Новости Атырау - Мунайлы Астана

    20 октябрь 2017, 20:13
      Қоғам 05.06.2017, 15:30 0 пікір 294 просмотров

      ХҚКО-дағы ашық есік күні

      Жақында ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының қызметкерлері  Халыққа қызмет көрсету орталықтарының №1, №2, №3 бөлімше ғимараттарында тұрғындарға арналған ашық есік күні акциясын өткізді.


      Акцияның негізгі мақсаты - Елбасының 100 нақты қадамында  тапсырылған міндеттерге сай, комитеттің «Ақпараттық сервис», яғни қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тартылған, іздеуде жүргендер мен сот әрекетке қабілетсіз деп танылғандар туралы ақпарат және апат картасы, қылмыстық құқық бұзушылық картасы, «Айқын» және «Қамқор» жобаларының қосымшасы сияқты жүйелерін азаматтар арасында кеңінен таныстыру болды. Сонымен қатар, прокуратураның азаматтар үшін ашықтығы мен қолжетімділігін түсіндіру, құқықтық сауаттылықты көтеру, заңгерлік кеңес пен көмек көрсету, халықты қабылдау кезінде өзекті мәселелерді сол жерде шешуге бағытталды. Басқарма қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталықтарының барлық бөлімшелерінде операциялық залда кезек күтіп отырған азаматтарға бейнероликтер арқылы комитеттің интернет-ресурсында орналасқан ақпараттық қызметтерін таныстырып және «Qamqor.gov.kz»  сайтының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануды ұсынды.Шара жөнінде ҚР БП құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының аға прокуроры Элмира Насенова:
      -Аталған іс-шара кезінде бөлімшелерден 40-тан астам азаматтарға құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласының сұрақтары бойынша заңға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Соттылық жөнінде анықтама, әкімшілік айыппұл, кәсіпкерлікке қатысты сұрақтар, полиция қызметкеріне арызданғанда берілетін талон реттілігі, автокөліктердің жол көлік оқиғасына қатыстылығын тексеру және тағы басқа мәселелер бойынша сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, бірқатар мәселелер  бойынша өтініштермен қабылданған 40 азаматтың уәждеріне заң аясында ауызша түсіндірме беріліп, кейбір азаматтардан жазбаша өтініштер қабылданды. Сондай-ақ, 4 азаматқа салынған айыппұлдың төленгендігі жөнінде мәліметтерін сайт жүйесінен алуға қол жеткізілді, - дейді.  Басқарма алдағы уақытта осындай шаралардың жиі өткізілуін жоспарлауда.
      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       ______      ___     __   __    ______    _  _   
      |      \\   / _ \\   \ \\/ //  /_   _//  | \| || 
      |  --  //  | / \ ||   \   //    -| ||-   |  ' || 
      |  --  \\  | \_/ ||   / . \\    _| ||_   | .  || 
      |______//   \___//   /_//\_\\  /_____//  |_|\_|| 
      `------`    `---`    `-`  --`  `-----`   `-` -`  
                                                       
      
       
      Наверх