Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 12:26
      Қоғам 24.05.2017, 16:13 0 пікір 300 просмотров

      Жасөспірімдер сарбаздарша жаттықты

      Жуырда Атырау қалалық төтенше жағдайлар басқармасы Бесікті елді мекенінде қаладағы орта мектептердің жоғары сынып оқушыларымен оқу-дала жиынын өткізді.


      Ондағы мақсат - өскелең ұрпақты тәрбиелудегі маңызды міндет саналатын жастардың әскерге деген құрметін қалыптастыру, өздерінің конституциялық міндеттерін түсіндіру. Сондай-ақ, Отан алдындағы борышын лайықты атқару мен рухани, физикалық қасиеттерін қолдануға қабілеттілігін арттыру болды. Өйткені, бүгінде еліміздің жас азаматтарын әскери-патриоттыққа тәрбиелеу - бүгінгі қоғамның рухани өмірді қажет ететін маңызды талабы болып отыр. Аталған шарада балалар үш күн бойы далалықта өмір сүріп, әскери қызметтің қыр-сырын меңгеріп шықты. Жиын бағдарламасында саптық дайындық, оқыс жағдайларда өзін - өзі қорғау, жорықтық тұрмыс, әскери-спорттық тәртіп бойынша сайыс тәрізді шаралар ұйымдастырылды. 700 оқушы қатысқан оқу-дала жиынында аймақта өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кезекшілік жүргізілді. Сонымен қатар,  Атырау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының  қызметкерлері Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының, «БӨАЖҚЖ» ММ және АМО қызметкерлерімен бірлесіп шараға қатысушыларға өрт және су қауіпсіздігінің талаптарын түсіндірді. Әрі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері де айтылды. Атырау қаласының ТЖБ инженері, азаматтық қорғау капитаны Э. Ғұмарованың айтуынша, мұндай шаралардың жеткіншектерге берері, үйретері мол. Өйткені, олар алдағы өмірлерінде осы жиында үйренген қауіпсіздік шараларын сақтайтын болады. Ал, жиынға қатысқан мектеп оқушылары далада өткен жаттығудан үлкен әсер алғанын айтты.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                 _    _    _____     __   __            
          ___   | || | || |  __ \\   \ \\/ //     ___   
         /   || | || | || | |  \ ||   \ ` //     /   || 
        | [] || | \\_/ || | |__/ ||    | ||     | [] || 
         \__ ||  \____//  |_____//     |_||      \__ || 
          -|_||   `---`    -----`      `-`'       -|_|| 
           `-`                                     `-`  
      
       
      Наверх