Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 1:08
      Қоғам 31.05.2017, 17:25 0 пікір 357 просмотров

      Атыраудағы алғашқы STEM олимпиада

      27 мамырда «Шеврон» компаниясы және Атырау облысының әкімдігімен серіктестікте Халықаралық жастар қорымен жүзеге асырылып жатқан «Заңғар» инновативті білім беру жобасы аясында алғашқы «STEM Хакатон» олимпиадасы өтті.


      STEM (STEM - Science, Technology, Engineering, and Math) бойынша алғашқы олимпиаданың ұйымдастырушысы Халықаралық жастар қорының жергілікті серіктесі «Bolashak Engineering» компаниясы болып табылады.

      Атырауда «STEM Хакатон» 12 мен 15 жас аралығындағы жастар арасында негізгі 4 бағыт бойынша өткізілді: робототехника, инженерия, бағдарламалау және 3D модельдеу. Іс-шараға Атырау қаласы мектептерінің 60 оқушысы қатысты. Олимпиадаға тіркелу және қатысу тегін, тіркеу «Bolashak Engineering» компаниясының сайтында http://www.bolashak-engr.kz/ жүргізілген болатын. Бірнеше сағат ішінде қатысушылар STEM-ге қатысты өзекті мәселелердің шешімін табу үшін командада жұмыс жасады.  Олимпиаданың жүлдегерлері арнайы дипломдармен марапатталды.

      «STEM Хакатон» ғылым, технологиялар, инженерия және математика салаларына деген жастардың қызығушылығын арттыруға және олардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға бағытталған. Сонымен қатар, бұл іс-шара біздің «Заңғар» жобасының мақсаты мен міндеттеріне толықтай сәйкес келетін техникалық мамандықтарды кеңінен танымалдандыруға және жас ұрпақты кәсіпке бағдарлауға жағдай жасайды», – деді Қазақстан Республикасындағы Халықаралық жастар қоры өкілдігінің бағдарлама менеджері Нұржан Амангосов.

      Еске салсақ, «Заңғар» жобасы – Атырау жастарына арналған инновациялық және интерактивтік бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған «Шеврон» корпорациясының Атырау қаласы жастарын дамыту жобасының бір бөлігі. Бұл бастама жас аралығындағы жастардың өмірлік дағдыларын дамытуды және  ғылым, технология, инженерлік жобалау және математика, яғни STEM салаларында білім беруді көздейді. «Заңғар» жобасының STEM бағыты Халықаралық жастар қорының жергілікті әріптестері «Bolashak Engineering» пен «Sumato Batys» компанияларымен жүзеге асырылуда.


      МА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   _    __   __    ______   __   __            
      | || | ||  \ \\/ //  /_   _//  \ \\/ //   ____    
      | '--' ||   \ ` //   `-| |,-    \ ` //   |    \\  
      | .--. ||    | ||      | ||      | ||    | [] ||  
      |_|| |_||    |_||      |_||      |_||    |  __//  
      `-`  `-`     `-`'      `-`'      `-`'    |_|`-`   
                                               `-`      
      
       
      Наверх