Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 9:16
      Аймақ 24.05.2017, 16:09 0 пікір 1092 просмотров

      Атырауда өткен Иран-Ғайыптың республикалық театрлар фестивалі мәресіне жетті

      Атырауда облыс әкімдігінің қолдауымен Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халықаралық «Алаш» және тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлықтарының иегері, ақын- драматург Иран-Ғайыптың 70 жылдық мерейтойына орай республикалық театрлар фестивалі ұйымдастырылды.


      «Мәңгілік елдің алтын адамы» деп аталған театрлар фестиваліне: Семей қаласынан Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры, Алматы қаласынан Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Талдықорған қаласынан Б.Римова атындағы Алматы облыстық драма театры және көршілес Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрлары қатысты. Ауқымды шара өткен жексенбі күні Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театрының әртістері сомдаған «Сүйінбай» эпостық драмасынан бастау алды. Өнер додасына КСРО мемлекеттік, Литва Ұлттық сыйлығының лауреаты, профессор Ионас Вайткустың төрағалығымен және өзге де еліміздің өнер қайраткерлері қазылық етті.

      Фестивальдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Атырау өңірінде көптеген игі шаралар дәстүрлі түрде жүзеге асып келе жатқанына тоқтала келіп:

      -          Бұның барлығы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген тапсырмаларды орындау үшін, яғни еліміздің рухани жаңғырып, санасының өзгеріп, жаһандану процесінде рухани бәсекелестікке де сай болуы үшін атқарылып жатырған жұмыстар. Бұл орайда ел азаматтары: «Көптен күткен ісіміз еді» деп, Елбасыға алғысын жаудырып, құлшынып отыр.

      Жалпы, қай өнердің де өзіндік ерекшелігі бар. Ал, театрдағы шығармашылық- бұл зиялы өнер. Әртістер қауымына қиын да, абыройлы істеріңізде әрқашан табысты болыңыздар дегім келеді. Көпшіліктің көңілінен шыққан қойылымдарыңыз көбейе берсін. Өнер бәйгесіне келгенде ешкім «жеңілемін» деп келмейді. Әр ұжымның өзіндік қалыптасқан бағыты, тәжірибесі бар,- дей келе, өнер мерекесіне сонау Литвадан, Қырғызстаннан және еліміздің оңтүстігі мен шығысынан, орталық Қазақстаннан келген барша өнер майталмандарына ризашылығын білдірді.

      Бұдан кейін аймақ басшысы, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына және фестивальге қонақ болып келген осы органның вице-министрі Ақтоты Рахметоллақызына мәдени шараларды өткізудегі қолдауы үшін ерекше ризашылығын айтты. Өз кезегінде Ақтоты Рахметоллақызы Мәдениет және спорт министрінің мерейтой иесіне жолдаған құттықтауын оқып, фестивалдің ұйымдастырылу сапасын жоғары бағалады.

      -          Атырауым- абыз айбыным. Айнымас алтын қалыбым. Тәу еттім, сенен... Исатай- Махамбетіңнен айналдым... Осы тұрған барлығыңыздан айналдым. Құдайым әруақыт өздеріңізді қолдасын! Мен сіздерге басымды иемін! – деп, мерейтойын тойлап отырған ақын Иран-Ғайып фестивальді ұйымдастырушылар мен бүкіл Атырау жұртына, өнерсүйер қауымға ыстық ықыласын жеткізді.

      Айта кетейік, алдағы уақытта Атырау қаласында Иран-Ғайыптың шығармашылық кеші өтеді деп жоспарланған.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
      __    __    ______   ______    _    _    _    _   
      \ \\ / //  /_   _// |      \\ | || | || | |  | || 
       \ \/ //    -| ||-  |  --  // | || | || | |/\| || 
        \  //     _| ||_  |  --  \\ | \\_/ || |  /\  || 
         \//     /_____// |______//  \____//  |_// \_|| 
          `      `-----`  `------`    `---`   `-`   `-` 
                                                        
      
       
      Наверх