Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 1:02
      Аймақ 24.05.2017, 16:26 0 пікір 345 просмотров

      Атырауда 39 млн. теңге желге ұшты

      Атырауда қоғамдық көлік мәселесінің шешілер түрі көрінбейді.  Осы уақытқа дейін тұрғындар қалаішілік автобустардың жетіспейтіндігін, олардың арақашықтықты сақтамай, кей аялдамалар арасына аз қатынайтынын, жүргізушілер мен жолақысын алатын кондукторлардың неше түрлі қитұрқы әркеттерге баратынын, қала көшелерінде көліктердің бір-бірімен жарысатынын айтып жиі шағымданып келді. Енді оғанаялдамалардағы автобустың келу, кету уақытын көрсетіп тұратын ақпараттық табло жайы қосылды.


      Айта кетейік, 2015 жылы Атырауда «Интеллектуалды көлік» пилотты жобасы іске қосылған болатын. Нәтижесінде 250 GPS-трекер мен 250 автоинформатор сатып алынып, орталық диспетчерлік қызмет ұйымдастырылды. Сондай-ақ, автобустардың ағымдық мекен-жайы туралы хабардар болу үшін қала тұрғындарына арналған «INFOBUS» мобильдік қосымша іске қосылды. Ал,қала ішіндегі  аялдамаларға жалпы құны 39 млн. теңге болатын 20 ақпараттық табло орнатылды. Олар жергілікті уақытты, ауа температурасын, аялдама атауын және ең бастысы  маршруттар трафигін көрсетуге тиіс болған еді. Бүгінде тұрғындарға бұл таблодан пайда болмай тұр. Қайта арса-арсасы шыққан қаңылтыр бағаналар қаланың сәнін бұзуда. Кезінде қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен келісім шартқа отырып, аталған электронды 20 таблоға қызмет көрсетуге тиіс болған «Akcent» ЖШС-гі «іс бітті, қу кетті» деп тайып тұрған сыңайлы. Қазіргі уақытта оларға қатысты іс сотқа жетті. Бүгінде бұл қызмет түріне тендер жарияланып, басқа мердігер іздестіріліп жатыр. Соңғы жарты жыл бойы қалалық ТКШ бөлімінің жанынан құрылған «Смарт Атырау» КММ-сі қоғамдық көліктегі 79 заң бұзушылықты, соның ішінде, автобус жүргізушілерінің GPS-трекерлерін өз беттерімен ажыратып тастайтындығын анықтапты. Ал, жоғарыда айтылған 250 GPS-трекердің тек 40-ы ғана жұмыс істейді. Мамандар осы механизм үздіксіз жұмыс істегенде ғана, маршруттар трафигін аялдаманың электронды таблосына шығаруға мүмкіндік туатынын айтуда. Саладағы түйткілді мәселе тек мұнымен бітпейтін сияқты. Жақында қала әкімі С.Шапкенов Қоғамдық кеңес отырысында оқушылардың оқу уақытында жол жүру ақысының 50 пайызын төлеуі қажет екендігін көтерді. Тұрғындар үшін бір қиыны бұл мәселе келесі тендер кезінде шарт тізіміне енгізілмекші. Оған қоса, «Интеллектуалдық көлік» жобасындағы электронды билеттеу жүйесі де енгізілмек. Жалпы, осы электронды билеттеу жүйесі айналасында талас көп. Жергілікті әкімшіліктің аттай қалап отырған бұл жүйесі еліміздің тек ірі қалаларында ғана тиімді жүзеге асқан көрінеді. Ал, кішігірім қалалар үшін өте қымбат жүйе саналады. Соған қарамастан, жолаушылар ағымының толық көрінісін алуға, көлеңкелі айналымнан жолақы үшін жиналатын төлемақының едәуір бөлігін шығаруға және жолаушылардың белгілі бір санатына ұсынылатын жеңілдіктерді жабу үшін бюджет қаржысын анағұрлым нақты жоспарлауға мүмкіндік береді деген сеніммен қолданысқа енгізу көзделіп отыр. Әрине, бұл жүйенің қаншалықты атыраулықтар үшін тиімді болғанын уақыт көрсете жатар. Бірақ, қазірдің өзінде қағаз билеттерін енгізу жұмысы сиырқұйымшақтанып кетті. Қағаз билетін қолданғысы келмейтін қоғамдық көлік қызметімен айналысатындар электронды жүйеге қалай қарар екен? Кондукторлардың өзі заң бұзатынын мойындайтын қалалық ТКШ бөлімі тасымалдаушылар қызметін бір ретке келтіре ала ма? Бұл мәселеге біз қайта оралатын боламыз.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _    __   __    _____    _    _   __    __  
      | |  | ||  \ \\/ //  |__  //  | || | || \ \\ / // 
      | |/\| ||   \ ` //     / //   | || | ||  \ \/ //  
      |  /\  ||    | ||     / //__  | \\_/ ||   \  //   
      |_// \_||    |_||    /_____||  \____//     \//    
      `-`   `-`    `-`'    `-----`    `---`       `     
                                                        
      
       
      Наверх