Новости Атырау - Мунайлы Астана

    20 октябрь 2017, 13:04
      Қоғам 22.05.2017, 16:27 0 пікір 332 просмотров

      Батыр мазары басындағы бір күн

      Индер ауданы Жарсуат ауылдық округі Қараой өңіріндегі Махамбет ӨТЕМІСҰЛЫНЫҢ  мазары басында дауылпаз ақынның поэзиясы күні өтіп, онда оқылған өлеңдер жиналғандардың рухын асқақтатты. Республикалық деңгейде өткен шараның мән-мақсаты да осыны көздеген еді.


      Аққұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА, Сәбит ДОСАНОВ, Әнес САРАЙ, Роллан СИСЕНБАЕВ, Мереке ҚҰЛКЕНОВ, Есенғали РАУШАНОВ, Серік ТҰРҒЫНБЕКОВ, Светқали НҰРЖАН, Маржан ЕРШУ, Қасымхан БЕГМАНОВ және республикаға белгілі тағы да басқа ақын-жазушылар мен облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ қатысқан шара кезінде мазар басында дұға оқылып, бет сипасты. Мазар маңына киіз үйлер тігіліп, ішінде ақ дастархандар жайылды, әр бұрышынан көрмелер ұйымдастырылды. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев шараны ашып, сөз сөйлеген соң, өңірге арнайы ат терлетіп келген ақын- жазушылар сөз алып, Махамбет тұлғасын ұлықтап, тарихтан сыр шертіп, өлеңдерін оқыды.

      -       Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында елдің дамуы жолында еңбектенген азаматтарды білу, олардың ерліктерін, атқарған істерін халыққа насихаттау, естен шығармай ұрпаққа жеткізу мәселелері айтылды. Тарих беттерін ақтарып қарасаңыздар, қажет кезде өмір сахнаға елім, жерім, Отаным деп, азаттық жолында жанын пида еткен талай азаматтарды шығарып отырған. Солардың бірегейі Махамбет десек, артық болмайды, – деді аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев.

      Айта кетелік, мұндай шара Атырауда 2003 жылы ЮНЕСКО-ның қолдауымен өткізілген болатын. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, аталмыш шараның бастамашысы болған ақын Қойшығұл Жылқышиевтың идеясымен өткізілген «Махамбет поэзиясы күнін» биылдан бастап жыл сайын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Шара аясында Махамбет сыйлығы тағайындалып, әр түрлі салада озып шыққандарды мараппаттау қолға алынған көрінеді.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______     ___     _    _      ___     _    _   
       /_____//   / _ \\  | || | ||   / _ \\  | |  | || 
       `____ `   | / \ || | || | ||  | / \ || | |/\| || 
       /___//    | \_/ || | \\_/ ||  | \_/ || |  /\  || 
       `__ `      \___//   \____//    \___//  |_// \_|| 
       /_//       `---`     `---`     `---`   `-`   `-` 
       `-`                                              
      
       
      Наверх