “Әттеген ай, құрмет көрсете алмадық қой» деп, өкініштен бармағымызды тістегенше, тірі кезінде құрметтеп, қолдау көрсетейік, – деді Нұрлан Ноғаев.
      Ақын Сәбит Досанов Атырау өңірінің өнерге деген ерекше ықыласына, қамқорлығына ризашылығын білдіре келіп:
      Ақындары әкімдерін іздесе,
      Ондай елдің маңдай соры бес елі,
      Әкімдері ақындарын іздесе-
      Бақыт нұрын кешеді.
      Атырау өлкесінің қазақтың ұлан- байтақ өлкесінде алатын орны ерекше, – деп өлең жолдарымен лебізін жеткізді.


       

      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _    __   __    _____    _    _     ______  
      | || | ||  \ \\/ //  / ____|| | || | ||  /_   _// 
      | || | ||   \ ` //  / //---`' | || | ||  `-| |,-  
      | \\_/ ||    | ||   \ \\___   | \\_/ ||    | ||   
       \____//     |_||    \_____||  \____//     |_||   
        `---`      `-`'     `----`    `---`      `-`'   
                                                        
      
       
      Наверх