Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 10:17
      Экономика 07.06.2017, 16:42 0 пікір 372 просмотров

      «Заңдылықты бұзса, жұмысын тоқтатамыз»

      Атырау облысында қоршаған ортаға зиянды қалдықтар шығаратын компаниялардың қадамын бақылау мүмкіндігі артты. Аймақта ең озық технологияға негізделген газ анықтағыштар мен жылжымалы зертханалар алынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен қоршаған ортаны қорғау күніне арналған брифингте экология департаментінің басшысы Қабижан ҚАПАНОВ мәлімдеді.


      Ол үшін жергілікті бюджеттен 100 млн теңге жұмсалған. Мамандардың айтуынша, тек өткен жылдың өзінде Атырау аспанына 158 мың тонна зиянды қалдықтар тарағаны дәлелденген. Бірақ, бұл нақты көрсеткіш емес. Себебі, келтірілген залалды дәл анықтау үшін заманауи қондырғылар қажет болған. Салдарынан көптеген мұнай-газ өндіруші компаниялар жауапкершіліктен жалтарып кеткен жағдайлар көп болған.

      Өткен аптаның басында «Теңіз» кен алаңында оқыс оқиға орын алып, күкіртсутегі аралас зиянды газ алаулар арқылы ауаға тарағаны белгілі. Экологтар қазіргі уақытта осы жағдай бойынша құзырлы органдардан құрылған, біріккен комиссия жұмыс істеп жатқанын, алдағы уақытта мұндай келеңсіздікке жол берілмейтінін айтады.

      - Бұған дейін зиянды қалдықтар құрамындағы ластағыш заттардың саны 8-9 ингидрент болып келген. Енді алдағы уақытта оны 25-ке дейін көбейте аламыз. Ол бізге бірінші кезекте жаңағыдай заң бұзушылықтарды дер кезінде анықтау үшін керек.

      Табиғат пайдаланушыларға қарсы қолданатын шаралар да тек айыппұлдармен шектелмейді. Заңдылық өрескел бұзылған жағдайда ол мекеменің жұмысын тоқтатуға дейін құқығымыз бар,- дейді облыстық экология департаментінің басшысы Қабижан ҚАПАНОВ.


      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _    __   __    _  _     _____   __    __  
      | \  / ||  \ \\/ //  | \| ||  |  ___|| \ \\ / // 
      |  \/  ||   \ ` //   |  ' ||  | ||__    \ \/ //  
      | .  . ||    | ||    | .  ||  | ||__     \  //   
      |_|\/|_||    |_||    |_|\_||  |_____||    \//    
      `-`  `-`     `-`'    `-` -`   `-----`      `     
                                                       
      
       
      Наверх